Бағдарламасы 10- класс (жмб) Ақтөбе -2020-2021 ж


Түсінік хат Курстың қажеттілігі



бет2/4
Дата16.10.2023
өлшемі77 Kb.
#116398
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
ЖМБ 10-11кл

Түсінік хат

Курстың қажеттілігі: 10-11 ЖМБ-на арналған физика есептерін шығару физика пәнінің бірден-бір әдісі болып табылады. Есептерді шығара отырып, практикалық және интеллектуалдық ой саналары артып, техника және өмір туралы сабақ алады. Сонымен қоса еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, мақсат қоя білуге, қабілетті болуға, табандылыққа жетелейді. Оқушылардың физика пәнінен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім алуына, білік дағдыларын дамытуға физика пәні бойынша дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі.
Курстың өзектілігі: факультативтік курстың материалдары қарапайымнан күрделіге өту принципіне, жүйелілікке, оқу материалына бөлінген уақытты тиімді пайдалануға негізделген. Бағдарламада жұмыстың индивидуальдық және топтық түрлері қолданылады. Арнайы курсты оқыту әдістемесі әр түрлі және қызықты болуы тиіс. Сабақтар лекция, есептер құрастыру, есептерді талдау, техникалық құрылғылар және приборларды құрастыруға арналған өзіндік жұмыстар, өздері дайындаған приборлармен зертханалық жұмыстар жүргізу түрінде өтіледі.
Курстың мақсаты: Физика есептерін шығару - бұл физиканы оқып үйренудің негізгі әдісі. Физика есептерін шығарудың көмегімен әр-түрлі құбылыстарға байланысты мәселелерді шешуді үйрету, жаңашылдыққа баулу, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
-Физикалық заңдары мен теориясын есеп шығару барысында тиімді қолдану
-Физикалық құбылыстарды нақты тәжірибе жүзінде анықтау
-Есептерді шығару кезінде құрылымдарын сақтау


Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:

  • физикалық құбылыстарды талдау;

  • физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;

  • физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу;


Оқушыларға қойылатын талаптар:
- Оқушылардың әрбір ұғымды, терминді, заңдылықтарды жаттанды қабылдамай, терең ұғынып, теория мен практиканы ұштастыра білуі;
- Оқушылар формулаға қатысты математкалық амалдар қолдана отырып, есепті дұрыс шеше білуі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет