Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «5» ақпандағы
№ 51 бұйрығына 9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 554 -қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
бастауыш білім беру деңгейінің 0 - 4 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Жалпы ережелер
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама мақсаты – білім алушыларда әлеуметтік бейімделуіне және дербес еңбек қызметіне дайындалуына ықпал ететін математикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.
Бағдарлама міндеттері:
білім алушыларда тұрмыстық жағдайларда дербес болуға, шаруашылық-еңбек қызметін және қолжетімді мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін математикалық білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру;
білім алушыларда жағымды эмоционалдық-ерік және жеке қасиеттерді қалыптастыру;
оқушылардың тілін дамыту, оны арнайы математикалық терминдермен және ұғымдармен байыту;
есептерді шешу, геометриялық сызбаларды құрастыру туралы толық ауызша есеп беруге, өз қызметіне түсінік беруге үйрету.
Түзете-дамыту міндеттері:
сабақтарға деген қызығушылықты, басқа білім алушылар мен ересектер арасындағы өзара байланыс жасай білуді дамыту;
білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін барынша өтеуге ықпал ету;
білім алушылардың көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлауын, ойлау операцияларын (талдау, салыстыру, жалпылау, жіктеу) дамыту;