5.2 «Өлкетану. Менің туған өлкем» факультативтік курсы бағдарламасы 7- сынып оқушыларына арналған
Құрастырған: БҚО, Зеленов ауданы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің бірінші санатты тарих және география пәні мұғалімі Утарова А.К. 2017-2018 оқу жылы
Түсінік хат
« Өлкетану. Менің туған өлкем» факультативтік курсы бағдарламасы «Туған жер» мәселесін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып құрылды. Сонымен қатар «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.
Курстың мақсаты:Өлкетану материалдарын оқыту арқылы мектеп оқушыларына елдің тарихын таныстырып, меңгерту.Туып-өскен жері туралы мәліметті игерту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын қалыптастыру.
Өлкетану сабағының тәрбиелік мақсаты ретінде Отанына деген патриоттық, ұлтжандылық, азаматтық сезімді тәрбиелеу.Туған жерінің белгілі тарихи қайраткерлерінің өмірлерін оқып тану. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі туралы құжаттарды, мәліметтерді жинастырып, мектеп мұражайындағы жәдігерлер қатарын толықтыру
Өлкемізде тұратын ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы оқып-білдірту, таныстыру. Оқушыларға туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйрету. Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздеу. Өлке тарихы туралы материалдарды жинақтай отырып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік беру.
Оқу курсының міндеттері: -Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-география, Қазақстан тарихы, биология пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
-өлкенің тарихи ескерткіштерін қорғау жолдарын қарастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету;
-еңбек, өнер адамдарының жұмыстарын бағалай білуге үйрету;
-оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық және тарихи қызығушылықтарын арттыру;
-туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері туралы білімдерін кеңейту;
-жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: -өз Отанын сүйетін, оның тарихын, әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;
-оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады;
-оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу біліктілігі қалыптасады, олардың күнделікті істерге қатысу қабілеті дамиды;
-туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін біліп және құрметпен қабылдауға дағдыланады;
-туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын білетін болады: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, еңбегі сіңген педагогтар мен дәрігерлер және т.б.;
-өлкенің өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін білетін болады;
-өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлеуге дағдыланады;
-Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосады.
«Өлкетану. Менің туған өлкем» курсының оқу жүктемесі жылына 34 сағат, аптасына 1сағат.
Ұсынылып отырған бағдарлама жеті бөлімнен тұрады.
І бөлім:Туған өлкем – 2 сағат 1.Кіріспе.Өлкетану пәнінің ұғымы мен маңызы
2.Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласының басым бағыттары. Қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары. Ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасының өзектілігі. Ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық руханилықты жаңғыру мәселесі.
ІІ бөлім:Туған жердің табиғаты -7 сағат 1.Туған ауылының географиялық орны, жер көлемі, елді мекендердің тарихи маңызын білу.
Оқушыларды өздігінен зерттеу жұмыстарын жасауға дағдыландыру).
2.Жергілікті жердің өзен, көлін зерттеу және оларды пайдалану жолдары.
3. Туған өлкенің табиғи ресурстарының тізімін құрастыру, және оның түрлерін анықтау.Адамзат мұқтажы үшін қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің пайдасы мен зиянын білу.
4.Өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы (Топырақта тіршілік ететін организмдер. Оқушыларды топырақтың түрлерімен,құнарлылық қасиетімен таныстыру және өлкенің топырағын зерттеу).
5.Туған өлкенің флорасы мен фаунасы.Дәрілік өсімдіктердің түрлері (өлкенің өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі. Қызыл кітап және өңірдің «Қызыл кітабына» кірген жануарлары).
6.Өлкенің ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті.
7.Туған жердің табиғатын қорғау аясында тәжірибелік сабақ (Жинақтау.Жоба қорғау. Шығармашылық жұмыс).
ІІІбөлім: Өлкенің мәдени мұрасы - 9сағат 1.Ауылдағы тұңғыш мектеп, қай жылы ашылды, қалай аталды, алғашқы түлектері. Мектептің тарихы(ауыл мектебінің тарихы туралы мағлұматтар жинақтау).
2-3.Ауылдағы ескерткіштер тарихымен танысу, ашылу себептері.Ескерткіштер арқылы тарих қойнауына үңілу( өлкенің ескерткіштері, тарихи деректері).
4.Ауылдың мәдениет саласында еңбек еткен адамдар, өнерлі адамдары туралы деректер жинау (мәдени саласында еңбек еткен тұлғаның шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинау).
5.Табиғи мұра және табиғи қорлары деректер мен зерттеулер (өлкенің табиғи мұра ескерткіштері, ландшафт ерекшеліктерінң әр түрлі сипаты, табиғат нысандарын зерттеу).
6.Тарихи археологиялық ескерткіштеріне сипаттама, ерте және орта ғасырлардағы жәдігерлер (өлкедегі археологиялық зерттеулер нәтижесіндегі табылған жәдігерлерге талдау жасау).
7.Қазіргі тарих және мәдениет ескерткіштерін талдау( ХІХ – ХХІ ғасыр тарих және мәдениет жәдігерлерінің пайда болу тарихы).
8.Мектеп мұражайларындағы материалдармен танысу(саяхат сабағы).
9.Өлкенің мәдени мұрасына қатысты тәжірибелік сабақ (жинақтау. Қорытындылау, презентация).
ІҮбөлім:Шежірелі – туған өлкем - 5сағат 1.Ауыл тарихы, атауы туралы не білеміз?(Ауыл тарихы және атауы туралы деректер жинақтау).
2.Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлар өмірі, ерлік істері(Туған өлкенің тарихына кірген билер, ақындар, батырлар мен палуандар. Тұлғалардың тарихтағы рөлі мен өлке тарихына бекер кірмегендігі).
3.«Шежірелер сыр шерткенде» Өлке шежіресі туралы деректер жинақтау.
4.Ауыл кітапханасына саяхат( Саяхат сабақ).
5.Шежірелі – туған өлкем тарихына қатысты тәжірибелік- сабақ (Жинақтау, Қорытындылау, презентация)
Ү бөлім: Батырлар рухы өшпейді–5сағат 1.Ұлы Отан соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі туралы әңгімелеу
2.Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігін бағалау
3.Аудан, облыс мұражайларымен танысу(саяхат сабақ).
4.«Ауылдас еңбек ардагерлері», олармен кездесулер ұйымдастыру.
5.Батырлар рухы өшпейді тарихына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік сабақ( Қорытындылау, презентация, жоба қорғау).
ҮІ бөлім: Ауылымыздың демографиялық жағдайы- 3сағат 1.Ауыл халқының туу, өсуі, өлім туралы статистикалық мәлімет жинақтау, зерттеу.
2.Халық саны, әлеуметтік жағдайы (ауыл халқының тұрмыс тіршілігімен танысу).
3.Ауылымыздың демографиялық жағдайына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік сабақ(Қорытындылау, презентация).
ҮІІ бөлім:Туған өлкенің бүгінгі келбеті–3сағат 1.Ауылымыздың қазіргі кезеңдегі дамуы туралы мәліметтер (ауылымыздың қазіргі келбеті туралы зерттеу жүргізу).
2.Ауылдағы әлеуметтік нысандар. Ауыл әкімшілігі, фельдшерлік – акушерлік пункт(ФАП), пошта, дүкендер (ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысу).
3.Өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы деректер жинақтау
Қорытынды сабақ Табиғатты қорғау. Топсеруен. Туған өлкенің табиғатын қорғау. Табиғатты аялайық. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыру.