Бағдарламасы алматы 2016 Бағдарлама «6M050300-Психология»


Әлеуметтік психология ғылым ретінде



бет12/19
Дата28.01.2023
өлшемі78,47 Kb.
#63437
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
ÁÀ?äàðëàìàñû àëìàòû 2016 Áà?äàðëàìà «6M050300-Ïñèõîëîãèÿ»

1. Әлеуметтік психология ғылым ретінде. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде даму тарихы. Антикалық философияда (Платон, Аристотель), классикалық философияның түрлі ағымдарындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардың пайда болуы. XIX ғасырда әлеуметтік психологияның ғылымның дербес саласы болып бөлінуі. Сол дәуірдегі ғылымның басқа салаларымен байланысы. Ерте әлеуметтік-психологиялық теориялар, олардың пайда болуының тарихи контексті. Халықтар психологиясы. Бұқара психологиясы. Әлеуметтік мінез-құлық инстинктінің теориясы. Бүгінгі күннің тұрғысынан осы теорияларды бағалау. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттік тәжірибенінің пайда болуы. Америка Құрама Штаттарында, Батыс Еуропа мен Ресейдегі бірінші әлеуметтік-психологиялық эксперименттер. Шығыс пен Батыс елдерінде ХХ ғасырда әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Әлеуметтік психологияның басқа мінез-құлық ғылымдарымен байланысы. Әлеуметтік психология негізгі қалыптасқан теориялық бағыттары және оның қазіргі заманғы трансформациялануы.


2. Әлеуметтік психологияда тұлғаны зерттеу ерекшеліктері: әлеуметтік бағдар (аттитюд). Әлеуметтік бағдар немесе аттитюд: ұғымның пайда болу тарихы және мәселені зерттеу. Аттитюдтар мен құндылықтардың арақатынасы. «Бағдар» ұғымын жалпы психологиялық және әлеуметтік-психологиялық түсіндірудегі айырмашылықтары. Әлеуметтік психологияда аттитюдтті қазіргі заманда түсіну. Әлеуметтік бағдардың құрылымдық компоненттері. Аттитюдтің негізгі қызметтері. Әлеуметтік бағдардың қалыптасуының қайнар көздерін туралы теориялық түсінік. Мінез-құлық әлеуметтік бағдардың өзгеру факторы ретінде.
3. Мен - тұжырымдамасы өзіңе бағдар ретінде. Тұлғаның «Мен» тұжырымдамасы. «Мен» тұжырымдамасы «Мен» - тұлғаның бөлігі ретінде. Мен тұжырымдамасының «Орнатушы» компоненттері. - тұжырымдамасы. Мен тұжырымдамасы - өзін-өзі бағдар ретінде. Өз-өзіңе бағдардың негізгі модалдығы. Мен-тұжырымдамасының құрылымы мен динамикасы. Мен - тұжырымдамасы және сәйкестілігі. Мен - тұжырымдамасы және тұлғаның денсаулығы. Өзін-өзі бағалау (аффективті) мен - тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық қайнар көздері. Өзін-өзі бағалау - өзін сыйлау - өзін құрмет сезімі- өз-өзіне сенімділік. Өзін-өзі бағалауын әмбебап аспектілері (өзін-өзі тиімділігі, өзін-өзі құндылығы) және өмірдің әлеуметтік өрісі. Мен - тұжырымдамасы және мен - схемасы. «Отбасылық» Мен-схемасының еселенуі ретінде. Әлеуметтік ақпаратты өңдеу кезінде Мен-схемасының рөлі. Мен - схемасы және мінез-құлық. Мен-тұжырымдасының-негізігі мәні. Мен-тұжырымдасының мотивациялық аспектісі. Психикалық процестер мен тұлғаның мінез-құлықына мен-тұжырымдамасы және оның жеке компоненттерінің әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет