Бағдарлама мақсаты білім алушылардың табиғат туралы қарапайым түсініктерді игеруі, олардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстары туралы түсініктерін жүйелеу



бет1/2
Дата12.05.2023
өлшемі18,34 Kb.
#92203
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Амандыққызы Ақбота ДФ401 ОСӨЖ 15апта


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

15 ОСӨЖ


Тақырыбы: «Айналадағы әлем», «Жаратылыстану» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Орындаған: Амандыққызы Ақбота


Тобы: Дефектология – 401
Тексерген: Измаева Жансая

2022 - 2023 оқу жыл



Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Айналадағы әлем» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама мақсаты – білім алушылардың табиғат туралы қарапайым түсініктерді игеруі, олардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстары туралы түсініктерін жүйелеу; қоршаған ортадағы құбылыстары мен заттарымен таныстыру негізінде ауызша сөйлеуді дамыту.
Бағдарлама міндеттері:
1) жалпы мен сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету;
2) қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту және байыту;
3) өзге оқу пәндерін игеруге қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру; 4) көріп қабыдау, салыстыру, жалпылау, нақтылау, қарапайым тұжырымдар жасай алу, қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната алу қабілетін дамыту.
Түзете-дамыту міндеттері:
1) білім алушылардың сөздік қорын байыту;
2) әлеуметік дағдыларды қалыптастыру;
3) өзінің және өзге халықтың мәдениеті мен дәстүрін, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды сыйлау сезіміне тәрбиелеу; білім алушыларға табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы қауіпсіздік ережелері мен мінез-құлық нормаларын үйрету.
«Айналадағы әлем» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 0-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 64 сағатты;
2) 1-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты;
3) 2-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
4) 3-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
5) 4-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Бағдарлама мазмұны келесідей бөлімдерді қамтиды:
1) «Мен және қоғам» бөлімі;
2) «Табиғат» бөлімі;
3) «Менің отаным - Қазақстан» бөлімі;
4) «Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» бөлімі.
«Мен және қоғам» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: мен және менің отбасым; мектеп, сынып.
«Табиғат» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) табиғаттағы мерзімдік өзгерістер; 2) тірі табиғат; 3) өлі табиғат.
«Менің отаным - Қазақстан» бөлімі келесідей бөлімшені қамтиды: 1) «Менің отаным – Қазақстан».
«Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» бөлімі келесідей бөлімшені қамтиды: қоршаған орта құбылыстары мен заттарымен таныстырудың негізінде ауызша сөйлеуді дамыту.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларда айналадағы әлем, өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам ағзасының құрылысы мен қызметтері туралы қолжетімді білімдерін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) өлі және тірі табиғаттың негізгі элементтері туралы, сондай-ақ адам ағзасы мен оның денсаулығы туралы білімдерін қалыптастыру;
2) табиғи құбылыстар (жаңбыр, қар, жел, тұман, күз, қыс, көктем, жаз) туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) кейбір өсімдіктерді өсіру және оларды күту дағдылары, үй жануарларына күтім жасау тәсілдерін қалыптастыру;
4) салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығын сақтау және нығайту дағдыларын қалыптастыру;
5) табиғатқа деген қарым-қатынасын қалыптастыру.
Бағдарлама «Айналадағы әлем» пәні шеңберіндегі білім алушылардың бұрынғы дайындығын ескере отырып құрылған. Курсты меңгеру барысында «География» (Қазақстан географиясы, құрлықтар мен мұхиттар географиясы), «Тарих» (Біздің өлкенің тарихы), сондай-ақ ана тілінің, оқу және математиканың курстарымен пәнаралық байланыс орнатылады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер арнайы педагогика қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы оқу әрекетінің арнайы әдістері және тәсілдерімен қамтамасыз етіледі. Ойлау процестерінің енжарлығы, танымдық белсенділіктің төмендігі, ойлау қызметінің жалпылау және абстракциялаудың әлсіздігі, сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі ескеріледі. Білім алушылармен жұмыс барысында еліктеу қабілеттері және сақталған көрнекі-әрекеттік ойлау мүмкіндіктеріне сүйенеді. Тірі және өлі табиғат туралы қалыптасқан түсініктері білім алушылардың мынадай психикалық қызметтерін: қабылдау, есте сақтау, сөйлеу және ойлауды дамыту үшін жағдай жасайды. Бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізу, күш жетерлік қиындықтарды жеңу, ұқыптылық пен дербестік көрсете білуі сияқты тұлғалық қасиеттері қалыптастырылады;
2) оқытудың әлеуметтік-бейімдеу бағыттылығы тұлғаның әлеуметтік бейімсіздігін жеңу немесе азайтуды болжайды. Әлеуметтік өмірге қатысуға қажетті тәртіп нормалары мен өмірлік дағдыларды білім алушылардың меңгеруі бойынша арнайы жұмыс қарастырылады;
3) оқытудағы әрекеттік тәсіл оқыту процесінде педагогтың басшылығымен оқу материалын ұғынуға жағдай жасайтын заттық-тәжірибелік әрекет қолдануды қарастырады. Заттық-тәжірибелік әрекет жоғары психикалық қызметтердің сенсомоторлық негізін дамытады (қабылдау, сөйлеу, ойлау), білім алушылардың өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігін қалпына келтіреді, сонымен қоса білім, біліктер мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Оқу пәнінің мазмұнын меңгеру білім алушылардың бақылау жүргізуі, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауы, тәжірибелер жүргізуі және экскурсияларға қатысуын қарастырады;
4) саралау және жекелеу тәсілі білім алушылардың оқу материалын меңгеру кезінде көрініс табатын вариативті типологиялық ерекшеліктерінің болуымен шартталған және алған білімі, біліктері мен дағдыларының сапасына әсер етеді. Білім беру процесі 4 типологиялық топты (В.В. Воронкова бойынша) қосатын педагогикалық топтастыру негізінде іске асырылады. Білім алушылардың әрбір типологиялық тобына педагог білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес күрделілігі мен көлемінің қолжетімділігін ескере отырып, оқу материалының мазмұнын таңдайды. Оқу жұмысының жылдамдығы, білім алушының дербестік дәрежесі, оқыту әдістері мен тәсілдері түрленеді. Білім алушыларды топтарға бөлу шартты және қозғалмалы. Саралау тәсілі оқытуды жекешелендірумен толықтырылады;
5) оқу-танымдық және практикалық әрекетке арнайы педагогикалық басшылық ету қажеттілігі танымдық белсенділігінің төмендігі, ойлау қызметінің талдау және жалпылау әлсіздігімен шартталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет