Бағдарламасы ( 28 тамыз 2017 жыл №1 хаттама бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізілді.)



бет3/12
Дата28.02.2023
өлшемі60,71 Kb.
#70433
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мектепті дамыту жоспары

МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ:


«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптілділік пен функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып,оқушылардың білімдерін критериалды бағалау енгізу арқылы жетілдіру »
Мектеп ұжымының 2017-2021 оқу жылына жоспарлаған мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:

1

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы сәуір айындағы«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында және білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыруда білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын анықтау

2

Білім беру мазмұнын жаңартуда педагог мамандардың кәсіби қалыптасуын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу

3

Білім беру ұйымдағы инновациялық үдерістерді белсендіру мен қолдаудағы әдістемелік қызметтің рөлін күшейту

4

Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын ендіруге байланысты іс –шаралар жоспарын жүзеге асыру

5

Оқу процесінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басты бағыт ретінде пайдалана отырып, оқытудың заманауи үлгісін қалыптастыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу;

6

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын басшылыққа алу;

Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін, әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

  3. Оқушылардың білім сапасын арттыру, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмысында жүйелі дайындаудың әдіс – тәсілдерін жетілдіру;

  4. Үштілде оқыту үдерісін енгізу және дамытуға байланысты кешенді іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру;

  5. Оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертуде педагог мамандардың кәсіби өздік білімдерін көтеру мақсатында әдістемелік қызметтің, пән бірлестіктерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби педагогикалық шеберлікпен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогтардың

  6. біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру;

  7. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларын сабаққа қатысуына бақылауды күшейту,

  8. «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциялары жұмыстарын жалғастыру;

  9. Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауы негізінде Қазақстандық патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, құқығымен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу жұмыстарын жандандыру;

  10. Инновациялық технологияларды меңгеруге, жаңартылған оқу бағдарламаларын (ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік, материалдық- техникалық, нормативтік) жүзеге асыруға жағдай туғызу;

  11. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістері мен түрлерін жетілдіру;

  12. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында олардың қызығушылығына орай түрлі үйірмелерге тарту жұмысын жандандыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет