2.2.Қазақстандағы саяси партиялар, қоғамдағы рөлі Әділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді. Бұл туралы ҚР Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды.Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды", - делінген хабарламада.
Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:
1. «Amanat» партиясы;
2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
3. Қазақстан Халық партиясы;
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау системасының жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Бірқатар батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60-70- жылдардан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді. Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат етушілікке жол бермеу (мысалы, саяси партияларды құрғанда әлдеқандай кішігірім топтардың немесе жеке адамдардың ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.) үшін керек деп саналады.
Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.