4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Еңбекті қорғау мақсаты — жұмысшылардың қауіпсіздігін арттырып қауіпті жағдайлардың минималдылығына әкеледі сонымен қатар соған орай еңбек орындарында соған лайықты шарттар қолдану тиіс.
Еңбекті қорғау міндеті — жұмысшылардың жұмыс барысында денсаулықтарын сақтауға және олардың атқарып жатқан еңбек көрінісіндегі қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай жұмыс орындарымен қамту.
Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі ол электрондық есептеуіш техникалардың дамуы болып келеді және оның ғылыми-зерттеу жұмыстарында, жоспарлы есептеулерде, басқару сферасында сонымен қатар білім беруде көп қолданады. Бағасының, габариттердің, тұтынатын энергияның азаюымен есептеуіш мүмкіншіліктердің өсу шегімен ЭВМ-де анағұрлым кең масштабтарда қолдануға және еңбек шарттарын жақсартуда және қызмет көрсететін персоналда пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасының конституциясында қабылданған еңбек туралы заңдарында көрсетілген, заңның мақсаты барлық қызмет ететіндер мен жұмысшылар арасындағы еңбектік қарым-қатытасын жөнге салуында, еңбек өнімділігі көтеріледі де, өндіріс нәтижелілігі жоғарылайды және материалдық, халық өмірлерінің структуралық деңгейі көтеріледі.
Еңбекті қорғау техникалық ғылым болып есептеледі, ол қауіпті және зиянды өңдірістік факторлардың әсер ету дәрежесін айқындайды және зерттейді; өңдірістік зақымдарды және кәсіптік ауруларды алдын алуға бағытталған ұйымдастырушы және техникалық іс-шаралар құрастырады; жұмысшылар үшін осы қоршаған орта факторларының әсерін жоятын немесе азайтатын техникалық қорғау құралдарын жасайды.
Еңбекті қорғау заң актілер жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралардан және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардан, денсаулықты сақтау және еңбек барысында жұмысқа қабілеттіліктен тұрады.
4. 1 Еңбек қорғауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері
4.1.1 Еңбек қорғау заңдылықтарының негіздері
Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңында азаматтардың денсаулығын қорғау Қазақстан республикасының конституциясына байланыстырып жасалған және де еңбек кодексынан, нормативті құқықтық актілерден тұрады:
Қауіпсіздік техникасының ережесінен және санитарлық тазалық
нормалары;
Еңбекті қорғау жүйесінің стандарттарынан;
Жеке адамның еңбек келісімі;
Еңбекті қорғау жөнінде ұжымдық келісім;
Еңбекті қорғау шарты бұзылған жағдайдағы жауапкершіліктің
түрлері.
Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңында, бүкіл жұмысшылардың өзара қарым-қатынастарын реттеп отыру көрсетілген. Сол арқылы жұмыс өнімділігін, хәл-ауқатын және халықтың мәдени рухын көтеру.
Еңбекті қорғау заңдарын және де нормативтік актілерді Қазақстан республикасының аумағында тексеру жұмыстарына кедергі келтірген азаматтар құқықтық әкімшілік жауапкершіліктерге тартылады.
Белгілі бір кәсіпорын қызметкері еңбек шартын бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылады. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау жұмыс барысындағы ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының кодексіне» сәйкес міндеттемелерінде, Кәсіпорындардағы жұмыс шарттары, Мемлекеттік стандарттардың талаптарына әр жұмыс орындары сай болуы тиіс, еңбекті қорғау қауіпсіздік ережелері бойынша.
Еңбекті қорғау мәселелерін шешу барысында басқару әректтерінің толық айналымын орындау қажет.
Жұмыс барысында жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеттілігі мен денсаулық сақтау қамтамасыз болуы үшін мынандай басқару функциялары орындалуы тиіс:
Еңбекті қорғаудың жұмыс жоспары, олардың ұйымшылдығымен үйлесірімділігі, есепке алу, талдау, бағалау, еңбекті қорғаудың бақылау жағдайы, еңбекті қорғау жұмыс жағдайын жоғарғы деңгейге жетілдіру.
Еңбек жайындағы заңды орындауды қадағалау инспекцияның арнайы мүшесінің уәкілі бакылайды. Мемлекеттік бақылау — Қазақстан Республиаксының басты прокуроры мен бағынышты құрылыстары.
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелердің нұсқаулары көпдеңгейлі мінездеменің үздіксіз көрінісі.
Нұсқаулар былай бөлінеді:
Кіріспе
Жұмыс орындағы біріншілік
Қайталану
Жоспардан тыс
Қалыпты
Жұмыс барысында қанағаттандырылмаған білім көрсеткен үшін -берілген нұсқауларды қата өтуі тиіс.
Техника қауіпсіздігінің және ұйымдастырылған санитарияның мөлшерлері мен ержелері жалпы, орта салалы және салалы болып бөлінеді. Жалпы ережелер мен мөлшерлер халық шаруашылығының барлық салаларының өнеркәсіптеріне мекемелеріне және ұйымдастығына қатысты болады. Жалпы ереженің үлгісі ретінде «өндіріс өнеркәсіптерін жобалаудың санитарлық мөлшерлері», «электр жүйелерін құру ережелері» (ЭЖҚЕ) және т.б. қарастырылады.
4.1.2 Жұмыс орнын ұйымдастыру
Оператордың жұмыс орны — ақпарат көрсету құрылғылары, басқару құралдары мен қосымша құрылғылармен жабдықталған, еңбек түрімен байланысты — адам және машина жүйесіндегі орын.
Жұмыс орнын ұйымдастыру, негізінен еңбек түріне және еңбек шартына байланысты.
Ыңғайлы еңбек шарты — оператор денсаулығымен жақсы көңіл-күй сақтау және жұмыс істеудің оптималды динамикасын өсіретін сыртқы орта күйі, әсері. Оператордың жұмыс орнындағы ыңғайлы еңбек және жоғары өнімділік негізгі технологиялық құрылғыларға да байланысты болады. Жұмыс орны отырып та, тұрып та жұмыс істеуге ыңғайлы етіп ұйымдастырылуы керек.
Жұмысшының күйін таңдау кезінде мыналар есепке алыну керек:
Жұмыс орнындағы еңбек шарты ыңғайлы және жоғары өнімділікті болуына қосымша құрылғылармен ұйымдастырушылық техникалық орнықтыру да әсер етеді.
Сондықтан олар эргономикалық талаптарға сай болу керек.
Өндірістік ауданның көлемі де жұмыс орнын ұйымдастыруда негізгі параметр болып келеді.
Біріншіден, бұл ауданда қауіпсіз әрі аз қуат жұмсап еңбек процесі бірқалыпты өтуіне сай болуы керек, яғни технологиялық нормаларға сай болуы тиіс.
Екіншіден, өндірістік ұйымдарды жобалаудың санитарлық нормаларымен қарастырылғанындай бір жұмысшыға арналған аудан 4,5 м/кв кем болмауы керек.
Жұмыс орынының ұйымдастырылуы көбінесе оператордың жұмыс мінезіне және жұмыс жағдайына байланысты болады.
Оператордың жұмыс орны келесі мінездемеге сәйкес келеді:
Жарықтандыру: табиғи (жақ терезелері арқылы) және жалпы жасанды;
Жасалатын жұмыстардың түрі: қолданбалы программалардың сұхбат тәртіпте үздіксіз жұмыс;
көзге түсетін салмақ: жұмыс орнының жарықтандырылуы,
объектінің мөлшері, 0.3 - 0.5 мм.
Жұмыс орнында операторға келесі факторлар кері әсер етеді:
Сондықтан осы қауіпті факторларға қарсы қорғану шараларын құру қажет.
Өндірісте шаршағандыққа әсер ететін факторлар:
жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылмауы, эргономикалық талаптардың орындалмауы, құрылғылардың рационалды емес орналасуы және т.б.;
еңбек ету процесі ұйымдастырылуының өзі оператордың келгеннен-ақ, жүйке жүйелерінің төмен қимылдауымен бірге қиында және ауыр есептерді шешу керек. Еңбек ету мен демалудың алмасуы маңызды роль атқарады.
4.2 Өндірістегі метеорологиялық жағдайлар
Өндірістік ортаның метеорологиялық шарттарын мінездейтін негізгі фактогрлар: температура, ауаның ылғалдылығы, ауаның жылуы, жылулық сәулелену. Бұл жағдайлардың барлығы организмнің қоршаған ортамен жылу алмасуына әсер етеді.
Жағымсыз метеорологиялық шарттардың ұзақ әсері адамға көңіл күйін нашарлатады, жұмыс өнімділігін түсіреді және де әр түрлі ауруларға әкеледі.
ДЭЕМ орналасқан негізгі өндірістік бөлмелер бірдей болады және оларда келесі климат көрсеткіштері сақталады:
Ауа температурасы суық кезде — 20-22 С, жылы кезде — 22-24 С
Ауа ылғалдылығы суық кезде — 40-60%, жылы кезде — 55-75%
Ауа қозғалысының жылдамдығы — 0,2м/с
Бөлмеде ауа температурасы 22С кезінде ауа ылғалдылығы 31% құрау керек.
Вентиляцияның негізгі мақсаты — ауаның алмасуын қамтамасыз ету, ол жұмыс бөлмесінен қыздырылған немесе ластанған ауаны шығарады және таза ауа береді. Ауаның алмасуын қамтамасыз ететін тәсілдері бойынша вентиляция табиғи және механикалық болып бөлінеді.
4.3 Техника қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі — жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін алдын алатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
4.3.1 Электр қауіпсіздігі
Құрылғының жұмыс істеуі үшін электр желісімен қоректену кернеуі 220 В, ток жиілігі 50 Гц болуы тиіс. Қоректену кернеуінің өзгеру диапазоны 49,5 Гц — 50,5 Гц аспауы қажет.
Электрлік оқшаулану күйін бақылау үшін оқшаулауды периодты сынау қажет. 1000 В дейінгі электр құрылғыларындағы оқшаулау кедергісін өлшеу және сынау үшін М1101 типті мегомметрлер қолданылады.
Электрі қоректену бейтарап жерлендірілген станциядан жасалынады. Яғни, кездейсоқ токқа түсуден сақтану үшін қорғанушы нөлдеу пайдаланылады.
ЭЕМ-де нөлдеу тарату пунктіне қосылған желілік сым көмегімен және электрлі қоректену розеткасына арнайы қосылады. Корпусқа тұйықталу кезінде желінің зақымдалған бөлігін таңдап өшіретін максималды токтық сақтану қосылады. ЭЕМ-ді қысқа тұйықталу тогынан жерге қосу арқылы қорғау 60А қосылатын токтық тағайындалымы бар және толық өшу уақыты 0,3 с электрлі магнитті бөлшектегішті автомат көмегімен іске асырылады.
Қорғаушы құрылғыларды дұрыстығы әрбір қолданылуы алдында және әр 6-12 ай сайын тексеріледі.
Дербес ЭЕМ-ді орналастыру кезінде келесі ережелер сақталады:
— құрылғылар қыздырғыш приборлардан бір метрден кем емес қашықтықта орналасады, сондай-ақ дербес ЭЕМ, сервер және жұмыс станциясының пультінің алдыңғы жағынан 1 метрден кем емес және қызмет көрсетуші тұлғалардың жете алуы үшін жан-жағынан 0,8 метрден кем емес жол қалдырылады. Дербес ЭЕМ процессорының арт жағы қабырғадан 0,2 метрден кем емес қашықтықта орналасады;
құрылғы түбімен үстел бетінің арасындағы саңылау ауаның еркін өту мүмкіндігін береді;
құрылғы күн сәулесінің тікелей әсеріне түспеі тиіс.
Желілік розетка мен электр желісіне қосушы айырда жерлендіруші конттактары бар. Жерлендіру кедергісі 0,5 Ом аспайды.
4.3.2 Электр тогының адам ағзасына әсері және оған көрсететін алғашқы жәрдем
Адам ағзасына электр тогының әрекеті жылулық күю, механикалық (ет бұлшықтарының үзілуі), химиялық (электрлиз) және биологиялық (ет бұлшықтарының тартылуы, дем алудың және жүректің параличі) болады.
Зақымдалмаған, құрғақ және таза тері, ал сонымен бірге адамның денесі 10000-нан 100000 Ом-ға дейін қарсылығы болады.
Зақымдалған, таза емес және ылғалды терінің қарсылығы төмен болады. Ол 1000 Ом-ға дейін төмендеуі мүмкін. Адам терісінің электрлі қарсылығы болуы 1000 Ом-мен есептеледі.
Тері қарсылығы, сонымен қатар дененің қарсылығы келесі жағдайлар өскен кезде түседі.
Электр жарақат ауырлығы ток параметрі мен әсер ету ұзақтығына байланысты. Электро жарақат кезінде ең қауіптісі дененің күюі емес, ең қауіптісі - өмірлік маңызды органдар арқылы ток өткен кезде болатын физиологиялық бұзылулар.
Электр тогы адамды соққаннан кейін алғашқы медициналық көмек дереу, оқиға орнында көрсетілуі керек.
Адамға әсер етіп жатқан токты тоқтату; разеткадан сымды суыру, рубильникті өшіру; Адамға тиген токты үзу және т.б.
Токты өшірген кезде, зиян шеккен адам биікте болған жағдайда оны құлаудан сақтандыру.
Естен тану мен ауыр жарақат болса, зиян шегушінің тынысы мен жүрек соғысын қадағалау керек. Жүрек соғуы тоқтап қалған жағдайда, тоқталмай, лезде жасанды тыныстандыу және тікелей жүректі уқалау керек. Жүрек соғысы қайта жалғасу үшін, жүрек тұсынан алақанмен соғып қалу әдісін қолдануға болады және осы әрекеттерді «жедел жәрдем» келгенше, керек болған жағдайда қайталап отыру.
Жүрек соғысы мен тыныс алу қалпына келгеннен кейін, күйген жерлерге құрғақ асептикалық таңу қою керек. Сүйек сыну болса, қолда бар заттармен сынған жерге зақым келмейтіндей етіп таңу.
Егер дененің күйген жері кішкентай болса, кәдімгі бинт қолдану керек. Егер үлкен болып күйген болса, стерильденген мата қолдану керек.
Күйген жерлерге дәрілік заттар қолдануға болмайды — сұйықтық , мазь, ұнтақ.
Электро ток әсеріне ұшыраған барлық адамдарды күйіне қарамастан көтеріп емдеу орталықтарына жеткізу міндетті түрде орындалуы керек. Өйткені жүрек соғысы мен тыныс алу жүйесі қайта бұзылуы мүмкін.
4. 4 Өндіріс орнына қойылатын санитарлық талаптар
4.4.1Өндірістік жарықтандыру
Желілік энергия көзінің табиғатына байланысты: ол қарапайым, жасанды және аралас жарық болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай жасанды жарық: жұмыстық, апаттық, эвакуациялық және қорғаныстық болып бөлінеді.
Апаттық жарық жұмыс жарығы кенеттен өшіп қалған жағдайда автоматты түрде іске қосылады да жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді.
Эвакуациялық жарық апаттық жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін және құнды бұйымдарды алып қалу мақсатында қолданылады.
Жүйелік жарық үшін келесі шарттар орындалу керек:
жұмыс орынында жарықтың біркелкі таралуы;
жұмыс орны мен қоршаған ортада жарықтың жеткілікті мөлшерде берілуі;
жарықтың тұрақтылығы;
жарық ағымының дұрыс бағытталуы;
электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы,
4.4.2 Дірілден және дыбыс өрістерден қорғану
Дірілден — бұл күнделікті өмірдің бөлінбес бөлшегі. Адамның ағзасына теріс әсерін тигізбейтін шудың максималды деңгейі 80 дБ құрайды. Шудың ұзақ әсері адамның есту деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Орта деңгейде (50-70 дБ) адамның есту қабілеті 5 жылдан кейін төмендеуі мүмкін, ал 80 дБ-дан жоғары көрсеткіште 1 жылдың ішінде нашарлауы мүмкін.
Діріл тудыратын негізгі факторларға негізінен инженерлі және санитарлы-техникалық құралдар, сонымен қатар өндірістік және жұмыста үлкен динамикалық ауырлық туғызатын және құрылыс алаңдарында діріл туғызатын траспорттық құралдар (метрополитен, ауыр жүк машиналары, теміржол пойыздары, трамвайлар) жатады.
Дірілдің екі түрі бар:
1. қондырғылардың, машиналардың жалпы дірілі;
2. жергілікті тербеліс
Дірілдің әсері адамның орталық жүйке жүйесіне ғана емес, жүректің қан тамырлар жүйесіне, сүйек-буын мүшелеріне зиян келтіреді. Адам ағзасына тигізетін әсері жазылмайтын «діріл дерті» деген дертке әкеп соғады.
4.4.3 Өндірістік сәулеленуден қорғану
Электрлі магниттік және рентген сәулелерінің зиянды әсерлерін азайту үшін маниторларға қорғаушы экран қойылады.
Электрлі магниттік өрістен сақтану, өзіне «уақытпен сақтануды» (4 сағат жұмыс, 1 сағат үзіліс) қосатын ұйымдастырылған техникалық шаралар кешенінен тұрады. Магнитті өрістен сақтану үшін «қашықтан сақтану» (экраннан қашықтық 70 см кем болмауы тиіс) ұсынылады. Сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерлері радиобелсенді қауіпсіздігі мен иондаушы сәуле көздері мен жұмыстың негізгі санитарлық ережелерімен анықталады.Қызметкерлердің қауіпті аймақта болу уақыты ол рұқсат етілген сәулелену дозасын алу уақытынан аспауы тиіс.
4.5 Өрт қауіпсіздігі
Өртке қарсы қорғаныс — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті тоқтатуға, өрттің таралуына жолбермеуге және өртті сәтті сөндіруге байланысты шараларға бағытталған әрекеттердің техникалық және ұйымдасқан кешені.
4.5.1 Өрт сөндіргіш құралдар және өрт сигнализациясы
Кіші көлемді өртті жоюға арналған өрт сөндіргіштерге келесі құрал-саймандар жатады: өртке қарсы су жүргізушілер, от сөндіргіштер, құрғақ топырақ, асбесті көрпелер және т.с.с.
ДК машиналық залдарда, басқарып өлшеу құрылыстары бар бөлмелерде салмақты зақымдандыру немесе қымбат қондырғының толық істен шығу мүмкіндігін еске ала отырып, сумен сөндіруге тек ерекше кезде, яғни өрт үлкен қауіпті көлемде болса ғана рұқсат етіледі.
Бастапқы кезеңдегі өртті тоқтатуға көбіне өртсөндіргіштер пайдалынылады. Отты сөндіретін заттардың құрамына байланысты өртсөндіргіштер келесі негізгі топқа бөлінеді:
Көбікті өртсөндіргіштер жанғыш сұйықтар, әртүрлі материалдар, ток көзіне қосылған электр құралдарынан басқа конструктивті элементтер мен құралдарды сөндіргенде қолданылады.
Газдық өрт сөндіргіштер, бұл көбінесе сұйықтар мен қатты заттарды және де қуат астындағы электр қондырғыларды сөндіруге қолданылады.
Көмірқышқыл өртсөндіргіштер, бұлар өрт сөндіруде жоғары сапалы болып саналады, себебі өртті басу кезінде олар электр қондырғыларды аман сақтайды, көмірқышқыл газдың диэлектрикалық қасиеттерін жоймайды және электр қондырғыларды токтан тез арада өшірмеген кезде де осы өртсөндіргішті қолдануға болады.
Қазіргі кезде сулы және көбікті өрт сөндіргіштердің 2 типі қолданылады:
Спринклерлі орнатқыш — өрттің алғашқы кезеңіндегі тез өртенетін материалдардың өртенуін сөндіру үшін қолдануға болатын құрал. Спринклерлі орнатқыштар температураның қорғау көлемінің берілген шамасынан асып кеткенде автоматты түрде іске қосылады.
4.4.2 Өртке қарсы профилактикалық шаралар
Өрт профилактикасы — өрт болған жағдайда жұмысшыларды қауіпсіз жерге шығару ыңғайлы болатындай, оттың таралуына жол бермейтін өртке қарсы ескертулер мен іс-шаралар жиынтығы.
Өндірістік ортада негізінен көмірқышқыл өртсөндіргіштері қолданылады. Олардың негізгі ерекшеліктері: көмірқышқыл газдың диэлектрлік қасиеттерінің арқасында бұл өртсөндіргіштерді электр қондырғылардағы өртті жылдам сөндіруге болады. Объекттерді автоматты стационарлы өртсөндіру жүйелерімен жабдықтау керек. Негзінен газды өртсөндіру қондырғыларын қолданған дұрыс. Ол қондырғыдағы газ ауадағы оттегіні азайтады. Өрт туралы хабарлау үшін электрлік және автоматты сигнализация қолданылады. Жылылық автоматты хабарлау жүйесі — температура белгіленген шегінен асқан кезде іске қосылады, түтіндік — ол көп түтін болғанда, ал жарықтық — өрт көрінген жағдайда іске қосылады. Автоматты қосылған кезде дыбыстық және жарықтық сигналдар беріледі, бүкіл жұмысшы топ ғимараттан шығуы керек. Қорғаныс автоматты жүйесі электроқоректендіру тоқтатады, ауа келетін жерлерді жабады, желдеткіштерді сөндіреді, өрт сөндіргіш жүйесін іске қосады өшіреді.