Бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Механика» пәні бойынша



бет1/3
Дата14.05.2023
өлшемі62 Kb.
#92991
түріБағдарламасы
  1   2   3

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

«6M061100– астрономия»
мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«_Механика_» пәні бойынша

Механика дегеніміз бақылаулардың, күнделікті өмірдегі тәжірибелердің және арнайы жасалған эскперименттердің жалпылама қорытындысы екенін көрсету. Механика-эксперименттік ғылым болғандықтан студенттерді бақылау, физикалық шамаларды өлшеу және эксперимент жасаудың негізгі әдістерімен таныстыру қажет, пәнді оқыту физикалық демонстрациялар көрсетумен және жалпы физикалық практикумның лабораториялық жұмыстарын жасатумен қоса жүргізілуі қажет.





  1. Координат жүйелері. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау.

  2. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.

  3. Салыстырмалық принціпі. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.

  4. Табиғаттағы күштер және әсерлесулер. Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.

  5. Импульс моменті және күш моменті. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.

  6. Күш жұмысын анықтау. Потенциалдық және потенциалдық емес күштер.

  7. Потенциалдық энергия және оны нормалау. Механикалық энергияның сақталу заңы.

  8. Релятивтік бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы қатынас. Тыныштық массасы мен энергиясы арасындағы байланыс. Байланыс энергиясы. Массалар дефектісі.

  9. Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы. Өске қатысты дененің инерция моменті.

  10. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.

  11. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясы

  12. Қатты денелердегі деформация. Гук заңы. Юнг модулі.

  13. Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңы

  14. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс саны. Сұйықта қозғалатын денеге әсер ететін күштер.

  15. Тұтас ортадағы толқындар үшін Доплер эффектісі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет