БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата28.12.2016
өлшемі0,85 Mb.
#626
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

                                                                           
 
 
ЖОБА  
                                   
 
 
    
 
                                                                            
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ  
БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2016 


 
Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  
«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген 
 
 
 
 
 
Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпы 
білім беретін оқу бағдарламасы / – Астана, 2016. – 116 б. 
 
 
Пікір жазғандар:  
А.Е. Жұмабаева, п.ғ.д., профессор 
С.Н. Жиенбаева, п.ғ.д. 
С.Д. Дүйсенбенова, әдіскер 
 
 
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мектепке 
дейінгі  ұйымдарда  білім  беру  үдерісін  қамтамасыз  етуге  және  ата-аналарға  қолдануға 
арналған.  
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы Мектепке 
дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартының  талаптарына 
және  мектепке  дейінгі  педагогика  мен  жас  ерекшеліктері  психологиясының  негізгі 
ережелеріне сәйкес әзірленген.  
 
 
Бағдарлама  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  Республикалық  орталығының  Ғылыми-
әдістемелік кеңесінде (2014 ж. 20 қазандағы № 4 хаттама) ұсынылған. 
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қорытынды сараптамасы 
(23.12.2014 ж. кіріс номері № 02-2/2671) берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
«Мектепке дейінгі балалық шақ» 
   
 
 
 
 
             
Республикалық орталығы, 2016 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
І. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 
 
 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  дамыту  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыты болып табылады. 
Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы – балаларға мектепке дейінгі сапалы 
білім беру және олардың қабілеттерін дамыту қоғам үшін де өте маңызды. 
 
Қазақстанның  қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  саясаты,  әлемдік  білім  беру 
кеңістігіне  кірігуіне  байланысты,  ең  алдымен  мектепке  дейінгі  білім  беру 
жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды 
және жаңа, тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдер табуды жеделдетуді 
көздейді. 
 
Республиканың  мектепке  дейінгі  ұйымдарының  білім  беру  процесінде 
«Алғашқы  қадам»,  «Зерек  бала»,  «Біз  мектепке  барамыз»  негізгі  білім  беру 
бағдарламалары   қолданылды.  
  
Республиканың  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнының  мониторингі 
көрсеткендей,  аталған  бағдарламалардың  бар  болуы  мектепке  дейінгі  тәрбие 
мен  оқыту  мазмұнының  тұтастығы  мен  сабақтастығын  қамтамасыз  ете 
алмағандықтан,  осыған  байланысты  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
тәрбиелік,  дамытушылық,  оқыту  міндеттерінің  бірлігін  қамтамасыз  ететін 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын 
(бұдан әрі-Оқу бағдарламасы) әзірлеу қажеттілігі пайда болды.  
Оқу бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және 
шетелдік ғылым мен тәжірибелердің жетістіктерін ескере отырып әзірленген. 
 
Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына, 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген.  
 
Оқу  бағдарламасының  мазмұны  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі- Стандарт) және мектепке 
дейінгі  педагогика  мен  жас  ерекшеліктері  психологиясының  негізгі 
ережелеріне  сәйкес  білім  беру  салаларын  кіріктіру  ұстанымдары  ескеріле 
отырып, әзірленді.   
Бағдарламаның  ерекшелігі  қолайлы  әлеуметтендіруге  және  балалардың 
кажетті  дағдыларды  игеруіне  әсер  ететін,  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясына 
сәйкес жалпыадамзаттық  құндылықтармен негізделген мектеп жасына дейінгі 
балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.  
Мақсаты:  балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  жеке  мүмкіндіктеріне, 
қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. 
Міндеттері:  

баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін 
заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру; 

мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын 
қамтамасыз ету; 

балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік 
дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру; 


 

әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша 
мониторингті ұйымдастыру;  

мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы; 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:  

мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  денесін  және  психологиялық 
саулығын  нығайтуға,  оларды  салауатты  өмір  салтының  құндылықтарына 
баулуға;  

тұлғалық  және  әлеуметтік,  зияткерлік  дамытуда  тәрбие  мен  оқытудың 
инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;  

балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  тәрбиелік,  дамытушылық,  оқыту 
міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге; 

мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеуде  ата-аналар 
қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.  
Бағдарламаның құрылымы келесі бөлімдерден тұрады: түсіндірмен жазба, 
балалардың  жас  топтарына  сәйкес  күтілетін  нәтижелерімен  білім  беру 
салаларының мазмұны.    
Оқу  бағдарламасының  мазмұны  балалардың  дене  және  психологиялық 
дамуының  жас  кезеңдерін  қамтитын  мынадай  жас  топтары  бойынша 
ұсынылған: 
1)
 
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін: 
     
Ерте жас тобы – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ); 
     
Кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ); 
2)
 
Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 жасқа дейін жас; 
     
Мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ); 
     
Мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ); 
     
Мектепке дейінгі ересек жас ─ 5 жастан 6 жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа 
дейін ─ мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан  жасқа дейін  ─ 
жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық 
сыныбы). 
5-6 
жастағы  балалар  мектепалды  даярлық  тобына  (сыныбына)  жатады. 
Мектепалды  даярлық  аралық  саты  ретінде  мектепке  дейінгі  және  бастауыш 
білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.  
Оқыту  бағдарламасы  меншік  нысанына  қарамастан,  мектепке  дейінгі 
ұйымдардың барлық түрлері мен типтері үшін ұсынылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ІІ. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ТОП
 
     
(1 жастан 2 жасқа дейін) 
 
«Денсаулық» білім беру саласы 
«Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  денешынықтыру 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. 
Мақсаты:  Балалардың  денсаулығын  нығайту,  ағзаны  шынықтыру, 
қимылдың негізгі түрлерін дамыту жағдайларымен қамтамасыз ету.  
Жүру,  жүгіру,  өрмелеу,  лақтыру,  секіру,  тепе-теңдікті  жетілдіруге 
мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту және үйлестіру. 
Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мәдени-гигиеналық дағдыларды 
қалыптастыру. 
 
Дербестікті, негізгі қимыл түрлері мен гигиеналық, шынықтыру шараларын 
орындауға ынтасын тәрбиелеу. 
  
Дене шынықтыру 
1 жастан 1 жас 6 айға дейін 
Негізгі  қимыл  түрлерін  дамыту  және  үйлестіру  білік  пен  дағдыларды 
қалыптастыру  ойын процесінде қамтамасыз етіледі. 
Тура  жолдар  бойымен  (ені  25-30см,  ұзындығы  2–3  м  және  ені  30  см, 
ұзындығы    3–5  м)  жүру,  ересектің  көмегімен  және  көмегінсіз  гимнастикалық 
тақтай бойымен (ені 25-30 см) жүру, ересектің көмегімен жәшікке (биіктігі 10–
15 см) шығу және одан түсу, еденде жатқан лентадан (арқаннан, таяқтан) аттап 
өту. 
Орындықтың,  үстелдің,  арқанның  (биіктігі  50  см),  доғаның  астынан  төрт 
тағандап еңбектеп өту; бөренелер арқылы өту; параллель жатқан арқандардың 
арасынан (жол бойымен) еңбектеу. 2 м қашықтыққа дейін еңбектеу, құрсаудан 
еңбектеп өту. Шағын саты бойымен жоғары, төмен (биіктігі 1 м) өрмелеу.  
Допты бір және екі қолмен ұстау; түрлі көлемдегі доптар мен шарларды, 
әртүрлі  ойыншықтарды  жинау,  өз  бетінше  оларды  себетке  (жәшікке)  салу; 
шарларды  домалату;  допты  екі  қолмен  алға  лақтыру,  допты  алға  домалату 
(отырып, тұрып); допты төменге, алысқа лақтыру. 
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін 
Орындықтардың,  текшелердің,  таяқтардың,  кеглдердің  арасымен, 
текшелер, құрсаулар, таяқшалар арқылы жүру; құрсаудан құрсауға өту; жоғары, 
төмен  қойылған  көлбеу  тақтай  үстімен;  тәрбиешімен  гимнастикалық 
орындықтың үстімен жүру; қолдарына заттарды ұстап, бағытты өзгертіп жүру; 
допты  домалатып  артынан  жүру;  жәшіктің  үстіне  немесе  гимнастикалық 
орындыққа  шығып,  түсу;  еліктеп  жүру  (сарбаз,  тышқан,  күшік,  құс,  аюға 
еліктеу). 
Гимнастикалық орындықтың үстінен, астынан өрмелеп еңбектеу; домалаған 
доптың артынан еңбектеу, жоғары қойылған көлбеу тақтайдың, гимнастикалық 
орындықтың  бойымен  еңбектеу.  Бір  аяқты  екінші  аяқтың  жанына  қойып, 
бөренеден  асып өту. 


 
 
Допты  шағын  төбешіктен  домалату,  допты  тәрбиешіге,  басқа  балаға 
домалату  және  лақтыру;  допты  алға,  жоғары  лақтыру,  баланың  кеудесінің 
деңгейінде тартылған лентадан  допты асыра лақтыру.  
Жалпы  дамытушы  жаттығулары:  қолды  жоғары  көтеріп,  төмен  түсіру; 
қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу; қолдың білектерін 
сермеу, айналдыру; алақандарын жоғары төмен бұру; қолдың саусақтарын бүгу, 
ашу, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу; заттарды 
бір-біріне  беру  арқылы  отырып  және  тұрып  оңға,  солға  қарай  бұрылу,  алға 
еңкейіп және түзулену; сүйемелдеу арқылы  жүрелеп отыру, секіруге ұмтылу. 
Ойындарды  ұйымдастыру  формаларының  негізгі  түрлері  –  топпен, 
жұптасып, өз бетінше қимылдық ойындар. 
Күрделілік  деңгейіне  қарай:  жоғары,  орташа  және  төменгі  қозғалыс 
дәрежесіндегі  ойындар  болып  бөлінеді.  Жоғары  қозғалғыштық  –  барлық  топ 
қатысады, орташа қозғалғыштық – барлық топ белсенді қатысады, бірақ қимыл 
сипаты  салыстырмалы  түрде  баяу,  төмен  қозғалғыштық  –  қимылдар  баяу 
қарқынмен орындалады, қарқындылық байқалмайды.  
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру. 
Алғашқы мәдени-гигиеналық дағдыларды бойына сіңіру (тамақ ішер алдында 
және ластануына байланысты міндетті түрде қолын жууға, майлықты қолдануға, 
тамақтан соң ересектерге алғыс айтуға үйрету). 
Дербес қозғалыс әрекеттерін қамтамасыз ету. 
Балалардың дербес ойындарында қимыл белсенділігін реттеуге ықпал ететін 
жағдайлар жасау. 
  
Сауықтыру-шынықтыру шаралары және салауатты өмір салты дағдыларын 
бойына сіңіру. Балаларды шынықтыруды күні бойы және ұйқыдан соң киіндіру 
кезінде жүзеге асыру. 
  
Киіміндегі олқылықты байқай білуге тәрбиелеу, ересектердің көмегімен өзін 
ретке келтіруді, ұқыптылық және тазалыққа қанағаттану сезімдерін дамыту. 
 
Балаларды  ауа,  су  шараларымен,  серуен  кезінде  ультракүлгін  сәулелердің 
әсерімен  шынықтыру  жүзеге  асырылады.  Ата-аналардың  тілектерін  ескере 
отырып, 2-3 минут жылы құмның үстінде жалаң аяқ жүруге рұқсат ету. 
 
Ауа ванналары күніне бірнеше рет киіну-шешіну кезінде қолданылады; 
 
ауа ванналарының ұзақтығы 2-3 минуттан 6-10 минутқа дейін ұзартылады. 
Күтілетін нәтижелер:  

белгілі бағыт бойымен: жолмен,  көлбеу  тақтай бойымен  жоғары,  төмен 
жіпті, лентаны, таяқшаны аттап жүреді;  

берілген бағытта жүре және жүгіре алады;  

бөренеден  еңбектеп  асып  түсуді,  параллель  жатқан  жіптердің  арасынан 
еңбектеп өтеді;  

құрсау ішімен, орындықтың астынан еңбектеп өту, сатыға өрмелейді; 

ересектердің көрсетуімен жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды; 

допты жоғарыға  лақтырады (қағып алмай), екі қолмен домалатады, допты 
бір-біріне береді; 

бір-бірінің  қолдарынан  ұстап,  балалар  бірлескен  қимылды  орындайды 
(тыпырлату, айналу);  


 

гимнастикалық  орындықтардан,  тартылған  жіптен  әртүрлі  заттарды 
лақтыра алады. 
1 жастан 1 жас 6 айға дейін 
Баланы  жуынудың  қарапайым  дағдыларына,  киінуге,  шешінуге  және 
түбекке сұрануға үйрету. 
Ұқыптылыққа,  тазалыққа  тәрбиелеу,  бетінің,  қолының,  мұрнының 
ластығын байқауға, оларды жууға, сүртуге, ылғал киімін шешуге үйрету. 
Тамақтану кезінде: 

тамақтану алдында қолын жуу;  

1 жас 1 айдан - 1 жас 3 айға дейін өздігінен  қою тамақты қасықпен,   
ал 1 жас 4–5 айдан бастап кез- келген тамақты өз бетінше жеуге үйрету; 

нанды сорпамен бірге жеу; 

тамақты тек қана өз тәрелкесінен жеу; 

балалар орындығына өзі отыру және оны ересектің көмегімен жылжыту. 
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін 
Гигиеналық  талаптарды  сақтау  дағдыларын  қалыптастыру  бойынша 
жұмысты жалғастыру. 
Тамақтану кезінде: 

үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру;  

орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; 

тамақты  төгіп-шашпай  ұқыпты  ішу,  майлықты  қолдану,  тамақтан  соң 
алғыс айту. 
Жуыну кезінде:  

қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын 
алақандарымен жуу;  

ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту. 
Киініп-шешіну кезінде: киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды 
дұрыс жинау. 
Баланың  түбекке  сұрануы,  өз  түбегінің  орнын  білуі,  өзінің  ғана  түбегіне 
отыра білуді бекіту.  
Ескерту жасалған кезде қалтасынан өзі қол орамалын алып және мұрнын 
сүртіп, қайтадан қалтасына сала білу.  
Өз  киімдерінің,  орамалының  орнын,  үстел  басындағы  өз  орнын,  киіміне 
арналған шкафты білу. 
Сауықтыру-шынықтыру шаралары 
Медицина  қызметкерінің  жетекшілігімен  ауада  және  суда  шынықтыру 
шараларын жүргізу. 
Бөлмеде  қалыпты  ауа  температура  болғанда  киімдерін  ауыстыру,  массаж 
кезінде және күндізгі ұйқыдан соң ұзақтығы 3–5 минут болатын ауа ванналары 
іске асырылады.  
Күнделікті шынықтырудың бір түрі — суды ағызып, қолын шынтаққа дейін 
жуу. Сумен шынықтыру бөлме температурасы +22°С болғанда жалпы немесе 
жергілікті шаралар түрінде жүргізіледі.  
Арнайы  шынықтыру  шаралары  (ұсынылған  тәсілдердің  біреуі 
қолданылады): 


 

беліне  дейін  және  бүкіл  денесін  дымқыл  шүберекпен  сүрту.  Судың 
температурасын +36°С бастап +28°С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4–5 
күн  сайын  2  градусқа  төмен).  Денесінің  белгілі  бір  бөлігін  сүртінуде  су 
температурасын  +35°С  бастап  +23°С  дейін  (4  күн  сайын  2  градусқа  төмен) 
жеткізу.  

қарама-қарсы  температурадағы  жылы,  салқын  су  құю:  басында  су 
температурасы +36°С бастап +25°С дейін, соңында +38°С бастап +18°С дейін. 
Жаз  мезгілінде  барлық  режимдік  сәттер  мүмкіндігінше  таза  ауада 
ұйымдастырылады.  
Балаларға денсаулықты  сақтауға мүмкіндік беретін қарапайым қимылдарды 
үйрету:  аузына  ұсақ  заттарды  салмау,  қолына  үшкір  заттарды  алмау, 
баспалдақтарды  аттамау,  электр  құралдарын,  ажыратқыштарды,  розеткаларды 
ұстамау. 
Күтілетін нәтижелер:  

күнделікті педагогпен бірге көзбен бағдарлау арқылы жаттығуларды, ойын 
формасындағы  сөздік  нұсқауларды  (жануарлардың  қимылдарын)  орындай 
біледі; 

күнделікті шынығу тәсілдерін біледі; 

үлкен жұмсақ ойыншықтарды көтереді, отырғызады және ұйықтатады; 

қатар ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейінді тартатын заттарды өздігінен 
таба алады; 
 - 
үстел басына қолды жуғаннан кейін отырады;  
 

тамақты  төгіп-шашпай,  ұқыпты  іше  алады,  майлықты  қолдана  біледі, 
тамақтан соң алғыс айтады;  

ересектің көмегімен қолдарын және бетін сүртеді;  

белгіленген  тәртіппен  киімдерін  тәрбиешінің  көмегімен  дұрыс  шешеді 
және бүктеп жинайды, оны киеді (қалпақ, колготки, шалбар, бәтеңкесін кию); 

түбекке  сұранады,  өз  түбегінің  орнын  біледі,  түбекке  отыру  қажеттілігі 
туралы уақытында хабарлайды; 

өзіне-өзі  қызмет  етудің:  жуыну,  киіну,  шешіну  және  т.б.  қарапайым 
дағдыларын біледі. 
 
«Қатынас» білім беру саласы 
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны: 

тіл дамыту; 

көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. 
«Қатынас»  білім  беру  саласының  мазмұны  баланың  тілін  дамытуды, 
коммуникативтік  дағдыларын  қалыптастыруды,  белсенді  және  енжар  сөздік 
қорын,  тілдің  грамматикалық  құрылымын,  дыбыстық  мәдениетті,  баланың 
байланыстырып  сөйлеуін  басқа  білім  салаларымен  кіріктіру  арқылы 
жетілдіруді қамтамасыз етеді.  
Мақсаты:  тілдік  қарым-  қатынасқа  қажеттілікті  қалыптастыру 
жағдайларымен қамтамасыз ету.  
 
Қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын және тыңдау мәдениетін 
қалыптастыру. Тілдің сөздік қорын дамыту.      


 
Тіл дамыту 
Бірінші  жартыжылдықтың  маңызды  міндеті  ересектердің  сөйлеу  тілін 
түсінуді дамыту болып табылады. Екінші жартыжылдықта белсенді сөйлеуін 
дамытуға аса назар аударылады.  
1 жастан 1 жас 6 айға дейін 
Бірінші жартыжылдықта балалардың сөздік қоры заттардың атын, тіршілік 
иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және 
т.б.), сонымен қатар, балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, 
кіші, қызыл және т.б.) сөздермен кеңейтіледі.  
Балалар үйренеді: 

өзінің, жақын туыстарының есімін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір 
көлік құралдарының, бірнеше таныс жануарлар мен өсімдіктерді атауды;  

өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене 
мүшелерін ажыратып, атай білуді; 

құрылымы  және  мазмұны  бойынша  қарапайым  сөз  тіркестерін  түсінуді, 
өтініштерді орындауды, ойыншықтармен  күрделі  емес шағын  қойылымдар  
көрсетуді, тұрмыстық  және  қызықты  жағдайларды суреттейтін 1– 3 әрекетті; 

тілді көрнекіліксіз түсіну, заттарды табу және оларды суреттен тану, елеулі 
белгілері бойынша заттарды іріктеуді, тапсырмаларды орындауды; 

сәйкес  суреттерді,  ойыншықтарды,  іс-әрекеттерді  көрсету  арқылы 
кейіннен  көрнекіліксіз  мазмұны  бойынша  шағын,  қарапайым  әңгімелерді, 
өлеңдерді, санамақтарды түсінуді; 

шығармаларды  тыңдау,  оны  қабылдау,  мазмұнына  эмоционалды  жауап 
беруді үйренеді.  
Белсенді сөйлеуді дамыту 
Белсенді  сөйлеу  қажетті  ақпаратты  түрлі  жолдармен  жеткізу  негізінде 
дамиды:  ыммен,  қимылмен,  былдыр  сөздермен.  Бұл  жастағы  балалар  жиі 
еститін  сөз  тіркестері  мен  сөздерге  еліктейді,  таңдануды,  қуанышты, 
наразылықты,  өкінуді  және  т.б.  білдіретін  кейбір  эмоциялық  екпіндерді 
жаңғыртады.  
Сөздік қор туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс 
заттар  мен  ойыншықтарды  (шыныаяқ,  кереует,  үстел,  қонжық,  қуыршақ), 
кейбір  тағам  түрлерін  (ботқа,  сүт),  белгілі    қимылдарды  (ал,  тұр,  жібер) 
білдіретін сөздермен толықтырылады.  
Балалар  ересектердің  сөздерін  тыңдай  біледі,  «Бұл  не?»,  «Не  істеді?» 
сұрақтарына  жауап  беруге,  сұрақ  қоя  білуге,  жеңіл  тапсырмаларды  орындай 
білуге, «болмайды», «рұқсат» сөздерін түсініп,  дұрыс әрекет жасайды. 
«Қатынас»  білім беру  саласының  мазмұны басқа  білім  беру  салаларымен 
кіріктіру арқылы жүзеге асырылады. 
Дене  жаттығуларын,  сауықтыру  және  гигиеналық  шараларды,  қоршаған 
ортамен  таныстыруды  өткізу  кезінде  қимылдарды  орындау,  сурет  салу, 
мүсіндеу,  ән  салуда  баланың  ауызша  сөйлеуі  дамиды,  тілдің  сөздік  қоры 
толықтырылады.  
 
 

10 
 
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін 
Аталған жастағы балалардың сөйлеу тілін түсінуі төмендегі сөздер есебінен 
кеңейтіледі: 

бөлмедегі және бөлмеден тыс заттар; 

кейбір жануарлар, олардың қимылдары; 

ойыншықтар (көжек, қонжық, балық, құс); 

заттардың белгілері, заттардың жай-күйлері, орны; 

мезгілдік және сандық қатынастар; 

тілегіне байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс-әрекеттер; 

дене күйі, көмек, қуаныш, жанашырлық сезімі; 

жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдар.  
Дағдыларын  қалыптастыру: 

тұрғын  үй  бөлмелерінің  атауын  және  олардың  неге  арналғанын,  бұл 
бөлмелерде еркін бағдарлай білуді; 

таныс заттарды атауы, түстері, дыбысталуы бойынша топтастыра білуді; 

ересектердің айтқанын мұқият тыңдау, оның нұсқауларын орындау, екі-үш 
әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындау, қосымшалары 
бар сөйлемдерді түсінуді; 

қоршаған  ортамен  қарым-қатынасты  реттеуге  және  тілектерін  білдіруге 
қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, әрі жылжы) қолдана білуді. 
Баламен  тілдесу  барысында  сергек,  қуанышты  көңіл-күйді,  ересектермен 
әңгімелесу ниетін қолдау, олардың нұсқауларын орындау, олардың әрекеттері 
мен  сөздеріне  еліктеу  үшін  бесік  жырларын,  әзілді  тапқыр  сөздерді, 
ертегілердің күлкілі кіріспесін қолдану. 
Мәнерлі  тілдегі:  шығарманың  мазмұнына  қатысты  айтылатын  сұраулы, 
бұйрықты, лепті интонацияны түсінуді дамытуды жалғастыру.  
Белсенді  сөйлеу  ересектердің  сөйлеген  сөздерін  қайталау  арқылы  жеке 
сөздер мен тіркестерді жаңғырта білу, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, 
жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту арқылы дамиды. 
Белсенді  сөздікті  байыту,  былдыр  сөздер  мен  дыбыстарға  еліктеуді 
біртіндеп  жалпы  қолданатын  тілдік  формамен  ауыстыру,  заттар  мен  іс-
әрекеттерді  білдіретін  жаңа  сөздерді  енгізу,  енжар  сөздік  қордағы  сөздерді 
айтуға үйрету.  
Табиғи  жағдайдағы,  суреттердегі  жақын  ортадағы  заттарды  атауды 
жалғастыру.  
Ересектер  мен  құрбыларына  жүгіне  білу  (сұрашы,  рақмет  айт,  қара,  кім 
келді  және  т.б.)  еліктеу  бойынша  жаңа  сөздерді,  екі-үш  сөзден  тұратын 
сөйлемдерді айту, түсінікті сұрақтарға жауап беру. 
Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз 
түріндегі талаптарын орындау.  
Дұрыс үлгілік сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық ережелерін 
ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет