Ұзақ мерзімді жоспардың қандай ерекшеліктерін байқадыңыздар?
1-күн, 2-сабақ. Спиральді білім беру бағдарламасы
Оқушылар пәнді әртүрлі деңгейлерде қайталап зерделейді, әр деңгей алдыңғы деңгейге қарағанда күрделене береді және анағұрлым терең зерттейді.
Тақырыптар тоқсан сайын қайта қаралады.
Кейбір оқу мақсаттары тоқсанына бір реттен көбірек қаралады.
Спиральді білім беру бағдарламасының артықшылықтары қандай?
Пәнаралық тақырыптар да оқушыларға анағұрлым күрделі идеялар туралы түсінік қалыптастыру үшін алып жатқан білімін алдыңғы біліміне негіздеуге мүмкіндік береді.
1-күн, 2-сабақ. Орта мерзімді жоспар
Шағын топтарда
1-бөлімге арналған орта мерзімді жоспарды талдау.
Ол бөлімнің оқу бағдарламасының өздері 1-сабақта талдаған бөлімімен қалай үйлесетіні туралы қысқа таныстырылым дайындайды.
1-күн, 3-сабақ. «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы: қысқа мерзімді жоспар. Сабақ мақсаттары
Оқу жоспарында ұсынылған сабақ жоспарының шаблонымен таныстыруды қалай бастауды білу.
Мұғалімдердің сабақта орындалатын жаттығуларға сәйкес келуі үшін оқу мақсаттарын оңтайландыру қабілетін дамыту жолдарын білу.
Мұғалімдердің музыкадағы тілдік мақсаттарды түсінуін қалыптастыру жолдарын білу.
Мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты бастапқы алаңдаушылықтарын басу жолдарын білу.
1-күн, 3-сабақ. Қысқа мерзімді жоспар (1)
Топтық жұмыс
Оқу жоспарының қысқа мерзімды жоспар атты бөліміне назар аудару:
Неліктен сабақ жоспарында оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары жеке берілген?
Сабақ мақсаты неге үш бөлімге бөлінген?
Жұппен
Сабақ жоспарындағы оқу мақсаты мен сабақ мақсатын талдап, талқылайды.
Шағын топтарда
Тыңдаушылар 1-бөлімнен алынған жаттығу(лар)дың мақсаттарын жазады.