Факультет: Жаратылыстану ғылымдары



бет1/2
Дата15.10.2023
өлшемі244,92 Kb.
#115375
  1   2

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Педагогика және психология кафедрасы





БӨЖ
Факультет:Жаратылыстану ғылымдары

Тобы:ЖХМ-211


Тақырып:Франциядағы орта білім жүйесі


Орындаған:Мұстафа Даниел


Қабылдаған:Құлахметов Болат


Жоспар
Кіріспе:
Франциядағы білім жүйесінің ерекшелігі


Негізгі бөлім:
Франциядағы бастауыш білім беру жүйесі
Франциядағы орта білім жүйесі
Франциядағы жоғары білім беру жүйесі


Қорытынды:


Пайдаланылған әдебиеттер:
Франциядағы білім жүйесінің ерекшеліктері
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады: а) бастауыш сынып (5жыл); б) колледж (4 жыл); в) лицей (3жыл). Бастапқы екі саты, яғни бастауыш сынып пен колледж бәріне бірдей міндетті (9 жыл). Бастауыш мектептің ролі 20ғ. басында жоғары деңгейде болды. Себебі, халық арасында сауатсыздар саны азая түсті. Бұнда білім алу міндетті және ақысыз. Бастауыш сынып 2 циклдан тұрады: 1) фундаментальды оқыту; 2) тереңдетіп оқыту. Аптасына 5 күн оқиды. Әр сыныпта 22-24 бала болады. Емтихандар жоқ. Сабақ аптасына 26 сағат болады. Оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді: 1-топқа: француз тілі, тарих, география, азаматтану, шаммамен оқыту мерзімі 40 пайыз; 2-топқа математика, жаратылыстану, технология 35 пайыз.; 3-топқа дене тәрбиесі , бейнелеу музыка 25 пайыз. 80ж басында бастауыш сыныпта шет тілін оқытуға эксперимент жүргізіледі.
Бастауыш сыныпты бітірген 11-12 жасар бала колледжге түсе алады. Бастауыш сыныпты бітірген барлық бала толық емес орта мектепке яғни 4 жылдық колледжге өтеді. Колледждің негізгі міндеті базалық тұрғыдан жалпы білімге дайындау мен мамандық бойынша білім беру. Колледж негізінен мектеп сияқты ұйымдастырылған, бірақ онда полупансион және кейде интернат деп бөлінуі кездеседі. Полупансинода балалар түс мезгілінде түскі тамақ ішеді. Ал, интернатта оқыса, апта бойы колледжде болып, тек аптаның соңында ғана үйлеріне барады. Колледжде білім 2 циклден тұрады, аралары 2 жыл: 6-5 сынып; бақылау немесе обзорный цикль; 4-3 сынып бағыт көрсету. Обзорный циклда бастауыш білімді толықтырылап, орта білімнің алғашқы сатысын бастайды. Бұл цикл оқушылардың бәріне ортақ. Ал цикл ориентации 2 бағыттан тұрады: 1) білімдік дайындық сыныптары, 2) технологиялық дайындық сыныптары. Колледжді бітірушілерге бітірді деген куәлік тапсырылады. Оқушылар үш пән бойынша яғни француз тілінен, математикадан, тарих пен географиядан жазбаша емтихан тапсырады. Лицей толық орта білім (3 жыл). Лицейде жалпы және технологиялық білім тереңдетіліп өтіледі. 2-класта (10 сыныпта) өтілетін сабақтар: міндетті пәндер: француз тілі, математика, шет тілі, тарих-география, физика-математика, биология-геология, дене тәрбиесі аптасында 23,5 сағат. Факультатив пәндер (3сағат). Бұл екі топқа бөлінеді: 
1) экономика және социологиятану, екінші шет тілі, эстетикалық циклдегі пәндер, арнайы спорт түріне дайындау; 
2) лабораториялық технология. Бір факультативті таңдау міндетті.
Бірінші, бітіруші сыныптар арнайы секциялардан тұрады: А секция. Бұл іштей секцияларға бөлінеді. А1-гуманитарлық математика; А2 - шет және ежелгі тілдер; А3 - гуманитарлық өнер; В секциясы; S секциясы; 



20ғ. 60ж. дейін Франция бірінші орында гуманитарлық пәндер болды: әсіресе көне тілдерді оқыту болатын. Ал қазір бірінші орында математика жетік дамыған С секциясы болды. Яғни түлектер жалпы бакалавр дәрежесіне немесе технологиялық бәілім алу үшін емтихан тапсырады. Лицейді бакалавр дипломымен жақсы бітірген талапкер университетке емтихансыз түсуіне құқылы. Емтихандар арнайы бекітілген мемлекеттік комиссия алады.

Франция немесе ресми түрде Француз Республикасы – Еуропадағы ең байырғы мемлекеттердің бірі. Ол тарихи ескерткіштердің, түрлі мәдениет және өркениеттің нағыз шоғырланған жері. Францияның көркемсурет өнері, әдебиеті мен сан қилы музыка мәдениеті әлемде кеңінен танымал. Франция – оқушылар мен студенттер елі.
Мұндағы оқушылар мен студенттердің саны 15 миллионнан асып, жалпы елдегі халық санының төрттен бірін құрап отыр. Оның 13 миллионы мектеп жасындағылар.
Қазіргі Француздық оқыту жүйесі соңғы екі жүз жыл бойына қалыптасып келді. Бүгінде ол әлемдегі ең алдыңғы қатарлы оқыту жүйелерінің бірі болып саналады. Бұл елдегі жүйенің бір ерекшелігі: астанасы мен шет аймақтарындағы білім беру сапасының бірдей болуында. Елде 7000 колледж, 2600 лицей бар. Жыл сайын білім беру саласына мемлекеттік бюджеттің 30%-ы жұмсалады.
Бастауыш білім беру Францияда міндетті және ақысыз. Көпшілік балалар 2-3 жастан бастап «аналық мектепке» ( ecoles matemelles ) барады. Онда мұғалімдер және психологтар 3-4 жыл оларды мектепке дайындайды.
Мектепте оқу 1967 жылдан бастап 6 жастан 16 жастағы дейінгілерге міндетті болып енгізілді. Францияның мектептік білім жүйесі ресейлік жүйеден артықшылығы – үш блокқа бөлінуінде. Алдымен балалар дайындық курсын қосқанда, 5 жыл бастауыш сыныпта оқиды, колледждерде оқу 4 жылға созылады, ал лицейлерде бұл мерзім 2-3 жыл. Бастапқы екеуі, яғни, бастауыш сынып пен колледжде оқу – міндетті болып келеді. Одан кейін орта білім алу үшін 11 жас пен 15 жастағылар төрт жыл ( 6-сыныптан 3-сыныпқа дейін ) колледжде оқиды. 1975 жылдан бастап бұл колледждер бірыңғай колледж деп аталады, 3-сыныптан кейін оқушылар таңдауы бйынша, жалпы (филология, экономика, жаратылыстану ғылымдары); кәсіби; технологиялық (медицина, социология, ғылыми және өндірістік технология) лицейлердің біріне түсуге дайындалады. Жалпы білім беретін лицейлерде оқу мерзімі үш жыл, мұны бітіргендерге университеттерге оқуға түсуге жол ашылмақ.

Лицей – орта білімді аяқтаушы жүйе және сонымен қатар жоғарғы білімге жетелеуші орда. Лицейде өз дәрежесінде білім алып, сынақтарды оқушылар 18 жасында тапсырады. Францияның университеттеріне, институттарына түсу үшін, міткердің бакалавр дипломы болуы міндетті. 1808 жылдан бастап, бакалавр дипломы ұлттық нышан тәрізді, ол ойдағыдай орта білім алғаны туралы куәләндірәді, жоғары оқу орнына түсуге жол ашады. Франциялық лицейдің ресейлік орта мектептен екі айырмашылығы бар: біріншіден, бұл бағытта мамандық таңдау ерте басталады, екіншіден, орта білім туралы аттестатты барлық лицей оқушыларына берілмейді, тек жақсы оқыған оқушылары, яғни 80 пайызы ғана ала алады. Сонымен қатар, Францияның өзінде мекен етпейтін шет ел балаларын да тек жеке меншік оқу орындарына ғана емес, мемлекеттік білім орындарына да оқуға түсуіне қолайлы жағдайлар жасалған.


Оқушылардың бағыт-бағдар таңдап алуы ( екінші жылға қалдыру, келесі сыныпқа көшу, білім алудың басқа бағыты ) екі жақтың: сол оқу орындарының өкілдері ( оқытушылар, әкімшілік ) және ата-анасы мен оқушы арасындағы әңгімеден кейін болады. Оқу орындарында дұрыс бағытты таңдауға көмектесетін арнайы кеңесшілер болады. Францияда колледжді бітірушілер сыныбы – 3-сынып мамандық таңдаудың ең маңызды, алғашқы баспалдағы болып саналады.
Францияның жоғары білім беру жүйесі бойынша, білім алудың 2 түрі ұсынылады: қысқа ( les formations courtes) және ұзақ ( les formations londes). Оқудың қысқа түрі көбінесе 2 жылды қамтиды және өндіріс, қызмет көрсету, коммерция салслары секілді практикалық тәжірибелермен байланысты. Бұл түрдегі білім беру жүйесіне мына оқу орындары жатады: Les Instituts universitaires de technolodie ( IUT ), Les sections de technicians superieurs ( STS) 
Сонымен қатар екі жыл оқыған соң, студенттерге тиісті дипломдарын береді, кәсіптік өмірге бейімделуге мүмкіншілік жасайды және де ең бастысы, жоғары білім беру мектептері өнермен, коммерциямен, денсаулық сақтау ісімен байланысты болады.
Бүгінгі күнде Францияның білім беру жүйесі одан әрі дамуда. Егер 1980 жылы студенттер саны 1,2 миллион адам болса, 2001 жылы ол 2 миллион адамға өсті.
Франция жеріндегі әрбір оныншы жоғары білім алатын студент – шет елдік болып келеді.
Қазірде Францияда оқушылардың басым бөлігі Ұлттық білім министрлігінің қарауындағы мектептерде білім алады. Ал мектеп жасындағы 100 мыңдай бала ақыл-есі немесе денсаулығындағы басқа бір оқуға байланысты Денсаулық министрлігіне қарасты мектептерде оқиды. 200 мыңдай оқушы ауыл шаруашылығына бейімделген мектептерде оқып, кәсіби немесе техникалық дайындықтан өтеді.
Ұлттық білім министрлігіне қарасты мектептердің мемлекеттікте , жеке меншік те болуы мүмкін. Жеке меншік мектептердің бастысын католиктік оқу орындары құрайды.

Франция немесе ресми түрде Француз Республикасы – Еуропадағы ең байырғы мемлекеттердің бірі. Франция – оқушылар мен студенттер елі.
Мұндағы оқушылар мен студенттердің саны 15 миллионнан асып, жалпы елдегі халық санының төрттен бірін құрап отыр.
Бастауыш білім беру Францияда міндетті және ақысыз. Көпшілік балалар 2-3 жастан бастап «аналық мектепке» барады. Онда мұғалімдер және психологтар 3-4 жыл оларды мектепке дайындайды.
Мектепте оқу 1967 жылдан бастап 6 жастан 16 жастағы дейінгілерге міндетті болып енгізілді. Францияның мектептік білім жүйесі ресейлік жүйеден артықшылығы –үш блокқа бөлінуінде. Алдымен балалар дайындық курсын қосқанда, 5 жыл бастауыш сыныпта оқиды, колледждерде оқу 4 жылға созылады, ал лицейлерде бұл мерзім 2-3 жыл. Бастапқы екеуі міндетті болып келеді. Одан кейін орта білім алу үшін 11 жас пен 15 жастағылар төрт жыл (6-сыныптан 3-сыныпқа дейін) колледжде оқиды. 1975 жылдан бастап бұл колледждер бірыңғай колледж деп аталады, 3-сыныптан кейін оқушылар таңдауы бойынша, жалпы, кәсіби, технологиялық лицейлердің біріне түсуге дайындалады. Жалпы білім беретін лицейлерде оқу мерзімі үш жыл, мұны бітіргендерге университеттерге оқуға түсуге жол ашылмақ.
Оқушылардың бағыт-бағдар таңдап алуы екі жақтың: сол оқу орындарының өкілдері және ата-анасы мен оқушы арасындағы әңгімеден кейін болады. Оқу орындарында дұрыс бағытты таңдауға көмектесетін арнайы кеңесшілер болады. Францияда колледжді бітірушілер сыныбы – 3-сынып мамандық таңдаудың ең маңызды, алғашқы баспалдағы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет