Бағдарламасы 8-с. Астана-2012 Астана қаласының Білім басқармасы



бет1/3
Дата01.05.2023
өлшемі25,95 Kb.
#88697
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
15 такырып


15-ТАҚЫРЫП: ГЕОГРАФИЯДАН ӨТІЛЕТІН ФАКУЛЬТАТИВТIК КУРСТАР

15.1 «Табиғатты қорғау негіздері» факультативтік курсы бағдарламасы 8-с. Астана-2012


Астана қаласының Білім басқармасы
Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Түсінік хат
Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кез еңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдай дың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңда тушылық туғызып отырғаны сөзсіз.
«Табиғатты қорғау негіздері» факультативтік курстың бағдарламасы табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.Бағдарлама география-биология пәнінің мұғалімдеріне арналады.
Курстың мақсаты: оқушылардың қоршаған табиғи ортаға адам қоғамы ның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесі жайлы түсініктерін тереңдету.
Курстың міндеттері:
1.Оқушылардың география және биология пәндері бойынша білім дерін тереңдету.
2.Оқушыларды еліміздің табиғи жағдайлары мен табиғи ресурс тарына экологиялық тұрғыдан баға бере білуге қажетті әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізе білуге,жинақталған материалдар ды жүйелеп,қорытынды мен дәйектемелер жасай білуге үйрету.
3.Планетарлық деңгейдегі біртұтастылық принципін сақтай отырып, жергілікті жердегі экологиялық жағдайлардың жалпы қоршаған ортаға әсерін көрсету.
4.Оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыра отырып,энциклопедиялық, статистикалық,
картаграфиялық деректерді, ғаламтор жүйесінен алынған ақпараттарды өз бетімен өңдей білуге дағдыландыру.
Курсты жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрас тырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді.
Курстық нәтижелігін бақылау формалары:
Курсты қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда: реферат тар жазу,баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу, жобалар ұсыну,тест жүргізу және т.б
Курстың мазмұны мен құрылымы
(Барлығы 85 сағат,аптасына 2,5 сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Табиғи ортаны қорғаудың маңызы және міндеттері
Адам және қоғам (7 сағат)
Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері.Экологиялық түсініктер.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы.Негізгі тарихи кезеңдер.
1-сарамандық жұмыс
Адамның табиғатқа әсерін бақылау
Табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану (5 сағат)
Табиғат байлықтарын топтау.Оларды тиімді пайдалану жолдары.Қазақ станның табиғи байлықтары.Туған өлкенің табиғи байлықтары.
2-сарамандық жұмыс
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орналасқан өндірістік кешендер жүйесінің сызбасын сызу.
Су байлықтары және оларды қорғау (12 сағат)
Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы.Су бай лықтарының таралу географиясы.Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі. Қазақстанның су байлықтары, олардың қазіргі экологиялық жағдайы.Арал және оның экологиялық проблемалары.Каспий теңізі және оның байлығын игерудегі жүргізілетін табиғатты қорғау жұмыстары. Зайсан, Марқакөл, Алакөл суын пайдалану және оларды ластанудан сақтау. Қазақстан өзендерінің суын тиімді пайдалану және қорғау.Жер асты суларын тиімді пайдалану және ластанудан сақтау жолдары. Мұздықтарды қорғау. Жергілікті жердің су байлықтары және оларды қорғау проблемалары.
3-сарамандық жұмыс
Жергілікті жердің табиғи су көзіне саяхат.
4-сарамандық жұмыс
Жергілікті жердегі табиғи тұщы су көздерінің ластану себептерін анықтау және оны сақтау жолдары.
Ауа қабатын қорғау (9 сағат)
Атмосфера туралы түсінік.Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар.Атмосфераның ластануы және оны ластайтын негізгі көздер. Шудың зияны. Автокөлік және қоршаған орта. Дүние жүзінің ауа кеңістігінің кең көлемде ластануының болу себептерін анықтау және оларды қорғаудағы халықаралық келісімдер. Қазақстандағы ауа кеңістігін қорғау туралы Заң. Жергілікті жердің ауа бассейнінің ластануы.
5-сарамандық жұмыс
Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі кәсіпорындарды анықтау.
Жер байлықтары және оларды қорғау (10 сағат)
Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы. Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы. Минералды тыңайтқыштар мен басқадай химикаттардың топыраққа тигізетін әсері. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңы. Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары. Жер байлықтарын мелиорациялау және тиімді пайдалану жолдары. Шөлдердің ұлғаю проблемасы.Жергілікті жердің топырақ байлықтарын пайдаланудағы проблемалар.
Сарамандық жұмыс №6. Жергілікті жердегі топырақ эрозиясымен танысу.
Сарамандық жұмыс №7 Қазақстандағы жерді рекультивациялау жұмыстарымен танысу және оның табиғат қорғаудағы маңызын анықтау.
Минералды байлықтарды қорғау (7 сағат)
Минералды байлықтар және оның маңызы. Қазақстанның минералды байлықтары. Қазақстанның пайдалы қазба байлықтарын қазып алудың тиімді жолдары.Жер қойнауындағы байлықтарды қорғау Заңы. Қайтып қалпына келмейтін пайдалы қазбаларды игерудің тиімді жолдары. Жергілікті жердің пайдалы қазбалары.
Сарамандық жұмыс №8. Қазақстанда өндірілетін пайдалы қазба үлгілері мен танысу және кен үлгілерін жасау.
Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары (7 сағат)
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.Орман байлықтары және оның маңызы.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер. Астана қаласын көгалдандыру мәселелері. Астана маңындағы орманды өсіру мәселелері.
Сарамандық жұмыс № 9. «Мектеп маңындағы ағаштар мен бұталарды есепке алу және қорғау жұмыстары».
Қазақстанның жануарлары және оларды қорғау (20 сағат)
Жануарлардың адам өміріндегі маңызы. Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар. Қазақстанның қорықтары. Алматы қорығы және оның Іле Алатауының табиғат кешенін қорғаудағы маңызы. Ақсу-Жабағылы. Наурызым қорығы. Қорғалжын қорығы. Марқакөл қорығы. Үстірт қорығы. Барсакелмес қорығы. Алакөл қорығы. Батыс Алтай қорығы. Қаратау қорықтары. Қорықшалар. Қазақстанның ұлттық парктері. Қазақстанның табиғат ескерткіштері.
Сарамандық жұмыс № 10.
«Қазақстанның табиғатын қорғау» картасымен жұмыс істеу. Жергілікті жерге жақын орналасқан қорық, қорықша, табиғат ескерткіштерімен танысу және негізгі мақсатын анықтау.
Табиғи кешендерді қорғау (6 сағат)
Табиғи кешендерді қорғау шаралары. Экологиялық соқпақ. Қорғауды қажет ететін жерлер мен территорияларды анықтау. Экологиялық жорық кезінде оқушылардың өзін ұстау ережелері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет