Бағдарлама мақсаты білім алушылардың табиғат туралы қарапайым түсініктерді игеруі, олардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстары туралы түсініктерін жүйелеу


«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі



бет2/2
Дата12.05.2023
өлшемі18,34 Kb.
#92203
түріБағдарламасы
1   2
«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 6-сыныпта – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
2) 7-сыныпта – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
3) 8-сыныпта – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
4) 9-сыныпта – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Жаратылыстану» пәні бойынша бағдарламаға оқу материалдарын құрылымға бөлу негізіне білім алушыларға беріп отырған ақпаратты біртіндеп және ретпен күрделендіруге мүмкіндік беретін сызбалы әдіс салынған. «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) 1-бөлім «Өлі табиғат» (6-сынып);
2) 2-бөлім «Өсімдіктер» (7-сынып);
3) 3-бөлім «Жануарлар» (8-сынып);
4) 4-бөлім «Адам» (9-сынып).
«Өлі табиғат» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) табиғат. Тірі және өлі табиғат;
2) су;
3) ауа;
4) пайдалы қазбалар;
5) топырақ.
«Өсімдіктер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өсімдіктердің көп түрлілігі және оларды қорғау;
2) өсімдік – біртұтас ағза (гүлдейтін өсімдіктермен жалпы таныстыру);
3) өсімдік әлемінің көп түрлігігі: бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер, папоротниктер;
4) Қазақстанның ағаш өсімдіктері;
5) Қазақстанның екпе өсімдіктері;
6) Қазақстанның ауылшаруашылық өсімдіктері;
7) Қазақстанның шөптесін өсімдіктері;
8) сәндік гүл өсімдіктері.
«Жануарлар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жануарлар әлемінің көп түрлілігі;
2) омыртқасыз жануарлар;
3) омыртқалы жануарлар: балықтар; қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар; құстар; сүтқоректілер; ауылшаруашылығы шөппен қоректенетін сүтқоректілер.
«Адам» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) адам – тірі табиғаттың бөлігі;
2) адам ағзасының жалпы ерекшеліктері;
3) тірек пен қозғалыс;
4) ас қорыту;
5) қан және қан айналымы;
6) тыныс алу;
7) зат бөлу;
8) тері;
9) жүйке жүйесі;
10) сезім органдары;
11) көбею мен даму;
12) денсаулықты сақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет