Микробиология 11 «а» сыныбына арналған қолданбалы курс Мақсаты: Микроағзалар жайында оқушылардың білімдерін тереңдету, өмірде жиі айтылып жүрген микроағзалардан тарайтын індеттер жайында жан-жақты мағұлмат беру.
Міндеттері: -микроағзалалардың көп түрлілігі, таралу жайында мағұлмат беру;
-құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталу;
-эвалюциясына даму ерекшеліктеріне сипаттама беру;
-микроағзалар тудыратын аурулар және олармен күресу әдістеріне жан-жақты тоқталу;
-ғылыми-көпшілік әдебиетпен жұмыс істеу, шығармашылық, логикалық ойлау икем- дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
-салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
-сабақтарға практикалық сипат беру арқылы зерттеу, сараптау икем- дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: -Салыстырады,дәлелдей алады,талдайды,қорытынды шығаруға үйренеді;
-Практикалық,танымдық,шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алады;
-Түрлі жұқпалы аурулардан және олардан сақтану жолдарын меңгерге алады;
-Өзіндік ой дербестігі қалыптасып,ҰБТ тапсырмаларымен жылдам жұмыс істей алады;
-Танымы, біліктілігі және білімі курс бойынша қалыптасқан тұлға тәрбиеленеді;
Оқу әдістері мен түрлері Оқыту әдістері-білім беру мақсатына жетуге бағытталған,мұғаліммен оқушының бірлескен іс-әрекетінің тәсілдері.Оқушылардың өз бетінше және ойлау белсенділіктерінің көрсеткіші бойынша оқыту әдісінің екі:репродуктивтік және продуктивтік топтарын көрсетуге болады.
Репродуктивтік әдіс-оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс істейді;
Оған әңгіме,түсіндіру,дәріс,демонстрация,оқулықпен және компьютермен жұмыс т.б жатады.
Продуктивтік әдістердің ерекшеліктері іздеу әдісі сияқты бар оқу проблемасы болып табылады.Продуктивтік оқыту әдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау,жартылай іздену (эвристикалық),зерттеушілік,қателер әдісі,жобалар әдісі т.б жатады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: 1.Оқу жылының соңғы тоқсанында өтілетін тақырыптарға реферат жазу;
2.Мектепішілік және аудандық биология пәні бойынша олимпиадаларға қатыстыру;
3.Реферат жоспарға сай жазылу деңгейі;
4.Теориялық білімді практикалық жұмыстарда қолдана білу деңгейі;
5.Тест тапсырмаларын орындау бойынша бағалау;