Бағдарламасы аясында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында облысымызға жұмыс сапары


- Ислам діні қыз балалардың білім



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.03.2017
өлшемі18,81 Mb.
#9443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Ислам діні қыз балалардың білім 

алуына қалай қарайды? 

- Шариғат бойынша қарағанда ер адам-

мен қатар қыз балаларға  да тал бесіктен 

жер бесікке дейін білім алу парыз.



-  Қ азақ  ха лқ ы  қ ы з д арын  ө з 

дәстүрімен кең етекті, бүрмелі көйлек  

кигізіп, ұятты жерлерін жауып, абырой-

беделін  сақтап  жүруге  тәрбиелеген. 

Бойжеткен  қыздарымызға  киім  кию 

әдебі туралы не айтар едіңіз?

-  «Адам  көркі  –  шүберек»  -  дейді 

атам  қазақ.  Ислам  діні  –  Аллаһ  тағала 

өз  пендесіне,  әсіресе,  әйел  қауымына, 

балиғат  жасына  жеткен  күннен  бастап 

әурет  жерлерін  бекітіп,  орамал  орасын 

деген. 

Қ ұранда  әйел  а дамның  к иетін 



киімінің нақты формасы айтылмаған. Тек 

әйел  баласы  өзінің  дене  бітімін  қатты 

кескінделмейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, 

тобықтың төменгі жағынан басқа барлық 

жерлерін  жабатындай  кез-келген  киім 

үлгісін таңдап кисе болады. Бұл шарттарды 

орындап қыз балаларға  өзіне жарасымды 

етіп сәнді, әрі эстетикаға сай киім киюге 

ислам діні қарсы емес.

Әр  елдің  киім  кию  үрдісі  әдет-

ғұрыптары  мен  қоғамына  қарай  пайда  

болған. Сондықтан Құран өлшемдерінен 

шықпау шартымен әр қоғам үлгісін өзінің 

менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, зама-

нына қарай, өмір сүрген жерінің табиғатына  

ыңғайлы  етіп  таңдап  алады.  Мысалы, 

қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі 

болған.  Тіпті  әйел  адамдардың  жас 

ерекшелігіне қарай кимешегі болған. Ата-

бабаларымыз ғұрпымызда орамал тағу жоқ 

деп, құран қағидасына қарсы шықпаған. 

Керісінше оны ғұрпымен сабақтастырып, 

ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім 

үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да 

құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен  

ұлттық түсінігімізге сай әр түрлі үлгілерін  

тігіп киюге неге болмасқа?! 

-  Бүгінде  жасөспірім  қыздарда 

тәндеріне пирсинг, татуаж салдырып, 

қасқа татуаж жасап, кірпік жабыстыру  

секілді әрекеттер кең етек алуда. Ислам 

дінінде  осындай  әрекеттерге  рұқсат 

етіле ме?

-  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  хадис  - 

шәріптерінде  айтылғандай,  адам  дене 

мүшесінің  салауаттылығын  қорғауға 

борышты. Оны бүлдіріп уландыратын не 

нәрседен де өзін аулақ ұстауға мәжбүр. 

Адам  тұлғасының  он  екі  мүшесі  де  - 

Алла  тағаланың  бізге  берген  аманаты. 

Аманатқа қиянат жасап қасты татуаждап, 

бет  жүзін  түрлендіру,  кіндік,  мұрынға 

пирсинг  салдыруға  болмайды.  Денені 

сәндемек ойымен адамзат баласы, әсіресе 

бойжеткен қыздарымыз осындай қисынсыз 

жолдармен өз денсаулығына үлкен зиян 

келтіреді. Түрлі жұқпалы айықпас ауруларға 

шалдығатындар да кездесіп жатады.



- Исламда қыз балаларға қатысты 

тазалық мәселесі көтерілген бе?

-  Пай ғ амбарымыз  таз а лық тың 

маңыздылығы жайлы былай дейді:

«Тазалық  -  иманның  жартысы». 

«Аллаһ тазалықты жақсы көреді». Ислам 

ғалымдары Құран мен хадистерге қарап 

тазалықты төртке бөледі:

Дене, киім мен намаз оқитын жердің 

ластықтан тазаруы.

Ғайбат, харам жеу, қиянат жасау, т.б. 

күнәлардан  тазалау. Бұл - тақуа жандардың  

иманын аттыру  арқылы тазалану түрі.

Жүректің  қызғаныш,  өркөкіректік,  

дұшпандық  секілді  жаман  аурулардан 

тазаруы.  Олардың  орнын  кішіпейілділік, 

тәубе, сабыр, үміт, сүйіспеншілік секілді 

көркем сипаттармен толтыру.

Жүректің Аллаһтан басқа өзге  нәрседен 

тазалануы. «Ләә иләһә иллаһ» (Аллаһтан 

басқа тәңір жоқ) тәухид сөзінің жүректен  

толық орын алуы.

Жоғарыда  аталғандардың  барлығы 

бойжеткен  қыздарымызға  да  қатысты. 

Дене  тазалығы  мен  рухани  тазалықты 

ұштастырған  жағдайда  ғана  бойжеткен 

қыздарымыз келбетіне мінезі сай қазақтың 

нәзік те сымбатты, иманжүзді, пайымы мен 

парасаты биік қазақ қызы деген атқа лайық 

болары сөзсіз.

- Әңгімеңізге көп рахмет. 

Сұхбатты жүргізген:

Рита СұлтАнғАлИевА, 

филол.ғ.к., М. Өтемісов атындағы 

БҚМУ-дың баспасөз хатшысы

Жастарға рухани-ұлттық тәрбие қажет 

ректор  А.С.Иманғалиев  рухани-ұлттық 

тәрбиенің  мән-маңызына  тоқталып, 

соның  ішінде  діннің  өте  күрделі  мәселе 

екендігін  баса  айтты.  Ресми  тіркелген 

бірлестіктермен  қоса,  тіркелмей  заңсыз 

жұмыс  жасап  жатқан  діни  бірлестіктер 

қаншама?!  Соның  ішінде  2815  ислам 

бірлестігі  қызметін  жалғастыруда. 

Жастар тәрбиесі басты назарда тұрғаны 

рас.  Факультет  декандары,  кафедра 

меңгерушілері, топ кураторлары отырыс-

талқылаулар өткізіп тұрады. Осы бағытта 

тәрбие шараларын көбейтіп, үгіт-насихат 

жұмыстарын одан әрі күшейтуіміз қажет. 

Бүгінгі  семинарда  талқыланған  пікірлер 

мен  қабылданған  ұсыныс-шешімдер 

болашағымызға  оң  септігін  тигізеді  деп 

ойлаймын,- дейді өз сөзінде ректор. 

Асхат Сәлімұлы бүгінгі таңның өзекті 

тақырыбы сапынан түспей тұрған рухани 

тәрбие  мен  ұлттық  мәдениет  жайын-

да  көкейде  жүрген  біраз  мәселелерді 

алға  тартты.  Одан  кейін  сөз  алған 

Батыс  Қазақстан  облысы  ішкі  сая-

сат  басқармасы  бастығының  міндетін 

атқарушы Мұратқали Төрегелдиев бүгінгі 

тақырыптың  маңыздылығын  және  оқу 

ордасының әрдайым жастар тәрбиесіне 

баса  назар  аударып,  үнемі  маңызды 

істерді қозғап, өзекті мәселелерге қатысты 

шараларды  өткізетінін  сөз  қылды.  2003 

жылы  Президент  бастамасымен  осы 

тақырыпқа байланысты І съезд өтсе, бұл 

игі бастама 2006, 2009 жылдары жалғасын 

тапты.  Бұл  шараға  қатысушылардың, 

біріншіден,  көзқарастары  кеңейсе, 

екіншіден,  толеранттылық  мәдениетті 

қалыптастыруда  өзге елдер Қазақстанды 

көшбасшы  ретінде  мойындады.  Мұндай 

шаралар ұлттық мәдени тұрғыдан және 

рухани өсіп-жетілуде өз ықпалын тигізері 

анық. Бүгінгі семинар да – соның бір жарқын 

көрінісі.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – жа-

старды тәрбиелеу ісі басты орыннан түскен 

емес, біз патриоттығымызды нығайтуымыз 

керек,  мұның  бәрі  толеранттылық 

мәдениетке  әкеледі.  Толеранттылық 

мәдениет  пен  патриот тық  сезімді 

қалыптастыру – қатар жүретін мәселелер, 

-деп сөзін жалғады М.Қамешұлы. Қазақстан 

Республикасының  жан-жақты  азама-

тын қалыптастыруға себеп болар негізгі 

бағыт-бағдарларға тоқталған Мұратқали 

Қамешұлы  әлі  де  көптеген  іс-шаралар 

жоспарда  тұрғанын  айтып,  оқытушы-

мұғалімдерді  кәсіби  деңгейде  қызмет 

атқаруға шақырды.

Семинар  барысында  т.ғ.д.,  доцент 

А.М.Нұрғалиева  студент  жастардың  ру-

хани  негізінің  ізденісі,  филос.ғ.к.,  до-

цент  К.М.Науанова  дінтануды  оқытудың  

толерант тылық  тәрбие  негізі  мен 

конфес с ияара лық  қ арым - қ атынас 

мәдениеті  жайында,  филос.ғ.к.,  аға 

оқытушы  Г.Б.Молдашева  мемлекеттегі 

өзара қарым-қатынас пен Қазақстандағы 

діни  бірлестіктердің  ерекшеліктері  ту-

ралы,  студенттік  ректор  Е.Асылханова 

студент жастардың рухани тәрбиесі мен 

көзқарастары    жайындағы  баяндамала-

рын ұсынды. Шара соңында қатысушылар 

көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, 

ой-пікірлерін білдірді. 

Семинар-кеңес  соңында  оқу-тәрбие 

жұмысын  жетілдірудің  негізгі  тетіктерін 

анықтау  мақсатында  тәрбие  жұмысы 

жөніндегі бөлім тәрбие үрдісінің барлық 

формалары арқылы студенттердің жоғары 

рухани мәдениетін қалыптастыру бойынша 

іс-шаралар  кешенін  құрастыру,  ғылыми 

үйірмелер мен шығармашылық топтардың 

қызметін белсенділендіру арқылы мәдени-

демалыс  жұмысын  жетілдіру,  студент-

жастар арасында этносаралық келісімнің 

қазақстандық  моделін  түсіндіру  және 

тарихи-мәдени  мұрасын  насихаттау 

бойынша  жұмыстарды  жалғастыру,  дін 

саласында  ақпараттық-идеологиялық 

жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша 

жаңа  мүмкіндіктерді  пайдалану  секілді 

ұсыныстар қабылдады.



Светлана ӘдІлхАнқыЗы

 Сыр - сұхбат



Ґ

№ 12 (869)

 қазан 

2011 жыл


6

Батар күн, келер күн, атар таң, шығар 

күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын.



Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен сірә да өлмейтін шығармын- 

деп қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, 

бір туар асылдарымыздың бірі Мұқағали 

Мақатаев  жырлап  өткендей,  қазіргі 

өскелең ұрпақтың  өмір жолын ізгілікке, 

отаншылдыққа,  жақсылыққа  баулып, 

артына мол мұра қалдырған, поэзияны 

сүйе білуге ұғындырған, бүгінде ақынның 

өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп 

жүріп оқитын жырына айналды.

  Мұқағали тірі болса  80 жасқа толар 

еді.  Осыған  байланысты  М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ-да М.Мақатаевтың 

8 0  ж ы л д ы ғ ы н а  а р н а л ғ а н  ф и з и -

ка  мамандығы  1  курс  студенттерінің 

ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының 

Хан Тәңірі» тақырыбында кеш өтті.

Қазіргі таңда Мұқағали жұлдызы қазақ 

өлеңінің  аспанында  ерекше  нұрланып, 

жарқырап  көрініп  тұр.  Сұлтанмахмұт, 

Ілияс,  Қасым  жұлдыздарындай  көзге 

оттай  басылып,  ыстық  көрінетін  ол 

жұлдызды  басқалармен  шатастыру 

мүмкін емес.

  Кеш  барысында  «Шын  поэзия  жа-

сырынып  тұрған  дүние  сұлулығының 

шымылдырығын  сыпырып  тастайды»-

деп Шелли хан айтқандай, Мұқағалиша 

жырлап, поэзияны Мұқағалиша ұғынған 

студенттер ақын өлеңдерін оқып, әндерін 

жырлады.


Мұқағали  кітаптарының  көрмесі 

ұйымдас тырыл ды.  «По эзия»  де -

ген  құдіретті  өнерді  бағалап  жүрген 

студенттеріміздің  бірі  Тоқтамысова 

Ибалы  өзінің  «Мұқағалиға  арнау», 

«Мұқағалиға сағыныш» деген өлеңдерін 

оқыды.  Домбырамен  тебіренте  әсем 

дауысымен Биғалиева Айгерім жырлаған 

Мұқағалидың «Фаризаға» арналған әні 

Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі

қонақтарымыз  бен  көрермендерімізге 

тамаша әсер етті. 

Кеш  қонақтары  БҚМУ  профессоры 

Серікқали Шарабасов, проректор Түймеш 

Даришева,  физика  және  математика 

кафедрасының  меңгерушісі  Айман 

Кульжумиева, доцент А.Е.Жұмағалиева 

с өз  а лып,  поэзия  кешінен  а л ған 

әсерлерімен  бөлісіп,  тобымыздың  ку-

раторы  Гүлсім  Мақсотқызына  және 

тобымызға алғыс айтты.

БҚМУ  пр о ф ес с оры  С ерік қ а ли 

Ғабдешұлы  Мұқағали  жайында  сыр 

шертіп,  өзінің  ой-пікірін  білдірді. 

Мұқағалидың  «Сарыжайлау»,  «Есіңе 

мені алғайсың» әндерін  шырқаған әнші 

қызымыз  Таңшолпан  Смағұлқызы  кеш 

қонағы Серікқали Ғабдешұлының ыстық 

ілтипаты  мен  қолтаңба  сыйлығын  алу 

құрметіне ие болды. 

 МІне, Мұқағалиды өзімізше жырлап, 

әнге қосып, енді біріміз Мұқағали туын-

дыларын оқудан, поэзияларын ұғынудан 

шаршаған  емеспіз.  Тереңнен  толғаған 

ақын жырлары бізді, жастарды туған елді, 

ана  тілді,  атамекенімізді  қастерлеуге, 

сүйе  білуге  ұғындырып,  жақсылыққа 

тәрбиелеуде. Поэзия кемеңгері, дарынды 

дара  тұлғамыз  М.Мақатаев  мұралары 

ешқашан өлмек емес.

Өмірім, сірә да, әріден басталған,

Ә р і д е н   б а с т а л ғ а н ,   м ә ң г і г е 

тасталған.

О с ы  м е н  ө л м е й т і н,  ө л м е й т і н 

шығармын,

Сәл  ғана  мызғып  ап  қайтадан 

т ұрармын,-деп  Мұқ ағали  жырлап 

өткен.  Расында  да,  біз,  келешек  ұрпақ 

Мұқағалидай асыл тұлғамызды ешқашан 

ұмытпаймыз! Қайта біз оның поэзиясы-

нан нәр алып, шабыттанамыз!

Шынар АПАлИтовА,

физика-математика мамандығының 

1 курс студенті

М.  Өтемісов  атындағы  БҚМУ-да  жыл  сайын  дәстүрлі  түрде  өткізілетін 

«Жас ғалымның» биылғы байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 

жылдығына арналды. Аталған байқауды Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат 

басқармасының, «Алгоритм технопаркінің» қолдауымен «БҚО Жас ғалымдар» 

қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 28 қазан күні «Алгоритм технопаркінде» 

«Жас ғалым – 2011» байқауының салтанатты ашылуы болды. 

Алтын  күздің  соңғы  күндері  университет  үшін  мәнді  де  маңызды  кез-

десулерге  толы  болды.  Соның  бірі  –  университет  ректоры  Асхат  Сәлімұлы 

Иманғалиевтің ардагерлермен кездесу кеші. 

«Жас ғалым – 2011» 

үздіктерді анықтады

Баспасөз  мәслихатына  М.  Өтемісов 

атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыс және 

халықаралық  байланыстар  жөніндегі 

проректоры Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, 

Б Қ О   і ш к і   с а я -

сат  басқармасы 

б а с т ы ғ ы н ы ң 

о р ы н б а с а р ы 

Т ө р е г е л д и е в 

М ұ р а т қ а л и 

Қ а м е ш ұ л ы , 

« А л г о р и т м 

т е х н о п а р к і » 

Ж Ш С - н ы ң   т е х -

нология,  бизнес 

и н к у б а ц и я л а у 

бөлімінің басшысы 

Проскурин  Павел 

А л е к с а н д р о в и ч ,   Қ Р   Ұ л т т ы қ 

интеллектуалдық  меншік  институтының 

батыс аймақтық өкілі Қабышева Қарлығаш 

Сағынғалиқызы,  БҚО  Кәсіпкерлік  және 

өнеркәсіптік басқармасы өнеркәсіп және 

жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы 

Өтебаева  Тұрсын  Фазылғалиқызы  және 

байқауға  қатысушы  үміткер  оқушылар, 

студенттер  және  жас  ғалымдар  мен 

оқытушылар қатысты. 

Ашылу  сал-

танатында  сөз 

а л ғ а н   « Б Қ О 

Жас  ғалымдар» 

қ о ғ а м д ы қ 

б і р л е с т і г і н і ң 

ж е т е к ш і с і 

Саялбек Ғиззатов 

о б л ы с т ы қ 

байқауға  келіп 

т ү с к е н   ж о б а -

л а р   б а р ы с ы -

мен  таныстыр-

ды.  Байқаудың 

а л ғ а ш қ ы  к е з е ң і  і р і к т еу  с ы н ы н а н 

тұратындығы, іріктеуден өткен жұмыстар 

екінші кезеңге өтетіндігі және өз жобала-

рын  ашық  түрде  қорғайтындығын  атап 

өтті.  Байқауға  жалпы  саны  108  жоба 

келіп түскен. 80 ғылыми жоба іріктелініп 

ардагер ұстаздар 

университет басшысымен кездесті

Халық даналығында «Үлкенге құрмет, 

кішіге ізет» деген ұғым бар. Бұл басқосудың 

маңыздылығы  да  осы  нақылдың  түп-

төркінін аңғартады. Өйткені қариялар – ел 

қазынасы. Көргені көп, көрегендігі асқақ 

ардагер ұстаздарымыздың өнегелі істері 

мен ақыл-кеңестері орта буын және кейінгі 

ұрпақ өкілдері үшін баға жетпес қазына 

деп сөзін бастаған университет ректоры, 

академик Асхат Сәлімұлы ардагерлердің 

белсенді  мүшелеріне  университеттің 

алға қойған мақсат-міндеттер, жоспарла-

рымен таныстырып өтті. Университетте 

ұзақ  жыл  қызмет  атқарған  ардагер 

ұстаздарды    білім  ордасының  бүгінгі 

жайы  толғандыратындығы  олардың 

әрқайсысының сөздерінен анық байқауға 

болады.  Университет  басшысы  оқу 

үрдісінде  ардагер  ұстаздарымыздың 

білімі  мен  біліктілігін  ерекше  атап  өтіп,  

олардың  озық  тәжірибелері  бүгінде 

қызмет  атқарып  жатқан  жас  маман-

дар  үшін  тәжірибе  алмасудың,  оқу-

әдістемелік  жағынан  көмек  көрсетудің 

қалыптасқан озық дәстүрі жалғасса деген 

ниет білдірді. 

Асхат  Сәлімұлы  кәсіптік  бағдар 

жұмысын  жетілдіру,    студенттер  санын 

1000-1500-ге  дейін  арттыру,    қоғам 

сұранысына қажетті, жұмысқа орналасу 

мүмкіндігіне ие жаңа мамандықтар ашу, 

университеттің  материалдық  базасын 

жаңарту,    жаңа  оқу  ғимараттары  мен 

жатақханалар, жастар сарайын тұрғызу 

жұмыстары,  оқу  корпустарын  жаңарту, 

өңдеу  жұмыстарын  жүргізу  барысымен 

хабардар етті. 

Кездесу барысында ардагер ұстаздар 

профессор- оқытушылық  қ ұрамның 

б і л і к т і л і г і н   а р т т ы р у   б а р ы с ы н д а 

жүргізіліп  жатқан  жұмыстармен  таны-

сты. Университеттің бірнеше мамандық 

бойынша  халықаралық  аккредиттеуден 

өтетіндігін  ардагер  ұстаздар  үлкен 

жетістік  деп  бағалады.  Оқу  орнындағы 

академиялық  ұтқырлықтың  жүзеге  асы-

рылуы, Польша, Германия, Ресей секілді 

дамыған елдердің жоғары оқу орындары-

мен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп 

жатқандығы  ардагерлерімізді  қуантты. 

Асхат  Сәлімұлы  жетекші  институттың 

б о л у ы  қ а жет  е ке н і н  ата й  от ы р а, 

ардагерлеріміз бен орта буын және жас 

оқытушылар, студенттер әрқашан тығыз 

байланыс жасай отырып, қызмет атқару 

тиіс екеніне тоқталды. Қалам Жұмашұлы, 

Қарасай  Тұрмақұлы,  Павел  Романович,  

Разак  Абдрахманович,  Александра 

Егоровна,  Меруерт  Жолдықайырқызы, 

Қамеш Ысмағұлұлы, Мария Максимовна, 

Талшын  Есеноманқызы,  Серікқали 

Ғабдешұлы  сынды  өнегелі  білімі  мен 

озық  тәжірибелері  тоғысқан  ардагер 

ұстаздарымыз  университет  басшысына 

өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, 

еркін ой бөлісіп, 80-жылдық мерейтойын 

атап  өткелі  отырған  білім  ордасында 

еңбек жолын жалғастырған университет 

басшысына ақ тілектерін жолдады. 

Ел қариялары – алтын қазынамыз. Аға 

буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, ерекше 

ілтипат  білдіру  –  ізеттіліктің  белгісі. 

Университет  басшысының  ардагер 

ұстаздарды қабылдап, ұйымдастырылған 

кездесу  кеші  ардагерлерімізге  деген 

құрмет  пен  үлкен  ізеттіліктің  шарасы 

іспетті. 



Бқму-дың баспасөз қызметі

алынған. Оқушылар, студенттер, 29 жасқа 

дейінгі жас ғалымдар ақпараттық техно-

логиялар, экология-биотехнология және 

әлеуметтік маңызды жобалар бағытында  

үш секция бойынша ғылыми жобаларын 

қорғап, ғылыми сарапшылар үздік жоба-

ларды анықтады.  

«Жас ғалым – 2011» облыстық ғылыми 

жобалар байқауына М. Өтемісов атындағы 

БҚМУ студенттері де белсене қатысты. 

Әлеуметтік    маңызды  жобалар 

бағытында  филология  факультеті 

қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 1 курс 

студенті    Қаршығақызы  Таңшолпан 

(ғ ы л ы м и  же т е к ш і с і  –  ф.ғ.к.  Р.Б. 

Сұлтанғалиева)  жүлделі    І  орынды,  

шет тілі мамандығының 1 курс студенті 

Нұрқашева Фариза (ғылыми жетекшісі – 

О.В. Опря) ІІ орынды иеленді.

Экология  және  биотехнология 

бағытында    Аяпбергенова  Нұрлыбике 

І  о р ы н ғ а  и е  б о л с а ,  и н ж е н е р л і к-

конструкторлық бағыт бойынша  БҚМУ 

студенттері    Даупаев  Нұрсұлтан 

Сыбайлас жемқорлық белсенділігінің 

алдын  алу,  оны  бейтараптандыру, 

а да л дық тың  с атылмайтын ды ғ ын 

көтермелеу арқылы, жоғары оқу орны 

тіршілік  әрекетінің  барлық  саласында 

сыбайлас  жемқорлыққа  жол  бермеу, 

университет  ұжымы  мен  жастардың 

сыбайлас  жемқорлыққ а  қ атыс ты 

мәдениетін  қалыптастырып  дамыту, 



жүлделі І орын, Аманғалиев Махмұт пен 

Арзанбаев Ердәулет (ғылыми жетекшісі 

–  география  магистрі  Д.Ж.  Искалиев) 

ІІ  орын,  Ислямова  Тұрсынай  (ғылыми 

жетекшісі  –  Ж.С.  Сырым)  ІІІ  орынды 

иеленді. 

«Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары 

ұлт қана жаһандану талаптарына жауап 

бере алады. Сондықтан білім сапасы – елдің 

ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік 

қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала» 

деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан 

болатын. Ел ертеңін айқындайтын білімді 

ұрпақ  бәсекелестік  қабілетке  ие  болу 

үшін әлбетте ғылыммен айналысуы тиіс. 

Ғалым болуға талпынған білімгер адам жас 

кезінен ғылыми жобалар мен ғылыми зерт-

теу жұмыстары сынды баспалдақтардан 

өтуі заңды. Жас ғалымдар байқауында оза 

шапқан студенттеріміз келешекте ел үмітін 

ақтар үздік ғалым атанып, ғылымның биік 

шыңдарын бағындыратынына сенімдіміз.

Бқму-дың баспасөз қызметі

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім 

беру  мақсатында  24  қазан  күні  205-

мәжіліс  залында  университет  басшы-

лары, құрылымдық бөлім жетекшілері, 

сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  ко-

миссиясы  және  студенттік  өзін-өзі 

басқару  мүшелерінің  қатысуымен  ҚР 

Президенті  жанындағы  мемлекеттік 

басқару  академиясының  сот  төрелігі 

институтының  қылмыстық  құқық  және 

процесс  кафедрасының  меңгерушісі, 

заң ғылымдарының кандидаты, доцент 

Маликова  Айгүл  Шарифқанқызымен 

«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ал-

дын алу» тақырыбында кездесу болып 

өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың 

шығу  тарихы,  оның  түрлері,  даму 

деңгейі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

заңнаманы  жетілдіру  жолдары  сөз 

болды. Кездесу соңында қатысушылар 

Айгүл Шарифқанқызына өздерін маза-

лап жүрген мәселелер жөнінде сұрақтар 

қойып,  оларға нақты жауап алды. 

-


Ґ

№ 12 (869)

 қазан 

2011 жыл


7

 Наш юбиляр

Есть притча о том, что, стоя перед пропастью, один 

видит бездну, другой – мост, который можно через бездну 

перекинуть. Акмарал Адиетовна Кожевникова – одна их тех 

редких личностей, которых не пугает пропасть неизвест-

ного, непонятного, в ней всегда горит позитивный настрой 

ко всему.  Это светлый человек, к которому люди тянутся 

душой, общение с которым доставляет радость. 

Человек рождён, чтобы достичь жизни, и сделает он 

это или нет – зависит от него. Он может дышать, есть, 

продолжать стареть, но это не жизнь. Это постепенное 

умирание. Жизнь должна быть не просто старением. Она 

должна быть вырастанием. Жизнь должна быть поис-

ком, исследованием; не претензией быть тем или этим, 

а поиском ответа на вопрос: «Кто я такой?». Знакомство 

и дружба с Акмарал на протяжении двух десятков лет 

позволили мне наблюдать за ее духовным ростом. В ней 

скрыты такие резервы душевной щедрости, которые ка-

жутся неисчерпаемыми; порой этому удивляешься, порой 

потихоньку завидуешь, но неизменно радуешься своей 

сопричастности к ее внутреннему миру. 

Вызывает удивление и восхищение, что у совершен-

но разных людей (здесь можно отметить и менталитет, 

и характер, и профессию, и возраст) Акмарал вызывает 

одинаковые чувства.  Она врачует души людей и являет-

ся духовным пьедесталом, которому хочется подражать, 

дотянуться и просто постоять рядом, очищаясь от налета 

повседневной шелухи. 

Безусловно, на формирование Акмарал как личности 

оказала большое влияние ее семья. Истоки ее интеллекта, 

интеллигентности, интереса к самой жизни и ко всем ее 

проявлениям кроются где-то глубоко - на генетическом 

уровне. Родители Мары, так ласково называют ее родные 

и друзья, настоящие подвижники благородной учительской 

профессии. Папа, учитель физики и астрономии Габдуллин 

Адиет, запомнился ученикам своим вдохновенным энту-

зиазмом, они до сих пор рассказывают о том, как ходили 

по ночам смотреть в телескоп на небесные светила. Это 

были не просто уроки астрономии - это были уроки жизни, 

ведь единожды познав в себе радость откровения от от-

крытий, ты никогда не сможешь прожить жизнь впустую, 

ты всегда будешь стремиться к новому и неизведанному, 

ты  будешь  стремиться  к  звездам.  Мама  -    математик 

Ахметжанова Тамара Мухамбетжановна - заслуженный 

учитель Казахской ССР, спокойный, доброжелательный 

и терпеливый человек. Порой диву даешься, как у физи-

ка и математика, людей, стихия которых точные науки, 

родилась неисправимый романтик и возвышенная душа 

– Акмарал Адиетовна. Видимо, не зря говорят, что физики 

– это лирики.  

Марк  Туллий  Цицерон  говорил,  что  есть  в  наших 

душах врожденные семена добродетелей, и если дать 

им развиться, природа сама поведет нас к счастью. Так 

и дорога Акмарал к счастью построена на тех семенах 

добродетели, которые были заложены еще в детстве.

В  период  учебы  на  филфаке  Куйбышевского  го-

сударственного  университета  Акмарал  Адиетовна 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет