Әлеуметтiк-экономикалық стратификация және әлеуметтiк-экономикалық құрылым ұғымдары. Әлеуметтiк-экономикалық стратификацияның объективтi негiздерi: табыс, өмiрдеңгейi, меншiк, капитал. Стратификациялық талдаудың негiзгi тәсiлдерi. П.Сорокин экономикалық стратификация және экономикалық мәртебенің флуктуациясы туралы. Стратификациялық жүйелердiң негiзгi түрлерi.
Нарық әлеуметтануы
Нарық әлеуметтанулық талдаудың объектiсi ретiнде. «Нарық» ұғымы. Нарықтық ұйымдастыру жүйесi. М.Вебер нарықтық жағдай туралы. Нарықты реттеудiң ерекшелiктерi. Нарықтық және бюджеттiк басқарылатын экономика. Нарықтық жағдайда таптық жағдайдың детерминациясы.
Шаруашылық идеология
Шаруашылық идеология түсiнiгi. Шаруашылық идеологияның 3 деңгейi: идеологиялық жүйе, экономикалық бағдарлама, бұқаралық сана деңгейiндегi шаруашылық идеология. Ұлттық менталитеттiң шаруашылық идеологияның қалыптасуына әсерi.Шаруашылық идеологияның негiзгi түрлерi.
«Жастар әлеуметтануы» пәні
Жастар әлеуметтануының тарихи және әдістемелік мәселелері
Жастар туралы ғылымның теориялық және әдістемелік негіздері. Жастар әлеуметтанулық білім жүйесінде. Жастар әлеуметтануының пәні. Жастар қоғамның әлеуметтік құрылымында.Жастарды әлеуметтанулық зерттеу ерекшелігі.
Жастар: ұғымның концептуализациясы мен зерттеу бағыты
«Жастар» түсінігін анықтаудың түрлі бағыттары. Жастардың әлеуметтанулық мәнін анықтау. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. Жасөспірімдік әлеуметтік мәселе ретінде. Жастардың жасаралық айырмашылықтары әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. Жоғарғы және төменгі айырмашылықтарды негіздеу.
Батыс әлеуметтануындағы жастар мәселесін зерттеудің даму тарихы
Жастар мәселесін зерттеудегі теориялық концепцияларды талдау (К. Мангейм, Г. Шельски, Ф. Тенбрук, Л. Розенмайер, Ф. Найдгарт). Психоаналитикалық бағдар. З.Фрейд және неофрейдизм. Э.Эриксонның эпигенетикалық принципі. Р.Бенедикт «әлеуметтік мінез-құлық» туралы.