To have / to have got – біздің бір затқа иелік ететіндігімізді, бізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have got сөздері қолданылады.
To have арқылы бізге тиесілі заттар мен біз істейтін әрекеттерді түсіндіруге болады.
Осы шақ
|
Өткен шақ
|
Келер шақ
|
I have
You have
Hе (She, It) has We have
You have
They have
|
had
|
shall have
will have
|
To have got сөзін тек қана бір заттың бізге тиесілі екендігін айту үшін қолданасыз.
Болымды сөйлем
|
Болымсыз сөйлем
|
Сұраулы сөйлем
|
I have got-I've got
She has got - she's got
He has got - he's got
It has got - it's got
We have got - we've got
You have got- you've got
They have got-they've got
|
I have not got - I haven't got
She has not got - she hasn't got
He has not go- he hasn't got
It has not got - it hasn't got
We have not got - we haven't got
You have not got -you haven't got
They have not got-they haven't got
|
Have I got ?
Has she got?
Has he got?
Has it got?
Have we got?
Have you got?
Have they got?
|
Болымсыз түрінің жасалу жолы сөйлемде have немесе has етістіктерінен кейін not шылауы келеді, яғни I have not/ I have not got
Сұраулы формасы 2 түрлі жасалынады.
Present Simple шағына тән тәсілі арқылы: Do you have a cat? Does he have a cat?, немесе have / has етістігі бастауыштың алдына қойылады. Have you got a cat? Has he got a cat?
There is /there are – ағылшын тілінде бір заттың бар екендігін сипаттау үшін тіркесі қолданылады. There is –жекеше түрі, there are – көпше түрі.
Болымсыз түрінің жасалу жолы сөйлемде there is немесе there are тіркестерінен кейін not шылауы келеді. Өткен шаққа there was/there were деп ауысады.
Сұраулы формасы to be етістігі there алдына шығып кетеді.
Used to do - ағылшын тілінде бұрын үнемі істеген іс- әрекеттерді, қазіргі шақта ол іс-әрекеттерді жасалынбайтындығын білдіру үшін қолданылыды.
Өткен шақта
|
Осы шақта
|
He used to work in a shop.
She used to watch a lot of video.
We used to be married.
There used to be a cinema here.
|
Now he works in a bank.
Now she doesn't watch much video.
Now we are divorced.
Now there is a supermarket here.
|
Достарыңызбен бөлісу: |