Табиғатты зерттейтін ғылымд ард ың зерттеу
нысанд ары
Қате туралы хабарлау
Қараңғы
режим
Сǝлем, біздің
Daryndy
, бүгін бізбен бірге біліміңізді шыңдағаныңызға қуаныштымыз! Осы жетістігіңізді өз TikTok, Instagram-
ыңызда бөлісіңіз. Бізді белгілеуді ұмытпаңыз, біздің аккаунтымыз @daryn.online :)
Басты бет
Мектеп пǝндері
Жаратылыстану 6-сынып
Табиғатты зерттейтін ғылымдардың зерттеу нысандары
Жаратылыстану 6-сынып
00:01
Платформа
Курстар
ҰБТ
Байқау тесті
Мамандық
Қолданушыларға
Репетитор
Қолданушы келісімшарты
Мақала
Олимпиада
Мұғалімдерге
Daryn Teacher
Халықаралық тесттер
Тегін
Бірлестік
Сыйлықтар
Аккаунтты қалай жоямын?
Мектеп анализі
Оқу мақсаты
Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу
нысандарын баяндау.
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну, қолдану.
Теориялық материалдарға шолу:
Біздің айналамызды қоршаған өлі және тірі табиғат нысандарының кез келгені жаратылыстану
ғылымдарының зерттеу нысаны және пәні болуы мүмкін. Зерттеудің мақсаты: зерттеу нысаны,
зерттеу пәні, зерттеу гипотезасынан тұрады.
Зерттеу нысаны (объект) – зерттеушінің зерттеу мақсатында таңдаған проблемалық жағдайды
туғызатын үдеріс немесе құбылыс.
Зерттеу пәні – ғылыми тұрғыдан қызығушылық танытатын және қарастырылатын нысанның
жан-жақты сипаты мен қасиеті. Мысалы, тау жынысын зерттейтін болсақ, оның тереңдігін,
қалыңдығын қарастырамыз, ал акбөкенді зерттейтін болсақ, жылдық өсімін, Қазақстан
аумағындағы таралымына көңіл бөлеміз.
Нысанды және пәнді зерттегенде зерттеу гипотезасын дұрыс құрастыру қажет. Мысалы:
Қазақстанда ақбөкендердің азаюына жыртқыштардың әсерінен браконьерлердің (заңсыз аң
аулаушылардың) зияны басым деген жорамал бар. Табиғи нысандарды, құбылыстарды және
үдерістерді зерттеуде жаратылыстану ғылымдарының рөлі жоғары. Ғылыми зерттеулердің
негізгі нысаны табиғат болып табылады. Зерттеу нысанына қарай отырып, жаратылыстану
ғылымдарын екі үлкен топқа бөлеміз: тірі және өлі табиғат туралы ғылым.
Жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы.
Жеке ғылымдардың өзіндік ерекшелігі
болғанымен, арасындағы шегара шартты түрде ғана болады. Дәстүрлі жаратылыстану
ғылымдарының торысқан жерінде жаңа ғылымдар пайда болды. Адамға табиғатты, жалпы
қоршаған әлемді зерттеуге астрономия, физика, химия, география, биология, геология, ботаника,
биофизика және т.б. жаратылыстану ғылымдары көмектеседі.
Астрономия – ғарыш әлемі туралы ғылым. Ол аспан денелерінің қозғалысын, шығу тегін және
дамуын зерттейді. Заманауи астрономия ауқымды және күрделі ғылым болғандықтан бөліп
қарастырылады: бір бөлігі ғаламшарларды, екінші бөлігі жұлдыздарды, үшінші бөлігі тек қана
Күнді, төртінші бөлігі Айды зерттейді.
Химия – жаратылыстанудың маңызды және ауқымды саласының бірі. Заттың құрамы,
құрылысы, қасиеті, табиғаттағы айналымы және табиғат заңдылықтары туралы ғылым. Зат
атомдардан тұратын болғандықтан, химиялық байланыстардың нәтижесінде молекулалар
қалыптастыруға қабілетті.
Биологияның зерттеу нысаны – тірі организмдер. Биология тірі организмдердің құрылысын,
қызметін, дамуын, эволюциясын және жер бетінде таралуын, жалпы тіршілік құбылыстарын
зерттейді.
«Физика – табиғат және оның құбылыстары туралы ғылым. Физикада механикалық және
электрлік құбылыстар зерттеледі. Найзағайдың жарқылы, күннің күркіреуі, кемпірқосақтың
пайда болуы, судың қайнауы, бұлттың түзілуі – бұлардың барлығы табиғат құбылыстары.
Жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы тек қана жаңа ғылымдардың пайда болуына
әсер етіп қоймай, ғалымдар дүниенің ғылыми бейнесінің қалыптасу принципіне тереңірек
үңілуге мүмкіндік береді.
+7 775 007 54 41
10:00-19:00
Меню
Курстар Байқау тесті Мақала Олимпиада
Тегін
Сыйлықтар Сұрақ-жауап
Іздеу
KZ
Кіру
Жүктеу
Daryn.online
Қосымшаны жүктеп алыңыз
Оқу-әдістемелік ресурстар:
1. Жаратылыстану, Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық,
Б.Ш.Әбдіманапов, С.Е.Нүркенова, А.Ү.Әбілғалиев, Г.У.Әуезова, Алматы «Атамұра», 2018.
2. Жаратылыстану, Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық, Е.А.Очкур,
Т.Г.Белоусова, Н.А.Паимцева, В.М.Ударцева, Алматы «Мектеп», 2018.
Достарыңызбен бөлісу: |