Мақсаты: Қазақ тіліндегі арнаулы лексикаға жататын сөздер мен пассив лексикаға жататын көнерген сөздер мен жаңа сөздер туралы білімдерін толықтыру, қазақ тіліндегі сөздіктердің түрлерін меңгертіп, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын, қызметтерін түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
1. Диалект сөздер, кәсіби сөздер, термин сөздер
2. Көнерген сөздер мен неологизмдер
Такырыбы №8 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары. Зат есім
Мақсаты: Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының белгілері, түрлері, қызметі туралы студенттерге толық білім беру, жаттығулар арқылы олардың қызметін анықтау, талдауға үйрету.
Сабақтың мазмұны:
Сөздерді топтастырудағы лексикалық, грамматикалық принциптер
Сөз таптары туралы. Зат есім. Көмекші есімдер
Такырыбы №9 Сан есім. Есімдік
Мақсаты: Студенттерге қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру, талдауға үйрету.
Сабақтың мазмұны:
Сан есім туралы түсінік.
Сан есім түрлері, түрленуі.
Есімдік, түрлері, түрленуі
Такырыбы №10Етістіктің түрлері мен категориялары
Мақсаты:Студенттерге, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылатынын түсіндіре отырып, олардың ерекшеліктерін меңгерту.
Сабақтың мазмұны:
Рай, шақ категорияларының ерекшеліктері
Болымды және болымсыз етістіктер.
Салт, сабақты етістіктер
Такырыбы №11 Еліктеу сөздер. Шылау. Одағай
Мақсаты: Тіліміздегі одағай, шылау, еліктеуіш сөздер туралы, анықтамасы, түрлері, жасалу жолдары мен қызметі туралы мәлімет беру, талауға үйрету.
Сабақтың мазмұны:
Еліктеу сөздер табиғаты.
Шылау және оның түрлері.
Одағай туралы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |