Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған



Pdf көрінісі
бет3/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

 
 
 
Пəн бойынша мағлұмат:
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсы 
нақты деректерге сүйенген, Қазақстан Республикасының қазіргі аумағандағы 
адамзат қоғамының қалыптасу процесін ашып көрсетуге тиіс. 
Бағдарлама кіріспеден жəне əрқайсысы проблемалық-хронологиялық 
принцип бойынша бөлінген үш бөлімнен тұрады. Бұл бағдарлама 
ортағасырлардағы Қазақстан тарихының соңғы ортағасырлар атты екінші 
бөлімін құрайды. Хронологиялық тұрғыдан бағдарлама Қазақстан аумағына 
моңғол татар тайпаларының басып кіруінен бастап ХҮІІІ ғасырдағы Кіші 
жүздің Ресей империясына бодандыққа кіруі кезеңіне дейінгі тарихи 
оқиғаларды қамтиды. Алдымен түркі дəуіріндегі Қазақстан тарихы өзінің 
мəдени, сан алуан саяси қарама-қайшылықтар мен біртіндеп өзіндік үлгіде 
даму қарқынымен ерекшеленсе, моңғол дəуірінде бұл аумақта бастан кешкен 
жергілікті түркі ру-тайпаларының əрқилы жағдайлары, моңғолдарға қарсы 
ерлік күрестері, саяси-əлеуметтік дамудағы төбегейлі бетбұрыстар, оның 
тарихи тағылымдары баяндалады.
Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының қалыстасуы жəне қазақ 
хандарының ішкі-сыртқы саясаттары ортағасырлар курсындағы ең басты 
оқиғалары осы қазақ хандары төңірегінде өрбиді. Бұл жерде қазақ 
хандығының негізін қалаған Керей мен Жəнібек сұлтандардан бастап, Қасым 
хан, Есім хан, Тəуке хан тағы басқалар билік құрған кездердегі Қазақ 
хандықтарының ішкі-сыртқы жағдайлары, құқтық басқару жүйелері, 
экономикасы, тб. курстың құндылықтарын арттырады. Ортағасырлар курсы 
Қазақстан аумағының Ресей империясының құрамына енгенге дейінгі тарихи 
оқиғаларды қамтиды. Курсты оқыту барысында студенттер отандық тарих 
мəселелері бойынша ғылыми зерттеудің қазіргі дейгейімен танысады. 
Курстың мақсаты:
Қазақстан тарихы пəнiн оқытудың мақсаты – студенттердi фактiлiк 
жəне теориялық мəселелер кешенiмен таныстыру, Қазақстан территориясын 
қоныстанған тайпалар мен халықтардың тарихы мен мəдениетi туралы, 
олардың этникалық жəне мемлекеттiк құрылысының дамуының тарихи 
заңдылықтарын ашу. Студенттердiң тарихи ғылыми дүниетанымын 
қалыптастыру, олардың танымдық қабiлеттерiмен негізгі деректер мен
мəлiметтерге сүйеніп тəжiрибелiк жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан 
сүйгiштiк 
сезiмдерiн 
қалыптастыру, 
бүкiл 
адамзаттық 
тарихи 
құндылықтарды ұғындыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет