Жеке жұмыс: Әрбір оқушы өзінің математикалық сауаттылық бойынша білетіндерін дәптеріне жазады. 2-3 минут.
Жұптық жұмыс: «Диалогтік оқыту» әдісі арқылы мәтін есептер шығару.
1) Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
Шешуі: 34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12
2) Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа табады. Он екі тауық он екі күнде неше жұмыртқа табады?
Шешуі: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа тапса, онда 3 тауық 12 күнде 4 есе артық жұмыртқа табады, ал 12 күнде тағы да 4 есе, яғни 48 жұмыртқа табады.
Есепті кесте көмегімен шешуге де болады:
Тауықтар саны
Күндер саны
Жұмыртқа саны
3
3
3
3
12
3 * 4=12
12
12
12 * 4=48
3) Қосындыcын тап: 5+10+15+20+25+...+100
Шешуі: Гаусс әдісін қолданғанда қосындының мәні 105 болатын сандардың 10 жұбы пайда болады.
5+10+15+20+25+...+100=(5+100)+(10+95)+(15+90)+...+ (50+55)=105*10 =1050
Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды.
Бағалау: «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі
Серіктесіңізбен талқылаңыз: 3 үйренген жаңа нәрсе туралы;
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келеді?
Мағынаны тану: Математикалық сауаттылық туралы слайд көрсету арқылы мағынасын ашады.
Рефлексия: Оқушылар математикалық сауаттылықты үш бөлімге бөліп қарастырады: