Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Адамның дене құрылысы, маңызды мүшелері туралы білімдерін
қалыптастыру.
Негізгі азық-түлік тағамдары туралы білімдерін кеңейту.
Жұқпалы аурулар туралы және аурулардың алдын алудың негізгі шаралары
туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Үйде, көшеде, қоғамдық орындарда кейбір қауіпсіздік ережелерімен
таныстырады.
Өзінің және басқа балалардың ауырғанын сезінген жағдайда ересектерден
көмек сұрауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
-
адамның дене құрылысы, маңызды мүшелері жайлы біледі;
-
негізгі азық-түліктерді біледі және атайды;
-
жұқпалы аурулар туралы және аурулардың алдын алудың негізгі
шаралары туралы түсінігі бар;
-
үйде, көшеде, қоғамдық орындарда кейбір қауіпсіздік ережелерін біледі;
-
көмек сұрай алады.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Өзіңді таны. Сезім мүшелері. Олардың қызметі. Өз дене мүшелеріне күтім
жасау.
Тамақтану. Дәрумендер туралы білім. Су және оның ағзаға қажеттілігі.
Азық-түліктер, оларды қолдану тәсілдері.
Аурулардың алдын алу. Табиғи факторлардың көмегімен шынықтыру.
Ұйқы мен демалысты дұрыс ауыстыру – денсаулық кепілі. Зиянды және
пайдалы әдеттер. Әртүрлі азық-түліктерді дайындаудың қарапайым тәсілдері
және оларды қолдану. Өзінің және жолдасының сыртқы түріне қарап,
денсаулық жағдайын анықтай білу, ересектерден көмек сұрау.
Өзіңе және өзгелерге көмектес. Шамалы жарақаттанғанда көмек көрсету
ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы босаңсу кезінде
тыныштандыру кешені жайлы білу.
Табиғатты қорғау. Ағаштың тұқымдары туралы білу. Өсімдіктің түрлерін
анықтай білу.
Әлеуметтік әлем. Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері.
Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Балабақшаның ойындық және
спорттық орындарында құралдарды қажетіне қарай қолдана білу.
Қоғамдық орындарда қарапайым мәдениеттілік және
қауіпсіз мінез-құлық
ережелерін меңгеру. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс
қолдана білу (жеделсатылар, лифттер, әткеншектер).
Күтілетін нәтижелер:
-
маңызды мүшелердің қызметін біледі;
-
азық-түліктердің атауларын және оларды қолдану тәсілдерін біледі;
-
жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы біледі;
-
денсаулықты нығайту туралы ұғымдарға ие;
87
-
үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін
біледі және атайды;
-
өзінде және өзгелерде алғашқы ауру белгілерін байқаған жағдайда
ересектерден көмек сұрай алады;
-
қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды;
-
шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Өздігінен қозғалу белсенділігі
Ойындарды дамытуға ықпал ететін, спорттық жабдықтармен және түрлі
құралдармен қамтылған қозғалыстық ортаны жасау.
Көпнұсқалық ойындар үшін кеңістікті ұйымдастыру. Ойындар,
қозғалыстар, жаттығулар картотекасын құру.
Құрдастарымен жарыстар ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну
дағдыларын қалыптастыру.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Балалармен дербес қимылды ойындарды ұйымдастыруға, серуен кезінде
игерген қимыл біліктері мен дағдыларын жетілдіруге жағдайлар жасау.
Серуендейтін орынды дұрыс жабдықтай білу.
Қыс мезгілінде - мұзды жолдармен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей
ойындары, шанамен сырғанау, ал жылы кезеңде – велосипед тебу, футбол,
бадминтон, баскетбол ойындары үшін жағдайлар жасау. Участокта кедергі
жолдары болуы қажет.
Жазда және қыста дене шынықтырудан сауық кешті айына 1 рет, дене
шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
топ балаларымен қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын игерген;
-
дербес әрекет жасауда спорттық құрал-жабдықтарды қолдана алады.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Шынықтыру және сауықтыру жұмысы
Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күнделікті жеткілікті шамада
таза ауада болуды ұйымдастыру.
Балаларда қарапайым су процедураларын жүргізудің дербес дағдыларын
бекіту.Жергілікті процедуралардың температурасын біртіндеп төмендету.
Ертеңгілік гимнастиканы (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын
ояту.
Дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді;
-
шараларды орындауда ересектің көмегімен қауіпсіздік ережелерін
орындайды.
88
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Балаларды ауа райына сай киіндіріп, күнделікті жеткілікті шамада таза
ауада болуды ұйымдастыру.
Балаларда қарапайым су процедураларын жүргізудің дербес дағдыларын
бекіту.Жергілікті процедуралардың температурасын біртіндеп төмендету.
Қарама-қарсы температурада су құюды жүргізу
Шынықтыруды өткізу барысында балаларға жеке тәсілді іске асыру, ол үшін
олардың денсаулық жағдайын, шынықтыру құралдарымен әсер етуге үйрену
деңгейін ескеру.
Ертеңгілік гимнастиканы (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын
ояту, дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді;
-
шараларды орындауда қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды.
«Қатынас» білім беру саласы
Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық
мазмұны:
-
тіл дамыту;
-
көркем әдебиет;
-
сауат ашу және жазу негіздері;
-
орыс тілі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге
асырылады.
Мақсаты: Қоршаған адамдармен өзара әрекет құралдарымен және
тәсілдерді игеру, мемлекеттік тілді меңгеру, қоғамдық маңыздылығы бар тілдік
білімдермен, ересектермен және балалармен еркін қарым- қатынас жасау
дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу.
Әрекеттердің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуді дамыту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу
Тыңдауды, сөйлеуді, оқуды, ана тіліне тән барлық дыбыстарды айта білуді
жетілдіру.
Дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін
қалыптастыру.
Сөздегі дыбыстың орны туралы білімдерді қалыптастыру.
Берілген дыбысқа сөз таңдауға, сөздерді дыбысталуы бойынша
салыстыра білуге үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік қорын қалыптастыру
Балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,
сан есімдермен,үстеулермен,жұрнақтар және жалғаулармен байыту.
89
Түрлі заттарды суреттеуге, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді
қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Жалпылаушы сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін
дамыту.
Қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында
сөздік қорды байыту және дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.
Түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді
жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
Интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті)
ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде
сөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын
байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын
суреттеу және хабарлау әңгімелер құрастыруға үйрету.
Мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға
ықпал ететін тілдік ортаны құру біліктерін дамыту.
Шығармашылық тілдік әрекет
Шығармашылық әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен
әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару; суреттеу және хабарлау
әңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде
бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
-
сөздегі дыбыстың орнын біледі;
-
сөз жасау дағдыларына ие;
-
сөздерді септей, көптей, тәуелдей және жіктей біледі;
-
сөзді тыңдай және түсіне біледі;
-
ересектің жетек сұрақтары бойынша шағын әңгімелерді құрастырып және
бірізді айта біледі.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу.
Дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын жетілдіру және дамыту;
дауыссыз с-з, с-ц, ш-ж, ч-ц, с-ш, ж-з, л-р дыбыстарды есту бойынша
ажыратуға үйрету.
Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау, екпінді дыбысты айқындау, сөздегі
буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуді, берілген дыбысқа
сөздерді таңдау,сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту. Сөздерді
түрлендіруге сыни көзқарасты және қызығушылықтарын, дұрыс сөйлей білуге
деген ұмтылыстарын тәрбиелеу.
Сөздік қорын қалыптастыру
90
Сөздік қорды жетілдіру.
Жалпылаушы сөздерді қолдана білуді жаттықтыру; түрлі логикалық
топтарға жататын заттарды атай білу.
Сөйлемде көп мағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға, белгілі бір
затқа белгілерін таңдау, затқа әрекет етуді және берілген әрекетке зат таңдай
білуге жаттықтыру.
Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануды қалыптастыру, оларды
сөйлегенде белсенді қолдануға үйрету.
Сөзге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық дұрыстығын және тілдің морфологиялық қырын
қалыптастыруды жалғастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге
көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат
есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.
Сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы
қателерді байқауға үйрету.
Сөздерді түрлі әдістермен құрай білу біліктерін бекіту; түбірлес сөздерді
жасауды және қолдануды жаттықтыру, жай, күрделі сөйлемдерді, дауыс
ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу, оларды сөйлеуде қолдану.
Көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық
райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат
есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып
айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау,
баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуді жаттықтыру. Сөйлеу мәдениетіне
үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге
үйрету.
Диалогтік сөйлеу тілін қалыптастыру.
Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап, түсінуге, әңгімені қолдауға,
сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті,
әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін жаттықтыру.
Балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу.
Диалогтік сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді
қолдану.
Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен
жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылық тілдік әрекет
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын
ойлап табуға үйрету; ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан
мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыру, сөйлемдерінде
бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.
Бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыру. .
Күтілетін нәтижелер:
-
дыбыс, сөз, сөйлем туралы қарапайым түсініктерге ие;
91
-
сөздің басындағы дыбысты анықтайды, дыбыстарды ажыратады және
дұрыс атайды;
-
дыбыстарды буынға қосады; сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады;
-
жай және жайылма сөйлемдермен ойын жеткізе алады;
-
суреттерге сүйеніп ертегі, әңгімелерді айтады;
-
сурет, сюжеттік суреттер топтамасы бойынша ауызша әңгіме құрастырады,
түрлі оқиғаларды айтады, ертегілер, ойынға өлең ұйқастары мен сөздер
құрастыруға қызығушылық білдіреді;
-
тілде көп мағыналы және жалпылауыш, антоним, синоним, теңеу сөздерді
қолданады;
-
тілге сыни қарым-қатынас көрсете алады, грамматикалық дұрыс сөйлей
біледі;
-
құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін
сұхбаттасады, өз сезімдері мен ниеттерін, ойларын еркін жеткізеді;
-
ізеттілік, сыпайылық ережелерін меңгерген.
Көркем әдебиет
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Шығармалардың эмоциялық-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау
сипатын сезінуге үйрету. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең.
Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы
қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін
қалыптастыру,қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, тұрмыс-
тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру.
Мәнерлеп оқу.
Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен,
үзілістермен жаттауға үйрету. Балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын
беруге, тілдің образдылығын сезінуге және білдіруге үйрету.
Мазмұндау. Сюжетті бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды
түрде мазмұндауға үйрету.
Шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын
ойлап таба білуге үйрету, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша
құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді,
теңеулерді қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
-
әдеби жанрларды айыра біледі;
-
өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;
-
бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдана отырып, шағын
шығармаларды өзі мазмұндайды.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Мазмұнына, мәнерлік құралдарына байланысты әдеби шығармаларды
қабылдауға үйрету.
92
Мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара
білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету.
Мазмұндау. Шығарма мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен
мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс-әркеттеріне өз ойын айта
білу.
Бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету.
Шығармалардың мазмұны мен көркем туындылар түрінің арасындағы өзара
байланысты көре білуге үйрету. Дербес әрекетте көркем тілдік дағдыларды
қолдана білуді бекіту.
Шығармашылық әңгімелеу.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін
құрау кезінде меңгерген көркем - тілдік дағдыларын қолдана білуді бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
-
көркем мәтінді аяғына дейін тыңдайды, әдеби туындылардың мазмұнын
эмоционалды, белсенді түрде сезіне біледі, кейіпкерлерге жанашырлық
танытады;
-
мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
-
бағдарламада берілген шығармаларды жатқа айтады;
-
әдеби жанрларды таниды және атайды; шағын сахналық қойылымдарды
ұжыммен көрсетуге қатысады;
-
кітаптарға қызығушылық танытады, бірнеше белгілі әдеби
шығармаларды, сондай-ақ қазақстан жазушыларының шығармаларын, халық
ауыз әдебиеті үлгілерін атайды, кітапқа ұқыптылықпен қарайды.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сауат ашу және жазу негіздері.
«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы алғашқы түсінік беру.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.
Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және
жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш
дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және
дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету.
Қолды жазуға дайындау
Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру.
Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.
Ұзын және қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру
арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
-
«сөз», «дыбыс» терминдерін ажыратады;
-
үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай біледі;
-
түрлі сызықтар, штрихтар жүргізе біледі.
93
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын
сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру,
Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Қолды жазуға дайындау
Кеңістіктік қатынас орнатуды, қағаз бетінде бағдарлай білуді үйрету.
Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым
жиектерді сала білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
-
барлық дыбыстар мен сөздерді анық және түсінікті айта алады;
-
сөздердегі дыбыстарды ажыратады, белгілі дыбысы бар сөздерді табады,
сөздегі дыбыстың орнын анықтайды;
-
үш-төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды
сипаттайды;
-
екпін мәнерін анықтайды және естиді;
-
қарындаш пен қаламды дұрыс ұстайды, қағаз бетін бағдарлайды;
-
сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым
жиектерді, штрихтарды сала біледі.
I ПОЛУГОДИЕ
Русский язык
Воспитание звуковой культуры речи.
Развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание,
чёткую дикцию.
Использовать игровые упражнения для развития правильного
произношения русских звуков.
Словарная работа.
Расширять кругозор детей, читая сказки, рассказы, обсуждая поступки
героев мультфильмов. Учить называть группы предметов ближайшего
окружения; признаки времен года и отдельные явления природы; предметы по
величине и по цвету.
Обучать прямому и обратному счету до десяти.
Формирование грамотной русской речи.
Развивать умение детей употреблять в речи имена существительные
единственного и множественного числа, правильно ставить ударение при
произношении слов.
Обучать составлению предложений из 4–5 слов.
Формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной
жизни.
Развитие связной речи
Учить понимать и использовать в речи русские слова и выражения, четко
произносить их на русском языке с правильным ударением.
Совершенствовать умения задавать элементарные вопросы и отвечать на
них.
Учить рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес.
94
Разучивать с детьми стихи, песни, поговорки и пословицы на русском языке.
Ожидаемые результаты:
-
правильно произносит свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л)
звуки русского языка;
-
понимает и применяет знакомые русские слова и выражения в
повседневной жизни;
-
умеет правильно ставить ударение в словах при произношении;
-
называет предметы близкого окружения; признаки времен года и
отдельные явления природы;
-
знает прямой и обратный счет до десяти на русском языке;
-
задает вопросы и отвечает на русском языке;
-
умеет рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес;
-
рассказывает стихи, поговорки и пословицы на русском языке;
-
составляет короткие рассказы по картинке, по наблюдениям на экскурсии.
II ПОЛУГОДИЕ
Воспитание звуковой культуры речи.
Постоянно упражнять в произношении изученных звуков русского языка
через игры и упражнения.
Продолжать развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое
дыхание, чёткую дикцию.
Продолжать расширять и обогащать у детей словарный запас русской речи;
упражнять в умении называть группы предметов ближайшего окружения;
признаки времен года и отдельные явления природы.
Упражнять в умении считать в прямом и обратном порядке до десяти.
Закреплять умение называть некоторые свойства и цвета предметов.
Формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной
жизни.
Развивать грамотную русскую речь.
Продолжать упражнять в умении составлять словосочетания
(существительное и прилагательное, существительное и наречие); правильно
ставить ударение в словах при произношении.
Употреблять в речи имена существительные единственного и
множественного числа; составлять предложение из 4–5 слов. Формировать
умение понимать и применять знакомые русские слова в повседневной жизни.
Совершенствовать умение слушать и понимать русскую речь; четко
произносить слова и правильно ставить ударение.
Продолжать упражнять в умении задавать элементарные вопросы и
отвечать на них; составлять короткое описание предмета из 2–3 предложений;
рассказывать о себе, родителях, называть домашний адрес.
Закреплять умение вести элементарный диалог; составлять короткие
рассказы по картинке и по наблюдениям. Совершенствовать элементарную
разговорную речь.
Продолжать разучивать стихи, песни, поговорки и пословицы на русском
языке.
95
Ожидаемые результаты:
произносит четко звуки и слова на русском языке;
рассказывает о себе, родителях, называет домашний адрес;
отвечает на вопросы, составляет предложения из 4–5 слов;
употребляет в речи имена существительные единственного и
множественного числа;
умеет правильно ставить ударение в словах при произношении;
знает прямой и обратный счет до десяти;
называет группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года
и отдельные явления природы;
отличает признаки предметов по величине, цвету и называет их на русском
языке.
умеет вести элементарный диалог;
рассказывает сказки, наизусть читает стихи, поговорки и пословицы на
русском языке;
составляет короткие рассказы по картинке, по наблюдениям на природе.
Достарыңызбен бөлісу: |