Бағдарламасы 11 «а» cынып, сағат саны 34 2022-2023 оқу жылы Құрастырған: Бекмаганбетова Г. О. Биология пәнінің мұғалімі


Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері



бет17/36
Дата07.10.2024
өлшемі233,13 Kb.
#147010
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Микробиология қолданбалы курсы 11 сынып

Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді: бактериоцидті – жасуша өліміне әкелуші; бактериостатикалық – микроорганизмдер көбеюін тежеуші; мутагенді – микробтардың тұқым қуалаушылық қасиетін өзгертуші.
Физикалық факторлардың әсері. Температура әсері. Әртүрлі микроорганизмдер топтарының өкілдері температураның белгілі диапазонында дамиды. Төменгі температурада өсетін бактерияларды-психрофильдер; орташа температурада өсетіндерді(370С) – мезофилдер; жоғары температурада өсетіндерді– термофилдер деп атайды.
Психрофильдімикроорганизмдер –10 нан –400С-қа дейінгі температурада өседі; температуралық оптимумы 15 тен – 400С-қа дейін ауытқиды. Психрофилділерге –– топырақта, теңізде, ауыз суда және сарқын суда мекендейтін сапрофиттердің үлкен тобы (темірбактериялар, псевдомонадалар, жарқырауық бактериялар, бациллалар) жатады. Кейбір психрофилділер азық – түлікті суық жағдайда бұзуы мүмкін. Төменгі температурада кейбір патогенді бактериялардың да өсу қабілеттілігі бар (псевдотуберкулез қоздырғышы 40С-та, , өсу оптимумы 250С оба қоздырғышы 0-ден 400С диапазонда көбейеді). Дақылдандыру температурасына байланысты бактерия қасиеттері өзгереді. Мысалы, Serratia marcescens 370 С қарағанда 20-250 С температурада үлкен мөлшерде қызыл пигмент (продигиозан) түзеді. Оба қоздырғышының 370С-қа қарағанда 250С-та өсірілгені вируллентті болады. Полисахаридтердің (соның ішінде капсулалықтары) синтезделуі төменгі температурада дақылдандырғанда күшейеді.
Мезофилдер10-470С температура диапазонында өседі, өсу оптимумы –370С. Олар шартты – потогенді және потогенді бактериялардың негізгі тобын құрайды.
Термофилді бактериялар- өте жоғары (40 –900С) температурада дамиды. Мұхит түбіндегі ыстық сульфидті суда 250-3000С-та 265 атм қысымда дамитын бактериялар мекендейді. Термофилдер ыстық су көздерінде мекендейді, тезектің, дән, шөптің өзін - өзі қыздыру процесіне қатысады.
Топырақта термофилдің көп кездесуі – оның тезек және көңмен (компостпен) ластануын дәлелдейді. Тезекте термофилдер көп болғандықтан оны топырақтың ластану көрсеткіші ретінде қарайды.
Стерилизация кезінде температуралық фактор ескеріледі. Бактерияның вегетативті түрлері 600С-та 20-30 мин өледі, споралары – автоклавта 1200С-та қысыммен әсер еткенде өледі. Микроорганизмдер төменгі температурада жақсы сақталады. Сондықтан оларды мұздатылған күйде соның ішінде сұйық азот температурасында-1790С ұзақ сақтауға болады.

Кептіру. Сусыздану көпшілік микробтардың қызметтерін бұзады. Соз, менингит, тырысқақ, іш сүзегі, жерше және т.б. қоздырғыштары- патогенді микроорганизмдер кептіруге өте сезімтал. Қақырық кілегейімен қорғалған микроорганимздер төзімдірек келеді. Туберкулез бактериясы қақырықта 90 күнге дейін кептіруге шыдайды. Кейбір капсула және кілегей түзетін бактериялар кептіруге төзімді. Ерекше төзімділікке бактерия споралары ие. Мысалы, күйдіргі қоздырғышының споралары топырақта жүз жылдап сақталады.
Микробтарды консервілегенде тіршілігін сақтау қабілетін жою үшін, лиофилизациялауды – мұздатылған жағдайда вакууммен құрғатуды қолданады. Микробтардың лиофилденген дақылдары және иммунобиологиялық препараттар ұзақ (бірнеше жыл бойы) алғашқы қасиеттерін жоғалтпай сақталады.
Сәуленің әсері. Бір рет қолданылатын пластикалық микробиологиялық ыдыс, қоректік орталар, таңу материалдары, дәрілік препараттарды және т.б. стерильдеуге иондаушы сәулелерді қолданады. Бірақ, иондаушы сәулеге төзімді, мысалы Micrococcus radiodurans сияқты бактериялар болады. Иондамайтын сәулелер – ультракүлгін және күн сәулесінің инфрақызыл сәулесі, ал иондаушы сәулелер радиоактивті заттардың гамма – сәулесі және жоғарғы энергияның электрондары қысқа уақытта микроорганизмдерді жояды. Жер беткейіндегі ультракүлгін сәулелердің толқын ұзындығы 290 нм жетеді. УК-сәулесін ауруханалар, перзентханалар және микробиологиялық зертханаларда әртүрлі заттар мен ауаны залалсыздандыруға қолданады. Осы мақсатпен толқын ұзындығы 200-400 нм УК-сәулесінің бактерицидті шамын пайдаланады (10-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет