Бағдарламасы (5-11 сынып) Бағдарлама мақсаты



бет21/30
Дата20.06.2023
өлшемі141,62 Kb.
#102514
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
ерекше назардағы оқушылардың псих ологиялық дәптері

Қажетті құралдар: түрлі бейнелеу құралдары, түсті қағаздар.
Әдістер: ойын әдістері, топтық пікірталас.


1.«Топтық сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
Талдау:
Жаттығу сіздерге ұнады ма?
Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?
Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?
Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?
Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?
Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?


2. «Шынын айтсам» жаттығуы.
Мақсаты: Қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.
Қажетті құралдар:Аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.
Нұсқау:Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.
3. «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.
Талдау: Өздеріңнің көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер?
Бұл ойын неге бағытталған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет