Бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Саяси ілімдер тарихы» пәні 1


Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ саяси ілімі



бет5/14
Дата24.09.2022
өлшемі145,5 Kb.
#40099
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
12. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ саяси ілімі.
«Демократиялық лагерь» өкілдерінің саяси көзқарастары. Т. Джефферсон саяси ілімі мен олардың «Тәуелсіздік декларациясында» және «Құқықтар туралы Биллде» жүзеге асуы. Б. Франклиннің саяси және құқықтық көзқарастары. Т. Пейннің саяси-құқықтық идеялары. Оның «табиғи құқық» теориясы. Басқару формасы туралы көзқарастар. Бейбітшілік үшін күрес туралы көзқарастардың ерекшеліктері. «Федералистердің» саяси және құқықтық көзқарастары мен олардың А. Гамильтон саяси ілімінде көрініс табуы. 1787 ж. Конституцияда оның идеяларының жүзеге асуы. Федерация мен штаттардың өзара әрекеттесуінің принциптері. Дж. Адамстың саяси идеялары. Дж. Мэдисонның саяси-құқықтық ілімі мен олардың АҚШ Конституциясында жүзеге асырылуы.
13. XVIII ғ. аяғы–XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси ілімдер.
Германиядағы саяси идеологияның негізгі бағыттарын жалпы сипаттау. Г.-Ф. Гегельдің философиялық доктринасының саяси астары. «Абсолютті рух» саяси процестің басты факторы ретінде. Саяси иерархия мен саяси бостандықтар мәселесі. Саяси процестің динамикасы мен ақырғы мақсаты. Азаматтық қоғам идеясының тұжырымдамасы. Гегельдің билік бөлінісі теориясын интерпретациялауы. Гегельдің саяси идеалы.
И. Канттың саяси көзқарастары. Мемлекет пен құқықты негіздеу. Категориялық императив. Қоғамдық келісім мен халық суверенитеті. Мемлекеттің шығуы мен мәні туралы көзқарастар. Мемлекет формаларын жіктеу. «Мәңгілік бейбітшілік» теориясы. И. Кант және қазіргі заман. Фихтенің саяси-құқықтық теориясы. Оның көзқарастарының екіұштылығы мен қарама-қайшылықтығы. Халықтың үстемдігі идеясы. Мемлекет пен оның мәнін анықтау.
14. ХIХ ғ. европалық саяси ойдың негізгі бағыттары
Консерватизм және оның дамуының негізгі кезеңдері. Франциядағы консервативтік теория (Ж. де Местр және т.б.), француз революциясына жағымсыз көзқарас. А исторических традиций в творчестве Э. Берктің шығармашылығындағы британ парламентаризмі мен аристократизмінің тарихи дәстүрлерінің пологетикасы мен «торийлік» идеологияның қалыптасуы. Б. Дизраэлидің саяси көзқарастары қалыптасуына XIX ғ бірінші жартысындағы парламенттік реформалардың ықпалы. Т. Карлейльдің көзқарастарындағы әлемдік саяси процестің тарихи динамикасы. Неоконсерватизм.
Либерализм интеллектуальды және саяси ағым ретінде. Француздық либерализм (Б.Констан, А.де Токвиль). Монтескьенің билік бөлінісі теориясын қайта қарауы. Неміс либерализмі (В.фон Гумбольдт, Л.Штейн). Ағылшын либерализмі (И.Бентам, Дж.Ст.Миль). О. Конттың саяси-құқықтық идеялары.
Әлеуметтік дарвинизм және қоғам мен мемлекет туралы ілімді вульгаризациялауға тырысу (Ж.А.де Гобино, Г. Спенсер).
Социал-реформизм (Ф.Лассаль, Э.Бернштейн, Каутский) мен анархизмнің (Ж.Прудон, М. А. Бакунин, П. А. Кропоткин) саяси идеялары.
Славянофильдердің саяси идеялары.
Социалис-утопистердің саяси-құқықтық көзқарастары. А.Сен-Симон, Ш. Фурье, Р. Оуэн).
Марксизм: теориялық қайнар көздері мен құрамдас бөліктері. Саяси дамуды экономикалық негіздеу. «Коммунистік партияның манифесті». Саясатты материалистік түсіндіру. Марксизмнің негізгі қоғамдық саяси ағымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет