Бағдарламасы 1 тарау. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата04.11.2022
өлшемі275,5 Kb.
#47604
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив матем






Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «5» ақпандағы
№ 51 бұйрығына 9-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 554 -қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
бастауыш білім беру деңгейінің 0 - 4 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Жалпы ережелер



  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы

6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  1. Бағдарлама мақсаты – білім алушыларда әлеуметтік бейімделуіне және дербес еңбек қызметіне дайындалуына ықпал ететін математикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.

  2. Бағдарлама міндеттері:

  1. білім алушыларда тұрмыстық жағдайларда дербес болуға, шаруашылық-еңбек қызметін және қолжетімді мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін математикалық білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру;

  2. білім алушыларда жағымды эмоционалдық-ерік және жеке қасиеттерді қалыптастыру;

  3. оқушылардың тілін дамыту, оны арнайы математикалық терминдермен және ұғымдармен байыту;

  4. есептерді шешу, геометриялық сызбаларды құрастыру туралы толық ауызша есеп беруге, өз қызметіне түсінік беруге үйрету.

  1. Түзете-дамыту міндеттері:

  1. сабақтарға деген қызығушылықты, басқа білім алушылар мен ересектер арасындағы өзара байланыс жасай білуді дамыту;

  2. білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін барынша өтеуге ықпал ету;

  3. білім алушылардың көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлауын, ойлау операцияларын (талдау, салыстыру, жалпылау, жіктеу) дамыту;

  1. дербестікті, ұқыптылықты, жауапкершілікті дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет