әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің
2016 ж. «_____»_____ мәжілісінің
№____ хаттамасымен
бекітілген
Оқу ісі жөніндегі проректор
______________Ахмед-Заки Д.Ж.
|
«6М050300-ПСИХОЛОГИЯ» мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2016
Бағдарлама «6M050300-Психология» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізіне сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырған: психол.ғ.к., доцент Қалымбетова Э.К., PhD, доцент м.а. Камзанова А.Т., психол.ғ.к., доцент Жұбаназарова Н.С.
психол.ғ.к., доцент м.а. Садықова Н.М.
Бағдарлама жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
Хаттама № ___ ____________2016 ж.
Кафедра меңгерушісі__________________ Қалымбетова Э.К.
Философия және саясаттану факультеті әдістемелік бюро мәжілісінде мақұлданған
Хаттама № __ ___________________ 2016 ж.
Әдістемелік бюро төрайымы ______________ Жұбаназарова Н.С.
Ғылыми Кеңес мәжілісінде бекітілген
хаттама №_______«____» ______ 2016 ж
Ғылыми Кеңес төрағасы,
Факультет деканы___________________ Масалимова А.Р.
МАЗМҰНЫ
Мамандық бойынша оқуға түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
«6М050300-Психология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсушілердің оқуға түсу сұрақтары олардың жалпы білім деңгейі мен осы саладағы ғылыми білімдерінің дайындық деңгейін анықтауға әзірленген.
Міндеттері:
психология ғылымының теориялық негіздері мен психологиялық зерттеу ерекшеліктерінің білім деңгейін анықтау;
кешенді талдау тәсілдері мен ғылыми әдебиеттерді пайдалануды меңгеру деңгейлері;
қолда бар материалды талқылау үшін алған теориялық білімдерін пайдалану іскерліктері;
психология ғылымының әртүрлі бағыттарындағы мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-аналитикалық қабілетін жүзеге асыру іскерліктері;
зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды талдау және жүйелеу іскерлігі;
психология ғылымының бағыттары мен принциптері туралы түсініктер;
зерттеудің психологиялық әдістері саласындағы білімдерді игеру;
отандық және шет елдік психология ғылымы саласындағы білімдерді еркін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |