Математикалық анализге түсінік хат



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі151,5 Kb.
#12989
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00058615-d7a5963d


«Математикалық анализ» қолданбалы курсының бағдарламасына

түсінік хат

«Математикалық анализ» таңдау курсының бағдарламасы жаратылыстану-математикалық бағытындағы математикадан базалық білімі бар жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналып жасалған.

Бұл бағдарламада қарастырылатын тақырыптар математикалық анализдің мектепте оқытылатын бөлімдерінде қарастырылмайтын немесе үстірт қарастырылған тараулар мен бөлімдер қаралған.

Бұл бағдарлама математика қоршаған әлемнің заңдылықтарының оқып-үйренуіне математика негізгі аппарат және өзіндік құрал ретінде рөл атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушыларға арналған. Математикалық анализды оқып –үйренуде жалпы білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Математикалық анализды оқытудың мақсаты оқушыларды математикалық модель құруға қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгаритмді құруға немесе ыңғайлы математикалық әдістерді таңдауға үйрену, эксперименттік жұмыстарды орынды жүргізу және есептеу, өлшеу, зерттеу нәтижелеріне математикалық тұрғыда баға беру біліктерін, өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту болып табылады.

«Математикалық анализ» таңдау курсының міндеті – сыбайлас пәндерді, оқушыларды қызықтыратын математиканың маңызды салаларын оқып-үйрену үшін , сандай-ақ сол салалардағы процестер мен құбылыстарды сипаттау және моделдеу үшін математикалық әдістер мен аппараттарды қолдану ерекшеліктерін зердделеу үшін қажетті базамен қамтамасыз ету.

Оқушыларға мектеп курсының материалына жоғары оқу орнының жалпы тұжырымдамалары мен теорияны меңгеруіне және қолданбалы құндылығын көрсетуге қалыптастыру.

«Математикалық анализ» таңдау курсы математиканы оқу логикалық ойлау, шығармашылық қаблетті дамытумен қатар, дұрыс қорытынды жасау мен ойды нақты әрі қысқа айта білуге үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет