Бағдарламасы 1 тарау. Жалпы ережелер



бет2/4
Дата04.11.2022
өлшемі275,5 Kb.
#47604
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив матем

2 - тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

  1. «Математика» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы білім беру қағидаларына негізделіп, білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделеді.

  2. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты оқу іс-әрекетінің арнайы әдістерімен және тәсілдерімен қамтамасыз етіледі, ескеріледі: ойлау процестерінің инерттілігі, танымдық белсенділігінің төмендігі, жалпылама және абстракты ойлау функциясының әлсіздігі, сөйлеу дамуының кешеуілдеулігі.

  3. Білім алушылармен жұмыс барысында олардың еліктеушілігіне, көрнекі-әрекеттік ойлаудың сақталған мүмкіндіктеріне сүйенеді.

  4. Математиканы оқыту білім алушылардың қабылдау, есте сақтау, сөйлеу тілі, ойлау сияқты психикалық функцияларын дамытып, бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізу, қиындықтарды жеңу, ұқыптылық пен дербестікті көрсету біліктілігін қалыптастырады.

  5. Оқытудың әлеуметтік-бейімдеу бағыты тұлғаның әлеуметтік бейімсізденуін жоюды немесе азайтуды көздейді:

  1. мінез-құлық нормаларын, өмірлік дағдыларды қалыптастыру;

  2. қарапайым қарым-қатынастық және тұрмыстық дағдыларын дамыту;

  3. әлеуметтік дағдыларды, көзқарастарды, пікірлерді қалыптастыру.

  1. Іс-әрекеттік тұғыры сабақта педагогтың жетекшілігімен орындалатын оқушылардың заттық-тәжірибелік әрекетін көздейді:

  1. оқу материалын түсіну үшін жағдай жасау;

  2. математикалық қатынастардың, арифметикалық амалдардың мәнін нақтылау;

  3. жоғары психикалық функциялардың (қабылдау, сөйлеу, ойлау) сенсомоторлы негізін дамытуға ықпал ету;

  4. білім алушылардың өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігін өтеу.

  1. Жеке және саралап оқыту тәсілі қағидасы оқу материалын меңгеру кезінде байқалатын білім алушылардың вариативті типологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады және олардың білім, білік, дағдылардың менгеруінің сапасына әсер етеді.

  2. Саралап оқыту барысында мұғалім білім алушылардың түрлі типологиялық топтары үшін оқу материалының әр түрлі көлемі мен күрделілігін, білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындау дербестік дәрежесін, көрнекі- дидактикалық материалдардың түрлерін қолданады.

  3. Педагог білім алушылардың танымдық әрекетін басқара отырып, талдау, жинақтау, салыстыру және жалпылау жасауға, қажетті қорытындылар мен ой-пікірлер білдіруге, білім алушыларды өздерінің тәжірибелік іс-әрекеттері туралы айтып беруіне ықпал етеді.

  4. Абстрактілі математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде мұғалім көрнекі материалдарға сүйенеді:

  1. бастапқы кезеңде шынайы көрнекілтерді пайдаланады;

  2. келесі кезеңдерде иллюстрациялық материалдар ұсынады;

  3. әрі қарай шартты көрнекілікті пайдаланады: санау таяқшалары, абактар, есепшоттар;

  4. соңғы кезеңде сызба түріндегі көрнекіліктерді (сызбалар, суреттер, кестелер) және сандар мен таңбаларды пайдалана отырып математикалық жазбаларды ұсынады.

  1. Әр математика сабағында қайталауға уақыт беріледі:

  1. әр сабақта қайталау материалын педагог дербес анықтайды;

  2. қайталау материалы жаңа тақырыпқа құрама бөлігі ретінде кіреді.

  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалаумен жүзеге асады.

  2. Деңгейлік мақсаттарға сәйкес әзірленген тапсырмалар мен жаттығулар бағалаудың құралы болып есептеледі.

  3. Оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру нәтижелерін тікелей мұғалім бағалайды, жүйелі түрде бақылау-бағалау әрекеттерін жүзеге асырады.

  4. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ бойынша), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде іске асырылады.

  5. Ағымдық бақылау оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдау мақсатында жүргізіледі; педагог сабақта білім алушылардың қызметін бақылауды, практикалық және дербес жұмыстарды, ұжымдық қызмет түрлерін талдауды пайдаланады.

  6. Кезеңдік (тақырыптық) бақылау әр типологиялық топтағы білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі түрлі мүмкіндіктері ескеріле отырып, тақырыптың, тараудың аяғында жүргізіледі.

  7. Әр білім алушының оқу жетістіктері мен даму динамикасын талдау мақсатында тоқсанның, жылдың аяғында қорытынды бақылау жүргізіліп, жетістіктері оқу картасына енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет