Бөлім
|
7-бөлім Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу
|
Педагогтың аты-жөні
|
Ш. Маннапов
|
Күні
|
11.04.2022
|
Сынып
|
9 «Ә»
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер (Волейбол, допты ойынға қосу түрлері)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
9.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын бағалау
|
Сабақтың мақсаты
|
Салауатты өмір салтының денсаулыққа әсер етуін түсіну
Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын түсіндіру
|
|
Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын талқылайды және баяндайды
Салауатты өмір салтының өзінің денсаулығына әсер етуін түсінеді
|
Сабақтың уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы 15
|
Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.
Жүгіру жаттығулары.
Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Ысқырық,
Волейбол добы
|
Ортасы 25
|
Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.Дұрыс тұра білу- жаңа басталған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігіне тізеден бүгілген күйінде кеуде ілгері кеңейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгілііп, бір – біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты өзгертіліп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.
Волейболшылар алаңға қосылғанда адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.
Допты төменнен тіке ойынға қосу.Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады. Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.
|
Техника қауіпсіздігін сақтайды.
Саптық жттығуларды біледі
-Бөліну әдістері кезінде қателіктер жібереді..
-Сапта жаттығуды толық жасай алмайды
-Оқушылар қауіпсіздікті сақтайды. -Сапта ара-қашықтық сақтамайды
-Жаттығу барысында қателіктер жібереді.
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
|
|
Сабақтың соңы 5
|
Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
|
|
Рефлексия парағы
|