Органикалық заттарды қайта өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары
Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары
Полимерлер химиясы мен технологиясының қазіргі заманғы мәселелері
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Физикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері» пәні Тақырып 1. Химиялық термодинамика.
Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың бірінші бастамасын әр түрлі жүйелердегі процестерге қолдану. Реал химиялық процестер үшін Гесс заңының қолданбалы аспектілері. Термохимия. Бейорганикалық және органикалық заттардың түзілу және жану жылуларын есептеудің жуықтау әдістері.
Тақырып 2. Жылусиымдылық
Жылусиымдылық пен термодинамикалық функциялар арасындағы байланыс. Жылусиымдылық түрлері. Жылусиымдылықтың температураға тәуелділігі. Химиялық реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі.
Тақырып 3. Термодинамиканың екінші бастамасы.
Термодинамиканың екінші заңының статистикалық негізделуі. Энтропия. Қайтымды және қайтымсыз процестер үшін термодинамиканың екінші бастамасы. Әр түрлі процестер үшін термодинамиканың екінші бастамасы.
Тақырып 4. Химиялық тепе-теңдік.
Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі және тепе-теңдік константасы. Изотерма теңдеуі және химиялық реакцияның бағыты. Тепе-теңдік константасы және реакцияның стандартты Гиббс энергиясы. Тепе-теңдік константасы және реакциялық қоспаның құрамын өрнектеудің әр түрлі әдісі.
Тақырып 5. Тепе-теңдік константасына температура мен қысымның әсері.
Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасына температура мен қысымның әсері. Тепе-теңдіктің ығысу принципі. Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі. Реакцияның изобара және изохора теңдеулерінің анализі. Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасын кез-келген температурада абсолюттік энтропияны қолданып анықтау.
Тақырып 6. Статистикалық термодинамика элементтері.
Статистикалық термодинамиканың негізгі қағидалары. Макро- және микрокүйдің қасиеттері. Термодинамикалық ықтималдық және энтропия. Молекулалық күй бойынша жиынтық туралы негізгі түсінік.
Тақырып 7. Фазалық тепе-теңдік.
Фазалық тепе-теңдіктің негізгі заңдары. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Судың күй диаграммасы мысалы арқылы бір компонентті гетерогенді жүйелер. Эвтектикалы екі компонентті жүйелер. Термиялық анализ.
Тақырып 8. Тепе-теңдіксіз процестердің термодинамикасы
Тепе-теңдіксіз процестердің термодинамикасының негізгі түсініктері мен анықтамалары. Ашық және жабық жүйелер. Ашық жүйелерде энтропияның пайда болуы. Химиялық реакцияларға тепе-теңдіксіз процестер термодинамикасының заңдылықтарын қолдану.