Бағдарламасы 11 «а» cынып, сағат саны 34 2022-2023 оқу жылы Құрастырған: Бекмаганбетова Г. О. Биология пәнінің мұғалімі


Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар



бет14/36
Дата07.10.2024
өлшемі233,13 Kb.
#147010
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
Микробиология қолданбалы курсы 11 сынып

Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар.
Өсімдіктекті дәрілік шикізаттар өндіру барысында микроорганизмдермен ластануы мүмкін: су арқылы, стерильді емес дәріханалық ыдыс арқылы, өндірістік бөлмелердің ауасы және медициналық қызметкер қолы арқылы. Өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары – фитопатогенді микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Фитопатогенді микроорганизмдер өсімдіктердің көпшілігін зақымдап, таралуға қабілетті.
Қалыпты жағдайда өсімдіктердің бетінде дамитын микроорганизмдер эпифиттерге (грек сөзінен ері-үстінде, phyton - өсімдік) жатады. Олар өсімдіктерге зияндылық көрсетпейді, кейбір фитопатогенді микроорганизмдердің антагонисі болып табылатын өсімдікткрдің әдеттегі бөлімдері және өсімдік беткейіндегі органикалық ластанулар есебінен өседі.Эпифитті микрофлора фитопатогенді микроорганизмдердің өсімдік тініне енуіне кедергі жасап өсімдік иммунитетін күшейтеді. Эпифитті микрофлораның көпшілігін Грам теріс таяқша тәрізді бактериялар Erwinia herbicola (1989ж ұсынылған жаңа аты - Pantoea agglomerans)құрайды, ЕПА-да алтынды-сарылы колониялар түзіп тұрады. Бұл бактериялар жемістердің жұмсақ щірінді қоздырғышының антагонисі болып табылады. Қалыпты жағдайда басқа да бактериялар Pseudomonas fluorecsens, Bacillus mesentericus сияқты бактериялар және саңырауқұлақтардың аздаған мөлшері сирек табылады.
Микроорганизмдер өсімдіктердің жапырақтары, сабақтарында ғана емес, тұқымдарында да кездеседі. Өсімдіктердің беткейі мен тұқымының бұзылуы, онда көп мөлшерде шаңдар мен микроорганизмдер жиналуы себепкер болады. Өсімдік микрофлорасының құрамы өсімдіктің түріне, жасына, топырақ типі мен қоршаған орта температурасына байланысты. Ылғалдылық жоғарылағанда эпифитті микроорганизмдер саны өседі, ылғалдылық төмендегенде – азаяды.
Топырақта, өсімдіктер тамырының маңайында микроорганизмдердің маңызды мөлшері орналасады. Бұл аймақ ризосфера (грек тілінен rhiza-тамыр, sphaira -шар)деп аталады. Ризосферада жиі спора түзбейтін бактериялар (псевдомонадалар, микобактериялар және т.б.)және де актиномицеттер, спора түзетін бактериялар мен саңырауқұлақтар кездеседі. Ризосфера микроорганизмдері әртүрлі субстраттарды өсімдіктерге тиімді қосындыларға айналдырады, биологиялық белсенді қосындылар (витаминдер, антибиотиктер т.б.) синтездеп, өсімдіктермен өзара симбионтты қатынасқа түседі және фитопатогенді бактерияларға қарсы антагонистік қасиетке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет