табылады. Себебі ол өзін-өзі дамытуға және тәжірибедегі терең рефлексияға негізделген.
19
Педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқыту екі
негізгі формада іске асырылады: жеке және ұжымдық.
Жеке формалары:
- педагогика, психология және басқа ғылымдар әдістемесінің теориялық
мәселелерін өз бетінше зерделеу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- ғылыми мақалаларды, монографияларды рефераттау;
- оқу бағдарламаларын, сабақтардың, тәжірибелік сабақтардың мазмұнын, көрнекі
материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік кешендерді өз бетінше дайындау,
бақылау құралдарын (сауалнамалар, тесттер және т. б.) әзірлеу;
- авторлық бағдарламалар
мен курстарды, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын
әзірлеу;
- жеке педагогикалық тәжірибені есеп, өзін-өзі талдау, баяндама, хабарлама,
презентация, мақалалар түрінде рәсімдеу;
- шығармашылық материалдарды (өзінің білім беру қызметінің
тұжырымдамаларын, сценарийлерін, ашық сабақтарын, эсселерін, БАҚ-та
жазбалар мен
мақалаларын және т. б.) әзірлеу;
- Интернет-курстар, форумдар, блогтер, семинарлар, вебинарлар және т. б. арқылы
өздігінен білім алу;
- ғылыми-әдістемелік өнімдерді сараптау;
- "ашық" іс-шаралар өткізу;
- өзін-өзі бағалау және өз тәжірибесіне диагностика жасау;
- өзінің білім беру қызметі мен мекеме қызметінің жарнамалық жобаларын
(буклеттерін) жасау және т. б.
Субъектілердің тең құқылы өзара іс-әрекет негізінде педагогтердің ғылыми-
әдістемелік құзыреттілігін дамытудың ұжымдық формалары:
- ғылыми-әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқулар және әр түрлі
деңгейдегі проблемалды талқылау, талдау семинарлары;
- пәндік комиссиялар, әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтар
шеңберінде тұрақты жұмыс істейтін семинарлар;
- ұжымдық эксперименттік жұмыс жүргізу;
- әдістемелік, ғылыми-әдістемелік кеңес отырыстары;
- ашық іс-шаралар;
- педагогтің жұмысын зерделеу немесе тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға
өзара қатысу;
- педагогтерді
аттестаттау;
- кеңестер;
- ғылыми диспуттар, дискуссиялар, талқылаулар, іскерлік ойындар, коучингтер,
тренингтер;
- ғылыми-әдістемелік және педагогикалық шеберлік байқаулар мен фестивальдер;
- ақпараттық шолулар және т. б.
- әдістемелік кабинет жұмысына қатысу.
Әдістемелік кабинет - ақпараттық қызметтің негізгі құрауышы. Басты рөлі өзінің
және қаланың, өңірдің, республиканың, басқа да елдердің оқу орындарының білім беру
қызметі туралы ақпаратты жинау мен жинақтау.
Әдістемелік кабинеттің қызметі: аналитикалық, диагностикалық, жобалау,
консалтингтік, зерттеу, қамту, үйлестіру және сараптама түріндегі негізгі
функцияларына
сай ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: