5.4. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті
бойынша басылымдар дестелерін шығаруды жалғастыру
Бағдарламаға Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті
мәселелері жӛніндегі басылымдардың жаңа дестелерін әзірлеу мен шығару
мәселелері енгізілмек, олар: «Алаш орда» қозғалысына қатысты басылымдар
дестесі,
«IX-XVI ғасырлардағы армян дереккӛздеріндегі Қазақстан тарихы»,
«Қазақтың қолданбалы ӛнерінің шетелдегі жәдігерлері», Шоқан Уәлихановтың 6
томдық және 10 томдық
«Әбу-Насыр Әл-Фараби» жинағы, Академик Ә.Х.
Марғұланның 14 томдық
шығармалар жинағы және тағы басқалар.
6. Қажетті ресурстар мен бағдарламаны қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге
асырылады. Қаржыландырудың жалпы кӛлемі - 4 004,9 миллион теңге,
соның ішінде:
2007 жылы – 1 873,6 миллион теңге;
2008 жылы – 1 376,5 миллион теңге;
2009 жылы – 754,8 миллион теңге.
Бағдарламаны 2008-2009 жылдарда қаржыландыру кӛлемі тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды кӛрсеткіштерінің аясында
нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыруда:
- 2007 жылдан бастап Дамаск қаласында Әл-Фараби этномәдени мен кесенесі
орталығын салу, Дамаск қаласында Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каир
қаласында Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру, сонымен қатар Монғолия
аумағында табылған кӛне түркі руникалық тас жазбаларының кӛшірмелерін
жаңғырту жобаларын іске асыру жұмыстарын жалғастыру. Бағдарламаның іс-
шаралар жоспарына сәйкес Қара Сопы, Мақұл Там, Мола Қалан, Ысқақ Ата,
Жабрайыл Ата кесенелерінде, Қараман Ата мазарында, «Абылай хан
резиденциясы» кешенінде, Семей қаласындағы бір мұнаралы және екі мұнаралы
мешітте қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау.
- 2008 жылы тарих пен мәдениеттің жиырма екі маңызды сәулет ескерткіштерін
қайта жаңғырту, оның ішінде Қарағұл, Ботағай кесенелері, Ақкесене мұнарасы,
Қарақожа мешіті, Орал қаласындағы бірінші әскери училищесінің ғимараты,
Қалжан Ахун мешіт-медресесі, Жүсіп Ата мешіті мен кесенесі бар;
- 2009 жылы он тӛрт тарихи-мәдени мұра объектілерінде қайта жаңғырту
жұмыстарын жүргізу;
- 2007 жылдан бастап отыз екі қорған, мазарат және қалашықтарға археологиялық
зерттеу жұмыстарын жалғастыру, оның ішінде Бозоқ, Қойлық, Талғар Сауран,
Отырар, Сарайшық қалашықтары сияқты еліміздің белгілі ескерткіштерінде
археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыру;
- қазақ халқының тарихы, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты
түйінді ғылыми мәселелерді зерттеу және кӛпшілікке тарату, оның ішінде
Орталық Азияның кӛшпелі халықтарының кӛшпелі қоғамы ӛткен ӛмірінің бай
тарихын зерттеу және кӛпшілікке тарату жӛніндегі жиырма жеті қолданбалы
ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру, оның ішінде:
2007 жылы – 8 қолданбалы ғылыми зерттеу;
2008 жылы – 10 қолданбалы ғылыми зерттеу;
2009 жылы – 12 қолданбалы ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру.
- жиырма томдық қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне
аудару және шығару, жүз томдық «Бабалар сӛзі», жүз томдық «Әлем әдебиеті
кітапханасы», жиырма томдық «Әлемдік философиялық мұра», он томдық
«Әлемдік педагогоикалық ой-сана» жобаларын әзірлеу және баспадан шығару
жұмыстарын жалғастыру, ғылымның әр түрлі саласындағы фундаменталды
ғылыми басылымдардың барлығы қырық бір, оның ішінде:
2007 жылы – ғылыми кітаптың 5 аталымын;
2008 жылы – ғылыми кітаптың 12 аталымын;
2009 жылы – ғылыми кітаптың 24 аталымын шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |