- археологиялық зерттеулер
жүргізу; -
қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі
жалғастыру;
- Қазақстанның тарихы, археологиясы,
этнографиясы және мәдениеті бойынша басылым дестелерін шығаруды
жалғастыру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарлама 2007-2009 жылдар аралығында жүзеге асырылады және
мәдени мұраны ӛркендету үшін мынадай негізгі бағыттарын қарастырады:
5.1 Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан
тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта
жаңғырту жұмыстарын жалғастыру
Бағдарлама аясында алыс және жақын шетелдерде Дамаск (Сирия араб
Республикасы) қаласында әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу,
Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каир қаласында (Египет Араб Республикасы)
Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру, сонымен қатар Монғолия аумағында
табылған кӛне түркі руникалық тас жазбаларының кӛшірмесін жаңғырту
жобаларын іске асыру кӛзделіп отыр.
Қазақстанның Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың мешітін және Дамаск
қаласындағы кесенесін қалпына келтіру Әл-Фарабидің жерленген орнына кесене
мен этномәдени орталық салу жұмыстарына қатысуы, осы кӛрнекті
қайраткерлердің қазақ даласының перзенттері екендігін әлемге мойындататын
маңызды қадам болмақ.
Жаңғыртылып жатқан Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің ішінде
Алматы облысындағы Қойлық қалашығы тарихи объектілері, Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Ақкесене мұнарасы, Шаян ауылындағы мешіт-медресе, Солтүстік
Қазақстан облысы Сырымбет ауылындағы XIX ғ. белгілі ағартушы ғалымы Ш.
Уәлихановтың әжесі Айғанымның үй-жайы, Жамбыл облысындағы Ақыртас сарай
кешені сияқты маңызды ескерткіштер бар.
Достарыңызбен бөлісу: