Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі
мен оны
ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.
Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең
таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-
тендік қатынасты ашуда табиғатты
негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.
Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен
субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен
шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік
негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік
шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным
болатын. Егер Гегель табиғатты
идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық
ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау
процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз.
Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің
философиясында
болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя
екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы
философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII
ғасырлардағы
философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах
оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса,
біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай
мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей.
Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен
кеңістікке де айрықша көңіл
бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың,
сондай-ақ, ойлаудың түп
тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі
ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.
9-дәріс. XIX ғ. Екінші жартысындағы батысеуропа мәдениетіндегі философиясы
Достарыңызбен бөлісу: