Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі61,93 Kb.
#131555
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 469 бұйрығына 78-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 518-қосымша

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған сыныптары үшін «Математика» пәнінен


жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер




  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-10 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың әлеуметтік бейімделуіне және оларды дербес еңбек әрекетіне даярлауға ықпал ететін, қолжетімді математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

  3. Математиканы оқыту міндеттері:

  1. білім алушыларға тұрмыстық жағдайларда дербес болуға, шаруашылық-еңбек әрекеті және қолжетімді кәсіпті меңгеруге мүмкіндік беретін математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру;

  2. білім алушылардың танымдық әрекетіндегі олқылықтардың орнын толтыруға ықпал ету, олардың жағымды эмоционалды-ерікті және тұлғалық сапаларын қалыптастыру;

  3. білім алушылардың тілін дамыту, оны арнайы математикалық терминдер және ұғымдармен байыту, өздік әрекетін түсіндіруге үйрету, тапсырмаларды шешу, геометриялық құрылымды орындау туралы сөздік есеп беру;

  4. оқушылардың көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлауы мен ойлау операцияларын (талдау, салыстыру, жалпылау және жіктеу) дамыту;

  5. оқу сабақтарына қызығушылықтарын дамыту, құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесу біліктілігін дамыту.



2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер


  1. Құндылықты-бағдарлы, әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, коммуникативті тәсілдер оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, Бағдарламаның жаңа құрылымында көрініс тапты.

  2. Оқыту процесінің негізгі талабы ретінде білім алушылардың пәндік білімдері, әлеуметтік және коммуникативті дағдылары, тұлғалық сапаларын меңгеруге ықпал ететін белсенді әрекетін ұйымдастыру болып табылады.

  3. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді жүзеге асыру, білім беру процесінің барлық қатысушыларының ынтымақтастығының алғышарттарын құрайтын, оқытудың интербелсенді әдістерін қолдануды көздейді.

  4. Бағдарлама аймақтық сипаттағы (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) материалдарды қолдануға бағдарланған оқу әрекетін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Оқу-тәрбие сипатындағы жобалау әрекеті педагогтың басшылығымен ата-аналармен серіктестікте жүзеге асырылады.

  5. Математика пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруды жүзеге асыруға бағытталған арнайы педагогикалық принциптеріне негізделген.

  6. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың түзете- дамытушы бағыты оқу және оқыту әрекетінің арнайы әдістері мен тәсілдері арқылы қамтамасыз етіледі. Ойлау процестерінің енжарлығы, төмен танымдық белсенділік, ойлаудың жалпылау және абстракциялау қызметтерінің әлсіздігі, сөйлеу тілі дамуындағы ауытқулар ескеріледі. Оқушылармен жұмыс барысында олардың еліктеу қабілеттері және көрнекі-әрекеттік ойлауының сақтау мүмкіндіктеріне сүйенеді. Математиканы оқыту, білім алушылардың қабылдау, есте сақтау, сөйлеу және ойлау сияқты психикалық қызметтерін дамыту үшін жағдайлар жасайды. Басталған жұмысты соңына дейін аяқтау, күш жетерлік қиындықтарды жеңу, ұқыптылық пен дербестікті көрсету біліктілігін қалыптастыруға болады.

  7. Оқытудың әлеуметтік-бейімдеуші бағыттағы принципі тұлғаның әлеуметтік дезадаптациясын жоюды көздейді. Білім алушылардың әлеуметтік өмірге қатысу үшін қажетті мінез-құлық нормаларын меңгеру бойынша арнайы жұмыс қамтылады.

  8. Білім алу құралдары ретіндегі ойлау, сөйлеу тілі және коммуникацияны дамыту принципі оқыту және әлеуметтендірудің табысты болуын қамтамасыз ету үшін білім алушылардың сөйлеу тілі, ойлау және қарым-қатынасты дамытудағы қиындықтарының орнын толтыруды қарастырады.

  9. Әрекеттік тәсіл принципі білім алушыларды оқыту барысында заттық- практикалық әрекетті жоғары психикалық қызметтердің (қабылдау, сөйлеу, ойлау) сенсомоторлы негізі ретінде қолдануды қамтамасыз етеді, білім алушылардың өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінің орнын толтырады.

  10. Дифференциалды және жеке-даралық тәсіл принципі оқу материалын меңгеруде көрінетін және меңгерілетін білім, білік және дағдылардың сапасына әсер ететін, вариативті типологиялық ерекшеліктердің болуымен негізделген. Білім беру процесі 4 типологиялық топтарды (В.В. Воронкова бойынша) қамтитын педагогикалық жіктеу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушылардың әрбір типологиялық топтары үшін педагог қолжетімді күрделілік пен көлемді есепке алып, білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалының мазмұнын іріктейді. Оқу жұмысының қарқындылығы, білім алушылардың өздік дәрежесі, оқыту әдістері мен тәсілдері түрлендіріледі. Оқушылар топтарға шартты және қозғалмалы түрде бөлінеді. Дифференциалды тәсіл оқытуды дараландырумен толықтырылады.

  11. Арнайы педагогикалық басқарудың қажеттілігі принципі. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу-танымдық әрекеті қиындатылған жағдайда педагог оқу тапсырмасының табысты орындалуын қамтамасыз ету үшін білім алушылардың әрекетінің жетілмеген компоненті қызметін атқарады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға математиканы оқыту процесінде арнайы педагогикалық басқарудың психологиялық негізі ретінде П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы алынады.

  12. Педагогикалық міндеттер математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда арнайы әдістемелік принциптер негізінде шешіледі. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға жаңа материал аз көлемде беріледі, бұл абстрактілі математикалық ұғымдардың мәнін түсіну бойынша жеткіліксіз зияткерлік ресурстарымен, білім алушылардың зияткерлік қажудың жоғары болуымен шартталады.

  13. 5-10 сыныптарда абстрактілі математикалық ұғымдарды қалыптастыруда көрнекі материал және онымен заттық-практикалық әрекет қолданылады. Бұл үлестер мен бөлшектердің қажетті нақты бейнелерін құру, олармен әрекет ету және қайта құру, геометриялық пішіндердің ауданын өлшеу бірліктерін және геометриялық денелердің көлемін құру мен жылдамдық туралы ұғымдарды құруға ықпал етеді.

  14. Педагог білім алушылардың сабақтағы практикалық және ақыл-ой жұмысын басқара отырып, оларды өздерінің практикалық немесе ақыл-ой әрекеттері туралы әңгімелеуге ынталандырады. Сөйлеу тілі мен әрекеттің үйлесімі әртүрлі жүзеге асырылады:

  1. практикалық немесе ақыл-ой әрекеттері, ұғымдарды қалыптастырудың бірінші сатысында сөйлеу тапсырманы үнсіз орындаудан кейін жүзеге асырылады. Білім алушылар алдымен мұғалімнің бағыттаушы сұрақтарына жауап береді. Сұрақтардың саны біртіндеп азая береді;

  2. оқытылатын оқу материалын өңдеудің екінші сатысында білім алушылар өзінің әрекеттерін түсіндіре білуге үйренеді;

  3. дағдыны қалыптастырудың үшінші сатысында білім алушы алдымен

тапсырманы қалай орындайтыны (есепті шығару, сызба орындау) туралы айтады, және содан соң жұмысты орындайды. Бұл тәсіл ойлаудың дамыған жоспарлаушы қызметіне және тілдік дамудың жақсы деңгейіне, қажетті математикалық терминологияны меңгеруге сүйенеді. Педагог білім алушыларға осындай оқу тапсырмаларын ұсына отырып, олардың жеке-дара мүмкіндіктерін есепке алады.

  1. Білім алушылардың жаңа оқу материалын меңгеру процесін жеңілдету үшін «озып кету» педагогикалық стратегиясы қолданылады. Бұл білім алушыларды аса күрделі математикалық материалды қабылдау және меңгеруге бірте-бірте даярлау болып табылады. Дайындық жаттығулары нәтижесінде қалыптасатын дағдылар жаңа ұғымның құрамына енеді. «Озып кету» педагогикалық стратегиясы математика курсының бірқатар тақырыптарына қатысты бағдарламада қамтылған.

  2. Оқытылған материалды үздіксіз қайталау және бекітудің қажеттілігі меңгерілген білім мен дағдылардың тез ұмытылуымен түсіндіріледі. Математиканың әрбір сабағында қайталау үшін уақыт бөлінеді. Педагог өз бетімен қайталау ретінде сабаққа қандай материалды енгізудің қажеттілігін анықтайды. Бұл таңдау сынып оқушыларының оқу материалын меңгеру ерекшеліктерімен анықталады. Жаңа тақырыптың негізі болып саналатын материалды қайталау міндетті болып саналады. Бірінші тоқсандағы оқу процесі қайталаудан басталады.

  3. Жаңа оқу материалын индуктивті тәсіл арқылы ұсыну қажет, яғни нақты деректерді қарастырудан бастап, жалпыланған қасиетті немесе ұғымды түсіндіруге қарай құрған жөн.

  4. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар қалыптастырылатын ұғымдарды басқа, ұқсас, қарама-қарсы ұғымдардан айрықшалайтын маңызды белгілерін анықтауда қиналады және ұғымдарды ұқсастыруға бейім болады. Оқыту процесінде педагог салыстыру, теңестіру және қарама-қарсы қою тәсілдерін қолданып, жаңа материалды меңгерудегі олқылықтардың алдын алады.

  5. Математика сабақтарының оқу пәндерімен пәнаралық байланысы болады. Математиканың кәсіптік еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтарымен байланысы маңызды. Математика сабақтарында әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау сабақтарында қарастырылатын, кәсіптік-еңбек мазмұны мен жағдаятындағы оқу материалына қатысты «озып кету» жүзеге асырылады. Сабақтарда аталған пәндердің бағдарламалық мазмұнында қарастырылған кәсіптік және тұрмыстық мазмұндағы тапсырмалар және жағдаяттық тапсырмалар қолданылады.

  6. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау процесіне қойылатын талаптар ізгіліктендіру идеяларына сәйкес қабылданған.

  7. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың математика пәні бойынша оқу материалын меңгеру нәтижелерін бағалау нормалары, мақсатты тұжырымдауға негізделген және білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру және бағалауын ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдерді жүзеге асыруға бағытталған.

  8. Бағалаушы құралдар ретінде біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жаттығулар алынады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалауда тестілеу қолданылмайды.

  9. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаны меңгеру нәтижелері білім беру процесі барысында бағаланады. Педагогтар жүйелі түрде бақылаушы бағалаушы әрекеттерді жүзеге асырады.

  10. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ), мерзімді (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүзеге асырылады.

  11. Ағымдық бақылау білім алушылардың сабақтағы әрекетін бақылау, практикалық және өзіндік жұмыстарын талдау және әрекеттің ұжымдық түрлерін талдау арқылы жүргізіледі. Сабақты бақылау педагогтың оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қолданатын оқытудың мазмұны мен әдістерін түзету мақсатында жүргізіледі. Бақылаудың ынталандырушы және тәрбиелік сипаты болады.

  12. Мерзімді бақылау бағдарламалық тақырып пен тарауды оқытқаннан кейін жүргізіледі. Педагог белгілі тақырып аясында оқу материалын оқыту нәтижелерінің білім алушылардың әртүрлі типологиялық топтарында бірдей болмайтынын түсінеді. 1-типологиялық топтың (В.В. Воронкова бойынша) білім алушылары білімді қолдану деңгейінде оқу материалын меңгергенін көрсетеді. 2-типологиялық топтың білім алушылары тақырыптың негізгі мазмұнын түсінгенін көрсетеді. 3-типологиялық топтың білім аушылары тану деңгейінде материалды меңгереді, өз білімдерін өзектілеуде мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. 4-типологиялық топтың білім алушылары жеке бағдарлама бойынша оқытылады, оның аясында олардың жетістіктері бағаланады.

  13. Қорытынды бақылау тоқсан және жылдың соңында жүргізіледі. Педагог оқу жылының бойында бақылаған, білім алушылардың дамуының және жетістіктерінің динамикасын талдайды, оның нәтижесі білім алушылардың жетістіктер картасында тіркеледі.

  14. Бағалау процесінің көмегімен педагогтың алатын ақпараты, біліктер мен дағдыларды меңгеру процесінде туындайтын қиындықтарға дер кезінде және дұрыс жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Педагог білім алушыларға жеке- дара көмек берудің тәсілдері мен мазмұнын негіздемелі түрде анықтайды.

  15. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін математика сабақтары соған сәйкес көрнекі және дидактикалық материалмен қамтамасыз етіледі.

  16. Сыныптағы жиһаз әртүрлі жұмыс формаларын (жеке, жұптық және топтық) және жұмыс түрлерін жүргізу үшін орнынан оңай қозғайтындай болады. Кітап сөрелері, оқушылардың жұмыстарының көрмесіне арналған

стендтер және көрнекі құралдарға арналған орындарды қарастырылады.

  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған математика курсының негізі, натурал сандар, бөлшектер мен негізгі шамалардың арифметикасын құрайды. Оқу курсының концентрлік құрылымы оқытылған материалға қайта оралу, олқылықтардың орнын толтыру, білім алушылардың білімдерін қайталау, тереңдету және жүйелеуді қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет