Лекция тақырыбы: Басшылық: билік және ықпал ету Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.12.2023
өлшемі198,01 Kb.
#133475
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 лекция



№13 Лекция тақырыбы: Басшылық: билік және ықпал ету
Лекцияның оқыту нәтижелері:
ұйымның басшысы,
көшбасшылік, жетекші 
қызметкерлік туралы біледі, әсер, ықпал, және билік
ерекшеліктерін 
түсіндіреді, сендіру мен қатысу мәселесін шешеді. 
Лекция мазмұны.
1.
Ұйымдағы басшылық 
2.
Ықпал ету және билік формалары 
3.
Сендіру мен қатысу 
1.
 
Ұйымдағы басшылық 
1. Ұйымдағы басшылық 
Басшылық басқарудың маңызды компоненті болғанына қарамастан
көшбасшылер (жетекші қызметкер) үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. 
Көшбасшыдің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен 
өлшенеді. Кейде шешімді көшбасшылік ресми ұйымға да кедергі келтіруі 
мүмкін. Мысалы, бейресми ықпалды көшбасшы ұжымның нашар жұмыс 
істеуіне және өнімнің сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін. 
Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер арасындағы 
айырмашылықты көрсетті. Басқару - бағыныштыларды өздеріне арналған 
тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, 
ал көшбасшылік болса, керісінше, бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету 
процесі, деп атап көрсеткен. 
Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарастырылған ресми 
әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Көшбасшы болса, ресми емес 
әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, өз абыройымен жетеді. 
Ұйымның басшысы

көшбасшы, сонымен бірге, ол өз 
бағыныштыларын тиімді басқаратын адам, оның мақсаты – ұйымға берілген 
жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер 
ете білуі. 
Көшбасшылік, жетекші қызметкерлік
– 
бұл ұйымның мақсаттарына 
жету жолына бағыттау арқылы жекелеген адамдармен топтарға ықпал және 
әсер ете білу қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет