Бағдарламасы 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі95,46 Kb.
#13419
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жұмыс оқу бағдарламасы ПЕД 2018


1. Алғы сөз

Жасалынған жұмыс оқу бағдарламасы 0105013 – «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.

Жұмыс бағдарламасы пән мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды іске асыруға арналған және мамандық бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу уақытының жалпы көлемі 164 сағат, оның ішінде:

теориялық – 98сағат,

практикалық – 36 сағат,

курстық жұмыс - 30 сағат.

1 курста –50 сағат,

2 курста – 64 сағат,

3 курста – 50 сағат.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», – делінген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.

«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.

Осы орайда бұл жұмыс бағдарламасымен мамандар дайындаудың деңгейі мен пәннің мазмұнына қойылған мемлекеттік талаптарын жүзеге асыруға болады.

Бағдарлама болашақ мамандар жеткілікті білім алып, оны іс жүзінде қолдана білуге байланысты жасалған.

Бағдарламаның мазмұнында педагогиканың жалпы мәселелері, тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері, тәрбиенің құрамды бөліктері, оқыту мен білім беру мазмұны, мектеп жұмысын басқарудың ғылыми-әдіснамалық негіздері қарастырылған.

Жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру барысында таратылатын материалдар; кестелер, оқу бейне фильмдерді, мультимедиялық слайдтарды және әдістемелік оқу құралдарын қолдану ұсынылады.

Жұмыс оқу бағдарламасы төмендегі оқу құралдары мен оқулықтарды басшылыққа ала отырып жасалынды:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет