Қара қалпақ - Жағымсыз Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?
Қандай проблемалар бар?
Маған не ұнамайды?
Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.
Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?
Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.
Көк қалпақ - шолу Мен не аштым?
Тағы не ашылған жоқ?
Мен оны қалай аша аламын?
Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.
/Көк қалпақты барлық топтан кейін кері байланысты алу үшін пайдаланыңыз. /
79. Стикерлер тобы Бұл қалай жұмыс істейді:
1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).
2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.
3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі.
80. Жанды фотосуреттер
81. Бөлме – бұл карта!
82. Крестиктер-нөлдіктер Ереже 1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
83. Кезбе тілші Топтарда ……….туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет.
(мысалы: су тасқыны, Гастингстегі шайқас және т.б.)
1-оқушы:
телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)
2-оқушы:
Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы:
Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы:
Тілші сұхбат алатын куәгер.
84. Жадыны дамытуға арналған ойын 1)Сіздер топқа бөлінесіздер
Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, командасына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан/диаграммадан/сұлбадан/бумадан/графикадан/заттар ретінен барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады.
Ереже:
1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.
2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.
3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.
Сізге мынаны ойластыру керек:
· Диаграмманы және мәтінді толтыру үшін қандай стратегияны пайдаланасыз?
· Тиімді жұмысқа өзіңізді қалай бейімдейсіз немесе дайындайсыз?
· Сіздің ойыңызша, бұл тапсырмада қайсысы айтарлықтай жеңіл/қиын?
2) Реттілікті есте сақтаудың жақсы тәсілі – қайталау. Бүгін біз есте сақтайтын топтама/реттілік/серия:
Бұл қалай жұмыс істейді:
1-оқушы: Алдымен.........................................
2-оқушы: Алдымен...................................... одан соң............................
3-оқушы: Алдымен...................................... одан кейін............................, сондай-ақ.........................
4 және т.б. оқушылар: алдымен бастаңыз және келесі тармақты қосу арқылы жалғастырыңыз.
Осы топтаманы/реттілікті/серияны кім аяқтай алады?