Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет171/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   482
Таңдауды өзгерту
Шағын топтарға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «топ мүшелерінің 
пікірлері уақыт өте келе бір-біріне үқсас болып кетеді» деген дәйекті 
түжырым жасалған. Бұл процесс таңдауды өзгерту деп аталады. Мыса- 
лы, достарыңызбен қай фильмдегі актер «ең үздік» деп талқылағанда ең 
үздік деген бір немесе екі жұлдызға тоқталар едіңіздер.
Ton мүшелері әдетте конвергенцияға (өзара жақындау) үшырауына 
қарамастан, қалыпты жагдайда еш уақытта ортақ байламга келмейді. 
Оның орнына, топтар тәуекелді нүсқа (қатерлі шешімге келу) немесе кон- 
сервативті нүсқа (конверсиялық ауысым) бойынша келісімге жетуі мүм- 
кін. Кейде таңдауды өзгерту бір немесе бірнеше топ мүшесінің сендіре 
білетін дәлелдеріне байланысты болады. Бірақ олар топтағы жалпы нор- 
малардан ауытқып консерватизмге немесе тәуекелге жиі барады (Jackson, 
2007). Мысалы, шіркеу басшылығы комитет шешімінің ең қауіпсіз нұсқа- 
сын, ал террористік топ ең қауіпті нүсқасын таңдауға шақырады.
Таңдау жасаудың өзгеруінің бірден бір себебі - топтық ойлауда 
бірліктің, яғни жеке бір пікірдің болмауы (Street, 1997; Jackson, 2007). 
Топтық ой топ мүшелеріне жоғарыдан қысым көрсетілгенде, сыни 
тұрғыдан ойлау жойылғанда пайда болады.
Мәселен, 1986 жылы жарылысқа ұшыраған Чэлленджер ғарыш 
кемесінде жұмыс істейтін инженерлер ұшу кезінде ұшақтың О іспет- 
тес сақинасына зақым келуі мүмкін екенін білген болатын.
Алайда қауіпті екеніне қарамастан, тәуекелге баруды талап 
ететін НАСА-дағы саясаттың ықпалымен ғарыш кемесін жіберуге 
көрсетілген саяси қысым салдарынан инженерлер, шын мәнінде, О 
іспегтес сақинаға зақым келу ықтималдығы өте томен деп бірін-бірі 
жұбатқан (Vaughan, 19%). Келтірілген мысалдан топтық ойлаудың ке- 
леңсіз шешімдерге жиі әкеп соқтыратынын көреміз.


148
5-ТА РАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет