әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған
тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII
ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен
өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып,
оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан
деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол
өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат
мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен
болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім
абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан,
таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып
келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты
сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал
абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша
орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның
ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы
ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске,
одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі
сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей,
каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз.
Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың
сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен
нақтылыққа
ұмтылады.
Нақтылық
дегеніміз-көптеген
анықтамалардың
синтезі,
көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи,
ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі
абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі
принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.
Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен
зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух
феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының
«ақиқаттың қайнар көзі және жасырын сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана,
өзіндік сана, рух, абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді.
Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам
өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке
индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп,
қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің,
тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы
Достарыңызбен бөлісу: