Бағдарламасы 2015 жылғы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды


Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі83,75 Kb.
#11595
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
руп адебиет

3.Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны

3.1.Пәннің тақырыптық жоспары



Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Күндізгі оқу уақытының мсаны







барлығы

теориялық

тәжірибелік

1

2

3

4

5




І бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті

1

Жалпы шолу

2

2




2

Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еспембет » дастаны, «Аягөз», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Қаршығыны қайырма»

2

2




3

Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы. «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», «Қызғыш құс», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

2

2




4

Сүйінбай Аронұлы өмірі мен шығармашылығы. «Бөрілі менің байрағым», «Әділеттік орнаса», «Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны», «Бала Жамбылға бата», «Төреге», «Үмбетәлиге»

2

2




5

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өмірі мен шығармашылығы. «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі».

2

2







ІІ бөлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті

6

Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази»

2

2




7

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы «Ыстықкөл күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері»

2

2




8

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Жаз», «Өзен», «Атымтай Жомарт» ,«Мейірімді бала әңгімелері»

2

2




9

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Сегізаяқ», «Мәз болады болысың» өлеңдері, «Масғұт» дастаны. Қара сөздері «Бірінші», «Алтыншы», «Он сегізінші»

2

2




10

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы. Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы», «Еңлік-Кебек» дастаны.

2

2




11

Шәңгерей Бөкеев. «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», « Қосаяқ», «Қашқын» поэмасы.

2

2




12

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ның өмірі мен шығармашылығы

«Хал - ахуал», «Шайтанның саудасы», «Сарыарқа кіндігі», «Гүлшат-Шеризат» дастаны.



2

2




13

Әнші – сазгер ақындар

шығармашылығына шолу. Біржан сал Қожағыұлы.

«Жанбота», «Көкек». «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Сырғақты» әндері.


2

2




14

Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.

«Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша».



2

2




15

Әсет Найманбаев өмірі мен шығармашылығы

«Салиха-Сәмен» дастаны, «Арғынмын, атым-Әсет арындаған», «Мәлике қыз», «Қор болмас терек адам ақылы бар», «Тоты» өлендері.



2

2







ІІІ бөлім. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті

16

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы

«Маса», «Қырық мысал» жинағы, «Анама хат», «Әдебиет таңытқыш» зерттеу еңбегі



2

2




17

Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы

«Бақытсыз Жамал» романы, « Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері.



2

2




18

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет, ұлт-азаттық көтеріліс және оның қазақ тарихындағы орны. Омар Шипин («Аманкелді батыр» дастаны), Иса Дәукебаев («Бекболат» поэмасы), Б.Берденов («1916 жыл»), Жамбыл Жабаев («Зілді бұйрық»).

2

2







IV бөлім. 1920-1950 жылдардағы қазақ әдебиеті

19

Кеңестік дэуірдегі қазақ эдебиетіне жалпы шолу

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы. «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы.

.


2

2




20

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

«Туған жерім - Сасықкөл», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа» өлендері, «Қорқыт Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян» дастандары



2

2




21

Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы. «Жайлауға көшу»,

«Сыр сандық» өлендері, «Көкшетау» Аққудың айырылуы дастандары.



2

2




22

Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы.

«Қара шелек», «Айт күні», «¥лбосын». «Шұғаның белгісі», «Мырқыбай».



2

2




23

Илияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы. «Құлагер», «Күйші» дастандары, «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу сүреттері» өлендері.

2

2




24

Міндетті бақылау жұмысы




2







Vбөлім. 1930-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу

25

60-ші жылдар-қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі.

Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы.

«Абай жолы» романы, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары.


2

2




26

Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы

«Сұлушаш» дастаны,

«Аққан жұлдыз», «Ботагөз» романдарынан үзінді.


2

2




27

Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы

«Қазақ солдаты» романынан үзінді.

«Ақан сері - Ақтоты»,


2

2




28

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Елге хат» өлендері, «Ақын өлімі туралы аңыз» дастаны.

2

2




29

Әбділда Тәжібаев. «Портреттер» толғау эссесі, «Монологтар» дастаны.

2

2







VI бөлім. 1960 жылдардан осы кезге дейінгі әдебиет

30

1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу. Хамза Есенжанов. «Ақ жайық» романы.

2

2




31

Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі.

2

2




32

Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы. «Мен - қазақпын», «Қыран дала» дастандары

2

2




33

Сырбай Мәуленов.

«Боранда», «Қош бол, сәулем»,

«Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері.


2

2




34

Тахауи Ахтанов. «Боран», «Шырағын сөнбесін» романдары.

2

2




35

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығы.

«Қан мен тер» трилогиясы



2

2




36

Зейін Шашкин. «Доктор Дарханов» романы.

2

2




37

Әзілхан Нұршайықов.

«Ақиқат пен аңыз» романы.




2

2




38

Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім» роман-эссе үзінді.

2

2




39

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

«Қайран Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға жүрек» дастаны.



2

2




40

Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығы.

«Қызыл жебе» романы.




2

2




41

Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы.

«Танакөз» дастаны, «Ғашықтық ғаламаты» өлені.



2

2




42

Сәкен Жүнісов. «Заманай мен Аманай» повесі.

2

2




43

Қадыр Мырза-әлі.

«Домбыра» өлеңі



2

2




44

Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері.

2

2




45

Қабдеш Жүмаділов,

«Тағдыр» романы.




2

2




46

Әбіш Кекілбаев. «Үркер», «Елең-алаң» романдары.


2

2




47

Мұхтар Мағауин. «Аласапыран» роман-дилогиясы.

2

2




48

Оралхан Бөкейдің өмірі

мен шығармашылығы.

«Қар қызы» повесі.


2

2




49

Қалтай Мұхамеджанов. «Көктебедегі кездесу» пьесасы.

2

2




50

Қазіргі қазақ айтысы. Тәуелсіздік жылдарындағы

қазақ әдебиеті. Әдебиеттану мәселелері. Проза. Поэзия.



2

2




51

Президент Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы «Тәуелсіздік толғауы»

Міндетті бақылау жұмысы.


2

2







Пән бойынша барлығы

102

102





3.2.Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

І бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынждағы әдебиет
Тақырып 1. Жалпы шолу (ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, ел ішіндегі отаршылдыққа қарсы күрес, оның сол кездегі әдебиетте Махамбет, Дулат, Сүйінбай, Нысанбай шығармашылықтарында көрініс табуы. Тәуелсіздікті, азаттықты аңсаудан туған өлең-жырлар, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында әр түрлі ағымдардың пайда болуы, «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарын. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, Ыбырай мен Абай негізін салған демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиеттің тууы. Ағартушылық идеяның алдыңғы орынға шығуы. ХІХ ғасыр поэзиясы- өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре, әдебиеттің реалистік сипаты, романтикалық үлгідегі шығармалардың пайда болуы);

Тақырып 2. Дулат Бабатайұлы «Аягөз», «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңдері мен «Еспембет» дастаны (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. Дулат – XIX ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын. Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. «Аягөз» өлеңінің тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тіл оралымы. «Еспембет» дастанының сюжеттік маңызы. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақындық тәсілдер (жанама мінездеу, суреттеу). Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы понарамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұырыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері.)

әдебиет теориясы: аллитерация, ассонанс, эпитет, метафора, теңеу;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Дулат поэзиясы тілінің көркемдік сипаты» тақырыбында реферат жазу.

Тақырып 3. Махамбет Өтемісұлы. (Ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Батыр образын сомдаудағы ұлттық дәстүрлі нақыштар мен Махамбетке тән сөз қолданыстар. Үш өлеңнің өзара ортақ қасиеттері мен ерекшеліктері. Ақын поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. М. Өтемісұлы шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны)

әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы ұғым. Дыбыс қайталау ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрау. Өлең құрылысы

өзінідік жұмыс: Т.Медетбектің «Махамбет рухының монологі» өлеңін талдау.

Тақырып 4. Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалар», «Үмбетәлиге» өлеңдері ( «Сүйінбай мен Тезек Төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары. Сүйінбай- қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол-халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сүйінбай-айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен кеңінен танылған ақын);

әдебиет теориясы: Айтыс туралы ұғымды кеңейту;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жолдасбековтың «Асыл сөздің атасы», шығармасын басшылыққа ала отырып, «Сөз өнерін қастерлеу» туралы пікірталас ұйымдастыру.

Тақырып 5. Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі» жыр толғаулары-(Ақын шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Көнеден келе жатқан дидактикалық сарынды жалғастырушы ақын екендігі. Адам өмірі, жас ерекшелігі туралы философиялық толғамдары. Майлықожаның адам мінезіндегі кемшіліктерді, еңбекке, елге деген сүйіспеншілікті жырлауы. Оның поэзияда шығыс ақындарына еліктеу сарындары);

әдебиет теориясы: троп түрлері;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға» өлеңдеріндегі көркемдік құралдарды табу.
ІІ бөлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Тақырып 6. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази» дастаны-(ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың бірі Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі «Үш қиян толғауы» «Зар заман» дәуірі әдебиетінің үздік туындысы. Ондағы ел, жер тағдырытуралы толғамдары. Қарасай-Қази дастанының сюжеттік желісі. Ақынның сатиралық шығармалары. Шығармаларының көркем ерекшеліктері. Мұрат-айтыс өнерінің шебері.);

әдебиет теориясы: эпитет, метафора,теңеу;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының көркемдік әсерлігімен, ой қуаты жөнінде әңгімелеу.

Тақырып 7. Шоқан Уәлиханов «Ыстық күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбектері (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан-қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан-шығыстанушы ғалым. Шоқан-қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты ойлары. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы мәліметтер. Қашқария саяхаты)

әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Шоқан Уәлихановтың» зерттеулерін басшылыққа алып, «көшпелі елдердің ауыз әдебиеті» тақырыбына баяндама жасау.

Тақырып 8 Ыбырай Алтынсарин «Жаз», «Өзен», «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» өлеңдері, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері, «Қазақ хрестоматиясы» (Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. Ыбырай- қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы. Өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік. Табиғат лирикасы. Ы.Алтынсарин-қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы)

әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Қоңыратпаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» - Алматы, 1994, С.Қирабаев «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» - Алматы, 1995.

Тақырып 9 Абай Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны (Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына еңгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. Қарасөздері: бірінші сөз, алтыншы сөз, он сегізінші сөз, он тоғызыншы сөз, жиырма бесінші сөз, жиырма тоғызыншы сөз, отыз ұшінші сөз, отыз жетінші сөз. Абай қарасөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.

әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы. Лирика ұғымын кеңейту)

өзіндік ізденіс жұмыстары: ақыл-парасат туралы ғибрат-насихат өлеңдері ұлы Абайдан іздеп көру, осы өлеңдерді басшылыққа алып, мәтін құрау.

Тақырып 10 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүие мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері, «Еңлік- Кебек» дастаны (Шәкәрімның өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер-білім, адамнершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. Шәкәрім – Абайдың шәкірті. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты, бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі. Шынайы адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік те терең психологизм. «Еңлік-Кебек» дастаны. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы)

Әдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шәкәрім поэзиясындағы ғылым жолындағы талпкерлерге берер кеңестері жөнінде әңгімелеу.

Тақырып 11 Шәңгерей Бөкеев. «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», «Қашқын» поэмасы. (Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әрқилы кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілік сарынын шебер бейнелеп көрсету. Шәңгерей поэзиясындағы философиялық ой-түйін.)

Әдебиет теориясы: кейіптеу ұғымын тереңдету, аударма шығармалар ұғымы;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Өмірдың өтеуі» өлеңіндегі өмір туралы ой тұжырымдарын баяндау.

Тақырып 12. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Шайтанның саудасы» өлеңі, «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптары, «Гүлшат-Шеризат» дастаны (Мәшһүр Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы. Халық бостандығы мәселелері. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін- дастандары мен хикаяларды, тарихи жырларды«Ер көкше», «Сайын батыр», т.б. жинап, Бұхар жырау, Шортанбай, Шөже, т,б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы. Мәшһүр поэмалары-ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар );

әдебиет теориясы: дастан туралы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы поэзиясындағы адамдық табиғаты, тәлімдік-тәрбиелік идеялары мен моральдық-этикалық қағидаларына назар аудару, өз сөздеріңмен әңгімелеу.

Тақырып 13.Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу. (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар тума талант, табиғи дарын иелері екендігі. ) Біржан сал Қожағыұлы.

«Жанбота», «Көкек». «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Сырғақты» әндері.(Үш жүздің ардақты әншісі Біржан-әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. «Теміртас«» әніндегі трагедиялық сезім Біржан- өз заманынының бай, болыс- билеріне бас имеуі. Біржан әндерінің белгілі бір жағдайға тақырыпқа байланысты туғандығы );



әдебиет теориясы: поэзия, музыка саласы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Біржан өлеңдері-қазақ поэзиясының үлкен арнасы атты ой-толғау жазу.

Тақырып 14. Ақан сері Қорамсаұлы «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Ләйлім шырақ», «Маңмаңгер» ,» әндері -3 сағат (Ақан – қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі.Ақанның өмірі туралы деректер.Ақан- әнші, сазгер.Ақанның әсемдік туралы таным – түсінігі ,эстетикалық көзқарасы.Ақанның өмір, заман туралы толғаулары ,жастарды өнерге үндеу.Құлагер ақын трагедиясы.Ақынның сөз саптау трагедиясы);

әдебиет теориясы:махаббат лирикасы туралы ұғымды кеңейту,пәнаралық байланыс : театр (Ғ.Мүсірепов.Ақан сері-Ақтоты драмасы),кино(Ақан сері);



әдебиет теориясы: махаббат лирикасы туралы ұғымды кеңейту

өзіндік ізденіс жұмыстары: Сәкен Жүнісовтың Ақан сері шығармасын оқу,ақын бейнесіне мінездеме беру.

Тақырып 15. Әсет Найманбайұлы «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Үлкен Ардақ», «Кешубай», «Перизат», «Арғынмын, атым Әсет-арындаған» өлеңдері, «Салиха-Сәмен» дастаны. (Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер. Әсет-ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын, әнші. Шығармашыл тұлғаның өз тұстастарымен ұқсастығы, айырмашылығы, жаңалықтарының әдеби дамуға ықпалы. Ақын-әншінің әдебиет тарихындағы орны);

Әдебиет теориясы: әдебиеттің тегі мен түрлері;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әсет Найманбайұлының «Алакөлім» ән өлеңінің мәтінін жаттау, идеясын тану.
ІІІ бөлім. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті

Тақырып 16. Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі (Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. «Әдебиет танытқыш» - қазақ тіліндегі әдебиет теориясы туралы алғашқы еңбек. А.Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш рет әдебиеттану терминдерин қалыптастырды. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық екрекшеліктері, композициялық қғрылымы жан-жақты қарастырылған. Аталған еңбектін сөз өнерін танып, пайымдауымыздағы тарихи қызметі);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «А. Байтұрсынұлы-ұлт күрескері» тақырыбына реферат жазу.

Тақырып 17. Міржақып Дулатұлы «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян қазақ» өлеңдері,

«Бақытсыз Жамал» романы (Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына шолу. Дарында ақын әрі жазушы, публицист. «Оян қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі азаттық идеясы. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы. «Бақытсыз Жамал» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық екрекшелігі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелдерінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау және адам психологиясын сипаттау шеберлігі);



әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;

өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың халқын сүюдегі ортақ қасиеттерін анықтау.

Тақырып 18. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет, ұлт-азаттық көтеріліс және оның қазақ тарихындағы орны. Омар Шипин («Аманкелді батыр» дастаны), Иса Дәукебаев («Бекболат» поэмасы), Б.Берденов («1916 жыл»), Жамбыл Жабаев («Зілді бұйрық») шығармаларында көтерілген тақырыптары,идеясы, көркемдік деңгейі.

әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: жоңғар шапқыншылығы кезінде туған өлең жырларымен салыстыру, жақындастыратын факторларды атау.

IVбөлім. 1920-1950 жылдардағы қазақ әдебиеті.

Тақырып 19. Кеңестік дэуірдегі қазақ эдебиетіне жалпы шолу Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы. «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы. (Өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Жүсіпбек Аймауытов- дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы-ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі. «Шернияз» пьесасы. Пьесасының тақырыбы-қазақ жастарының қоғам өміріне орналысуы);

әдебиет теориясы: мінездеу;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж. Аймауытов пьесаларының тақырыбын, идеясын тану.

Тақырып 20. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Туған жерім - Сасықкөл», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа» өлендері, «Қорқыт Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян» дастандары (Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. М.Жұмабаев – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);

Тақырып 21. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы. «Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлендері, «Көкшетау» Аққудың айырылуы поэмалары. (Өмір жолы, шығармашылығы, жеке тұлғасы (шығармасына сүйене отырып). Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. «Көкшетау» поэмасының тақырыбы, композициялық құрылымы. Ертегі, аңыздарға негізделген оқиғалар жүйесі. Тұтқын қыз, Адақ образдары. Поэмадағы Абылайхан бейнесі. Табиғат суреті. «Аққудың айырылуы»- романтикалық поэма екендігі. Тазалық пен сұлулықтың символы аққудың бейнесі. Поэмадағы аллегориялық тәсіл. Қаламгердің суреткерлік шеберлігі. Сәкен –қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны):

әдебиет теориясы: аллегория;

өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» өмірбаяндық романы.

Тақырып 22. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қара шелек», «Айт күні», «¥лбосын». «Шұғаның белгісі», «Мырқыбай». (Б.Майлиннің шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланыста сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин -әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин-драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу.

әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанр туралы түсінік;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Майлиннің әңгіме жанрын дамытудағы қосқан үлесі туралы баяндау.

Тақырып 23. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы. «Құлагер», «Күйші» поэмалары, «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу сүреттері» өлендері. (Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы. Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршідігі, әлеуметтік тартыс-күресі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген ақын қайғысы, ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке котерілуі. Поэманың сюжетік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі мен тіл айшығы). Сатиралық әнгімелер «Құйрықты базар».

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ілияс туындыларындағы табиғатты суреттеудің өзіндік ерекшеліктері туралы пікір білдіру.
Vбөлім. 1930-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу

Тақырып 24. 60-ші жылдар-қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі.Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы.«Абай жолы» романы, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары. (Мұхтар Әуезовтын өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын оркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. Абай образының өсу-даму динамикасы. Абай жолындағы әйелдер бейнесі. Сөз өнерінде сәтті сомдалған образдың бірі-Құнанбай образы екендігі. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Романның композициясы.сюжет пен характер. Кейіпкер тілінің даралануы. Шешендік сөз үлгісі.).

әдебиет теориясы: образ туралы түсінік, «классика» ұғымы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әңгімелеріндегі адамгершілік мәселелерінің «Абай жолы» романымен үндестігі жайлы ойларың.

Тақырып 25. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы «Сұлушаш» дастаны, «Аққан жұлдыз»,«Ботагөз» романдарынан үзінді. (С.Мұқановтың өмірбаяны, шығармашылығы,(ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі. «Сұлушаш»-өлеңмен жазылған роман, ақынның шоқтығы биік шығармасы екендігі. Романның кейіпкерлері, автордың кқркемдік ізденістері. «Аққан жұлдыз»-тарихи роман. Шоұан образы. Айғаным мен Шыңғыс бейнелері. Тіл көркемдігі );

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Шоқан мен Ф.Достоевский достығы туралы әңгімелеу. «Ұлы достық» тақырыбына ойтолғау жазу.

Тақырып 26. Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы «Қазақ солдаты» романынан үзінді.

«Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы (Ғабит Мүсреповтың өмірі мен ишығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерлігін кқркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының роман кейіпкері Қайроштын балалық шағынан қанды соғысқа қатысқанына дейінгі өмірін шебер суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері).



әдебиет теориясы: әдебиеттің ұлттық ерекшелігі ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ұлпан романын оқи отырып, қазақ әйеліне тән адамгершілік қасиеттерді анықтау.

Тақырып 27. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Елге хат» өлендері, «Ақын өлімі туралы аңыз» дастаны. (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңіндегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиядағы достық пен махаббат,елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы.)

әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: оқыған поэзия жинақтарындағы достық пен махаббат туралы ойларын білдіру.

Тақырып 28. Әбділда Тәжібаев. «Портреттер» толғау эссесі, «Монологтар» дастаны. (Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылыми саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығарма тақырыптарының ерекшеліктері.)

әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә. Тәжібаевтың «Сыр жырлары» өлеңінің мән-мағынасын түсіну. «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу.
VI бөлім. 1960 жылдардан осы кезге дейінгі әдебиет

Тақырып 29. 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу. Хамза Есенжанов. «Ақ жайық» романы.(Өмірбаяны мен шығармашылығы. «Ақ жайық» романы ХХ ғасыр басындағы қоғам өміріндегі аласапыранды кезеңнің жанды суреттелген шежіресі. Романның реалистік сипаты. Шығармадағы тарихи тұлғалар. Жүніс қажы бейнесі. Хакім образы.)

әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Тарихи тұлғалар мен бүгінгі қоғам қайраткерлерін жақындастыратын факторлар бар ма? Өз пікірлерін ортаға салу.

Тақырып 30. Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі. (М. Иманжановтың өмірі мен шығармашылығы. Повестің тақырыбы мен сюжеттік даму ерекшелігі. Шығармадағы мектеп өмірі, бала тәрбиелеу жұмысының қиыншылықтары мен қуаныштары, өзіндік ерекшеліктері. Жазушының балалар мінез-құлқын суреттеудегі ізденістері мен жетістіктері. Шығарманың идеялық мұраты.)

әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Ұстаз-ақылымен сымбатты, шәкіртімен қымбатты» ой толғау жазу.

Тақырып 31. Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы. «Мен - қазақпын», «Қыран дала» поэмалары. (Ақынның шығармашылық өмірі. Ж. Молдағалиев-эпик ақын. Поэмадағы халық тарихы, ұлт болмысы. «Мен қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын. Тіл көркемдігі, сюжет даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты. «Қыран дала» поэмасының тақырыбы мен идеясы, өлең өлшемдерінің алмасып келіп отыру себептері. Ақын көксеген елге, жерге қатысты ойлардың бүгінгі күнмен сәйкестігі. Поэманың көркемдік жүйесі.)

әдебиет теориясы: екпін ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мен-қазақпын» өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды сақтай отырып, өлеңді қарасөзге айналдырып мәтін құру

Тақырып 32. Сырбай Мәуленов. «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері. (Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы. С.Мәуленов қазақ поэзиясына өзінің сыршыл да әуенді лирикасымен келген жыр алыбы. С.Мәуленов – лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі. С.Мәуленов өліңдері тақырыптарының жан-жақтылығы мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы, туған елдің табиғаты.)

әдебиет теориясы: силлабикалық өлең ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Сырбай Мәуленовтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған өлеңдерін оқу, соғыс жайлы деректерге назар аудару.

Тақырып 33. Тахауи Ахтанов. «Боран», «Шырағын сөнбесін» романдары. (Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Боран» романындағы адам тағдыры, өмір сүйгіштік рух. Кейіпкерлердің психологиялық жай-күйі. Жазушының тілі. «Шырағың сөнбесін» романның тақырыбы, идеясы Нәзира бейнесі.)

әдебиет теориясы: тақырып пен идея ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Тахауи Ахтанов туындыларының тілі, жазушының шеберлігі туралы әңгімелеу.

Тақырып 34. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығы. «Қан мен тер» трилогиясы (Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Ә.Нұрпейісов – төл әдебиетіміздің дамуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы. «Қан мен тер» трилогиясы – жазушының күрделі туындысы. Трилогияның көтерген тақырыбы – XX ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадығы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары – типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі.)

әдебиет теориясы: сарказм, ирония. ;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Кеңес дәуіріндегі «Арал тағдыры» мен бүгінгі Арал аймағы жөнінде пікір білдіру.

Тақырып 35. Зейін Шашкин. «Доктор Дарханов» романы. (Зейін Шашкин өмірі мен шығармашылығы. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлер өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Романда сол кезеңнің қоғамдық, психологиялық құбылыстарын, замандастар өмірі мен санасындағы сапалық өзгерістердің бейнеленуі);

әдебиет теориясы: роман туралы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Доктор Дарханов бойындағы өнегелі қасиеттерді жинақтап, шағын әңгіме құрастыру.

Тақырып 36. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз» романы. (Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы. Әзілхан Нұршайықовтың очерк жанрының шебері екендігі. «Ақиқат пен аңыз» роман диологиясы, оның жанрлық ерекшелігі. Романның жазылу тарихы. Шығармадағы Б.Момышұлының азаттық бейнесі. )

әдебиет теориясы: монолог пен диалог;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Момышұлының қоғамдағы ерекше батырлық орны хақында ой-пікірлерін негізге ала отырып, өмір көзқарасын әңгімелеу

Тақырып 37. Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім» роман-эссе үзінді. (Өмірі мен шығармашылық қызметі. Роман-эссенің заңғар жазушысы М.Әуезовтің өмірі, ұстаздығы мен шығармашылығы туралы жазылған шығарма екендігі. Романнның көтерген тақырыбы, идеясы. Шығармада сомдалған М.Әуезовтің әдеби көркем бейнесі.)

әдебиет теориясы: Роман-эссе туралы түсінік;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов шығармашылығымен кеңірек таныстыру, жазушының өмңірі жайлы деректерге назар аудару.

Тақырып 38. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Қайран Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға жүрек» дастаны. (Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэзиясының негізгі тақырыбы. Поэмаларының тақырыптары. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті, компози-циялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі).

әдебиет теориясы: баллада, сонет;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Ұят болды-ау» өлеңіндегі заман жайлы ойларының өмірге жақындығын тану, ой тұжырымдау.

Тақырып 39. Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығы. «Қызыл жебе» романы. (Өмірі мен шығармашылығы. Драмалық шығармалары мен аудармалары жөніндегі мәлімет. «Қызыл жебе» романының тақыры мен идеясы. Романдағы Рысқұл мен Тұрар образдары. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтардың көркем шығармада реалистікпен бейнеленуі. Тұрардың азамат болып өсіп, саяси қайраткер дәрежесіне көтерілуінің көркем жинақталуы. Тип және прототип мәселесі. );

әдебиет теориясы: тип және притотип;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Т. Рысқұловпен қатар өмір сүрген ортасы бір қоғам қайраткерлері туралы жазылған шығармалардың көркемдік деңгейіне назар аудару, кейіпкерлер іс-әрекетімен салыстырулар жасау.

Тақырып 40. Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы. «Танакөз» дастаны, «Ғашықтық ғаламаты» өлені. (Мұхтар Шахановтың шығармашылығына шолу. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мәселелері. Мұхтар поэзиясындағы сюжеттілік. Шығармаларында тартыстың оқиға соңында ерекше шешімін табусипаты. Шаханов лирикасындағы көне дәстүр мен жаңашылдық «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты).

әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Шахановтың «Қараспан қыпшақтары» өлеңінің идеясы, тәрбиелік мәні жөнінде әңгімелеу.

Тақырып 41. Сәкен Жүнісов. «Заманай мен Аманай» повесі. (Өмірі мен шығармашылық жолы. «Заманай мен Аманай» повесінде түған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншіліктің сүреттелуі.Немересін ата мекенге жеткізуді мұрат тұтқан Балзияның өткен өмірі, тағдыры.Заманай мен Аманай образдары.Повестегі сәукеле тау туралы аңыз бен оның шығарма сюжетіне қатысы.Шыгарманың тілі,көркемдігі. Өмір шындығы мен көркемдік шешім)

әдебиет теориясы:Сюжет пен композиция.

өзіндік ізденіс жұмыстары: Заманай көркем фильмнен көркемдік деңгейі туралы пікір білдіру.

Тақырып 42. Қадыр Мырза Әли «Домбыра» өлеңі-(Оның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі екендігі.Қадыр – балалар ақыны.Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі.Өлеңдерінің тәрбиелік мәні.Домбыра өлеңінің көркемдік сипаты, идеялық мұраты. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты)

әдебиет теориясы:әдебиеттің қоғамдық мәні;

өзіндік ізденіс жұмыстары; Жерұйық жыр жинағын оқу,поэзия тілінің көркем, эсерлі жеткізіліуімен ақынның ой тұжырымын айқындап көрсету.

Тақырып 43. Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері.( Тұманбай Молдағалиев – махаббат, жастық, көктем жыршысы. Т.Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытушы. «Студент дәптері» - алғашқы өлеңдер жинағы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы).

әдебиет теориясы: теңеу.

өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиевті «Мәңгі жастық жыршысы» деуге болатындығын дәлелдеу.

Тақырып 44. Қабдеш Жұмаділов, «Тағдыр» романы. (Жазушының өмірі мен шығарма-шылық жолы. «Тағдыр» романында көтерілген ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері. Бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп, бөлінуі. Демежан бейнесі. Оның тарихта болған тарихи тұлға екендігі. Жазушының тіл көркемдігі. Кейіпкер, портрет, пейзаж жасау ерекшелігі. Шығармада суреттелген ұлттық этнографиялық әрекеттер мен бояулар айшығы)

әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Автордың «Дарабоз» туындысындағы сөз құдіретін шебер қолданған тұстарына көңіл аудару.

Тақырып 45.Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдары (Өмірі мен шығармашылығы туралы. «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары. Тақырыбы, идеясы. Компазициясы. Тарихи негізгі. Романдағы халықтық бейнелер. Әбілқайыр тұлғасы тарихи шындық және көркемдік шешім. Жазушының тіліндгі тың теңеулер, метафоралық қолданыстар, айшықты бояулар мен соны тіркестер. Адам мінезін сомдаудағы суреткерлік шеберлігі);

әдебиет теориясы: метомиялық қолданыстар;

өзіндік ізедіс жұмыстары: Әбіш Кекелбайевтың «Күй» повестіндегі күйшімен Ілияс Жансігүровтің өнер тақырыбындағы поэмаларын салыстырулар жасау.

Тақырып 46. Мұхтар Мағауин «Аласапыран» роман-дялогиясы.(Жазушыныңи өмірі мен шығармашылық жолы. Әдебиттану ғылымы саласындағы зерттеулері. Зерттеушілік еңбегі мен жазушылық шығармашылық арасындағы байланыс. «Аласапыран» романындағы ХV ғасырдың аяғы мен ХVІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігі, алғашқы орыс-қазақ қатынастары.Тарихи роман екіндігі, оның жанрлық сипаты. Романдағы тарихи оқиғалар желісі және көркемдік шешім. Тарихи тұлғалардың көркем бейнелену амалдары. Ораз-Мұхамед, Тәуке хан, Қадырғали Жалайри, Б.Годунов, т.б. қолданылу ерекшеліктері. Романның сюжеті мен компазициясы)

әдебиет теориясы: тарихи роман туралы түсүнікті кеңейту;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Тәуелсізт есімдерін айқындаған тарихи тұлғалар жөнінде әңгімелеу.

Тақырып 47. Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі.(О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері.«Қар қызы» повесінің тақырыптық ерекшелігі, мазмұнында реализм мен романтизімнің араласып келуі. Повестің образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Повестің тіл көркемдігіне қатыста ой-пікірлер. Әдеби сында бағалануы. Жазушы шығармаларында сабақтастығы. Тәл көркемдігі)

әтеориясы: суреткер қиялы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: « Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» деген сөздердің мағынасын талдау.

Тақырып48.Қалтай Мұхамеджанов «Көктобедегі кездесу» пьесасы.(Қ.Мұхамеджановтың шығармашылық өмірбаяны. Пьесаларының тақырыптық сипаты, жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, көркемді ізденістері. Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасындағы обрыздар жүйесі, тартыс табйғаты. Адамның мансапқорлық, пенділік қасиеттері. Адамзатқа ортақ мәселелері. Адамның қандай жағдайда да адам боп қалу мәселесінін көтерілуі. Көктқбедегі достар. Олардың қуанышы мен қайғысы. Драманың кейпкерлері – Досберген, Исабек, Өсіпбай. Олардың шындық жолындағы аитыстар. Айша апайдың өз шәкірттері туралы толғаныстары, өмір, адамгершілік, ар-ұят туралы көзқарасы);

әдебиет теориясы: драма, пьеса;

өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі қоғамдағы мансапорлық, пенделік ұғымдар туралы өз көзқарасынды білдіру.

Тақырып 49. Қазіргі қазақ айтысы. Айтыс өнерінің бұқаралық сипат алуы, ұлттық идеалогияның ұйтқысы айналу. Тіл мен дін, дәстұрмен мәдениет , өенр мен әдебиет халықтың хасырлар бойы рухани құндылықтары болып табылғандығы. Тәуелсіздіктін негізгі тірегі бірлік ынтымақта екендігі туралы аға буын Қонысбай Әбілів, Әсілхан Қалыбаева, Әлия Бекеновадан бастап Мәліс Қосынбаев, Мұхамеджан Тазабеков, Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Оразалы Досбасынов жыр саиыстарында қоғамдық әлеуметтік міселелердің қозғалып, қоғамдағы кейбір келеңсіз жаилардың сыналуы;

әдебиет теориясы: поэзия;

өзіндік ізденіс жумыстары: «Қазіргі айтыс өнерінің қоғамдағы ролі» атты ой толғау жазу.

Тақырып 50.Тәуелсідік жолдарындағы әдебиет, поэзия (Қаза әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы дау бағыттары. Ұлттық рухани жаңаруы және сөз бостандығы. Ұшқыр жанр лирикадағы ел емендігінің жырлануы. Қазақ қаламгерлерінің елдің тәуелсіздігін, халықтың арман-мүддесін жырлауы. Поэзиядағы тың тақырып жаңа идеялар мен соның теңеулері. Эпикалық жанрдағы ізденістер, қол жеткен табыстар. Поэзиядағы дәуір шындығының көркем жинақталуы. А.Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасы. Ақын лирикасындағы дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қаита оянуы. «Наурыз» жырының көркемдік ерекшелігі ұйқас пен ырғық мәселелері. Жарасқан Әбдірашав поэзияның көркемдік сипаты Иранбек Оразбай поэзиясындағы шеберлік істері. Лирикалық пафос, интанациялық қызулық. Нұрлан Оразалй, Ұлықбек Ердаулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Рафаель Ниязбек, Несібпек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелік. Темірхан Медетпек лирикасының тақырыптары жанрлық ерекшеліктері. «Мінез», «Бір уыз топырақ» лирикаларындағы отаншылдық рух. Ақын поэзиясындағы көне түркілік сарын. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы уақыт пен кеңістік. Жұматай Жақыпбаев, Есенғали Раушанов, Нышанбай Рахимов, Исраил Сапарбаев, Ғалым Жалыбай, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Гүлнар Салықбаева, т.б. ақындардың өолең-жырларындағы ел тәуелсіздігі, азаттық, бостандық сияқты ұғымдардың көркем жинақталуы, отаншылдық рух. Адам бойындағы нәзік сезім иірімінің сөзбен кестеленуі);

Проза (Кеңес дәуірінде жабық тақырып болып келген қазақ халқының басынан өткерген ашашылық С.Елубаев «Ақ боз ұй» трилогиясы, саяси қуғын-сүргін Д.Досжановтың «Алыптың азабы» романы, тоталитарлық дәуірдің шындығын Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К.Оразалинның «Абайдан соңғы арыстар», С.Қабдолыв «Менің Әуезовым», Ә.Таразиндің «Жаза», Б.Мүқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік балабейне» повесі, шет ел өмірін Т.Нұрмағанбетованың «Айқай» повесі суреттеитін жығармаларының дүниеге келуі. Барлық әдеби жанрларда егемен еліміздің жеткен жетістектері мен жеңістерінің суреттеле бастау. Ұлттық құндылықтардың негізгі тақырыптары ретінде алға щығуы М.Сәрсенбековтің «Сәтпаев» , Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б.Нұржекеұлы «Жау жағадан алғанда» романдары. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіне байланысы А.Кемелбаева. Көркем поэзиядағы жаңа көркемдік ізденістер. Ойшылдық пен филасофиялық көркем шығармашылықта алдыңғы планға шығуы. М.Мағауинның «Жармақ», Т.Әбдібековтің «Парасат майданы» туындылары. Тарихи тақырыптардың қаита сарапталып өмір шындығын нақы материялдармен толығып, көркем жинақталуы Қ.Жұмаділловтің «Дара боз», Т.Жұртбайдың «Дуылға» романдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы және әдебиет);

әдебиет теориясы: поэзия, проза, драма;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қазіргі жастар поэзиясы туралы өз пікірін білдіру. Өздерін сүйіп оқыған жастар поэзиясынан мәнерлеп жатқа өлең оқу, қазіргі прозаның даму бағыты, көркемдік деңгейі туралы әңгімелеу.

Тақырып 51.Н.Назарбаевтің «Тәуелсідік толғау» тәуелсіздік халқымыздың басты құндылығымыз ретінде сипатталуы. Тәуелсіздіктің өмірлік филасофиясы, Елбасының барлық Қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркейуі үшін еңбек етуге, қоғамымыздың жалпы құндылықтарын-бейбітшілікті, келсім мен бірлікті бағалауға және нығаитуға, ұлттық дәстүрімізді сақтауға және дамытуға шақыруы;


4. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

Тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау білім алушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімінің сапасына кері әсер етеді.

Әрбір білім алушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалай оқыту үрдісінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда білім алушы мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге дайын болады.

Білім алушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру-білім бағалаудың негізгі өлшемі.

Білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеріледі.

Білім алушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім білім алушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, білім алушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

Оқу материалдарын игеруін бақылауда білім алушылардың сұраққа жауап беруі, өз пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі. Ауызша сөйлеу кезінде білім алушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын кқркем, бейнелі жеткізе алуы бақыланады.

Жазбаша жұмыс түрлерін орындау барысында білім алушылырдың әдебиет сабақтарында мазмұндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі.



Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекеленген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе ауызша баұылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс білім алушылардың оқылған материалдарды меңгергенін анықтау мақсатымен алынады.

Бағалау категориясы. Сонымен баға ұою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға білім алушы өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы білім алушы өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады.

«5» деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолданылатын, ойы оралымды білім алушыға қойылады.

«4» бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекешеден қате жіберетін білім алушыға қойылады.

«3» бағасы оқу материалдарын негізгі ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін білім алушыға қойылады.

«2» бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіндігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін білім алушыға қойылады.

5.Жазба жұмыстарының бағалау жүйесі

Білім алушылардың шығармашылық бағалау мәселесін тексеру негізінен 4 салаға бөліп қарауға болады:

 мазмұны мен идеялығы;

 ой-пікірдің жүйелігі;

стилі;

 грамматикалық сауаттылығы;

Бұлардың қай қайсысы да білім алушының білімін бағалауда маңызды;

Шамамен алғанда шығарманың идеясы мен мазмұндығына;

 білім алушының тақырыпты қалай ашқандығы;

 қамтылыған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы;

 дәлдігі негізгі ойды жеткізе алуы жатады;

 пікір жүйелілігіне шығармашылық жоспарға сәйкестілігі;

 әр бір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді.

 тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі сөз қолданысы бір сөзді бірнеше рет қолданбауы;

 дәйексөз қолдана білуі сөйлемді дұрыс құруды мәселелер стильге жатады.

Білім алушылардың білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.

Тәжірибелік сабақтар: шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрастыру, тесттік тапсырмаларды шешу, пікірталас, инновациялық оқу әдістері (TBL), презентация, сайыс, аралас дәстүрлі т.б.

Білім алушылардың өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен, электрондық тасымалдаушылардағы оқулықтармен жұмыс жасау. Power Point форматында презентация дайындау, глоссарий, шығарма т.б.

Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау-барлық сабақ түрлерін бағалау ережелері (аудиторлы, СӨЖ).

Аралық бақылау-бақылау жұмысы

Қорытынды бақылау-емтихан(ауызша)



6. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес білім алушылар төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек; әрбір тәжірибелік сабаққа дайындалуы керек, яғни үй тапсырмаларын орындау керек; дәріс материалдарына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.



  1. Реферат: «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет». Шығарма: Махамбет-өр рухты ақын

  2. Сыныптан тыс оқу: «Шәкәрім шығармаларының Абай шығармаларымен үндестігі» Шығарма: «Абай-дара, Абай-дана..»

  3. Сыныптан тыс оқу: «Біржан -айтыс өнерінің саңлағы»

  4. Шығарма: «Әнші-сазгер ақындар»

  5. Баяндама: «Кеңестік дәуіріндегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу»

  6. Шығарма: С.Сейфуллиннің «Көкшетау » поэмасының көркемдік ерекшеліктері

  7. Сыныптан тыс оқу: Қасым поэзиясы, «Дариға, сол қыз»өлеңі.

  8. Сыныптан тыс оқу: Жұбан Молдағалиев «Мен-қазақпын» поэмасы

  9. Шығарма: «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай»

  10. Сыныптан тыс оқу: «Поэзия менімен егіз бе едің?»

  11. Шығарма: «Халықтың қадірлі қаламгерлері»

  12. Баяндама: «Тәуелсіздік жылдарындағы проза»

  13. Реферат: «Тәуелсіздік жылдарындағы поэзия»

  14. Хабарлама: «Қазіргі драматургияның дамуы»


7.Емтиханға арналған шығарма тақырыптары:

  1. Махамбет қазақ халқының біртуар тұлғасы

  2. Қазақты танытқан «Абай»

  3. Туған жер

  4. М.Дулатов «Бақытсыз жамал»

  5. Қазіргі қазақ драматургиясы

  6. «Мен қазақпын»

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма – берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс. Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді. Шығармада жоспарды жазу міндетті. Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделед

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.

Әдебиеттер және оқу құралдарының тізбесі

Негізгі әдебиеттер:

1. Ұ.Асыл, Т.Жұмажанова. Қазақ әдебиеті (10-сыныпқа арналған оқулық)

2.Ұ.Асыл, Қазақ әдебиеті (XIX ғасыр) Хрестоматия

3. Абдиманулы О.,Дюсебаев С. Қазақ әдебиеті: Оқулық 11-сын. Алматы: Мектеп, 2007.

4. Қазақ әдебиеті Хрестоматия 11 сын. К-Г./Ұ.Асыл. Алматы: Мектеп, 2007.

5. Тұрсынғалиев С.Ч., Такишева А.Ж. Қазақ әдебиеті: Оқулық 10-сын Астана: « Арман-ПВ»,2014.

6. Тұрсынғалиева С.Ч .,Берекенова Ә.С. Қазақ әдебиеті:Оқулық 10-сын Астана: « Арман-ПВ»,2014.

7. Тұрсынғалиева С.Ч ., Такишева А.Ж. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия 10-сын Астана: « Арман-ПВ»,2014.

8. Тұрсынғалиева С.Ч., Берекенова Ә.С. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия 10-сын Астана: « Арман-ПВ»,2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы 1964 ж.

2. Қазақ халық ақындары.Өлеңдер жинағы.С.Бегалин. Алматы ҚМКӘБ,1953 ж

3. Халық қаhары. Халық ақындарының Отан соғысына арналған өлеңдері. Алматы, ҚБМБ. 1941

4. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау мәселелері. “Уақыт және әдебиет”1962ж.

5. Тәжібаев Ә. Жамбыл және қазақ әдебиеті. – Әдебиет және искусство, 1946ж.

6. С.Мұқанов. Өсу жолдарымыз.А., 1960ж.

7. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов.А., Білім, 1990ж.

8. Р.Нұрғалиев. Мөлдір сезім, биік парасат (Мағжан туралы).“Қазақстан коммунисті”. 1989, №5.

9. М.Мағауин. Шәкәрімнің шеберлігі. “Жұлдыз”, 1988, №10.

10. Жұмағалиев Қ. Әдебиет теориясы (орта мектептің жоғарғы кластарына арналған құрал).-Алматы,1969ж.

11. Ахметов З.,Шаңбаев Т, Әдебиеттану (терминдер сөздігі). –Алматы, 1998ж.

12. Тимофеев Л., Венгров Н. Кратский словарь летературоведческих терминов (Пособие для учащихся средней школы).-Москва, 1958.

13. Турпев С.В., Тимофеев Л.И., Вишневский К.Д. и др.Литература (Справ. материалы: Кн. для учащихся). Москва, 1989.

14. Қазақ әдебиеті энциклопедиясы.- Алматы, 2005.

15. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы.-Алматы, 2004.



Оқу және анықтамалық құралдар: 1. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық, “Аруна”баспасы, Алматы, 2.Оразалинов С.Ш.,Абай елі – А .,1994. 3. Әдебиеттану терминдерінің сөдзігі – А .,1996. 4.Екімыңдылдықтық дала жыры – А., 2000ж. 5. Түркістан. Халықаралық энциклопедия – А., 2000 6. Қазақстан Республикасы . Энциклопедиялық анықтамалық –А.,2001 7. Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр – А.,2004 8. Әдеби өмір шежіресі – А., 2005
5.4. Ұсынылатын оқу құралдарының тізімі: 1. Интерактивті тақта; 2. Электрондық оқулықтар;

3. Мультимедиялық проектор ;

4. Ақын-жазушылардың портреттері;

5. Әдебиет терминдерінің кестесі;



6. Видео, аудио материалдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет