Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет231/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

АҚШ-тағы теңсіздік
Әрине, Америкадағы ең кедей азаматтардың жағдайы Эфиопия мен 
Гаитидегі кедейлерден жақсырақ. Әйтсе де АҚШ-тағы теңсіздік - кө- 
кейкесті мәселе. Келесі тарауда АҚШ-тағы стратификация құбылысы- 
на талдау жасаймыз.
Экономикалық теңсіздік
Теңсіздіктің маңызды түрлерінің бірі - табыс теңсіздігі. Табыс деп 
адамның немесе отбасының белгілі бір уақыт аралығында алатын ақ- 
шасын айтамыз. Табыстың ішіне еңбекақы, зейнетақы, дивидендтер 
және үкіметтен алатын жәрдемақы (мысалы, әлеуметтік қамсыздан- 
дыру) кіреді. Табыс теңсіздігі - белгілі бір ел ішіндегі табыс көлемінің 
айырмашылығы.
Табыс теңсіздігі таптық жүйелердің барлығына тән, ал АҚШ-та 
ерекше жиі кездеседі. Экономикалық корпорация мен Даму үйымы- 
на (2011) кіретін 30 елдің ішінде Түркия мен Мексикада ғана АҚШ-қа 
қарағанда табыс теңсіздігі кең тараған. АҚШ-тағы табыс теңсіздігі 
1970 жылдан бері артып келеді (DeNavas-Walt &Cleveland, 2002; Isaacs, 
Sawhill &Haskins, 2008).
Егер АҚШ халқын 5 топқа бөлсек, ең кедей үй қожалықтарының 
20%-ы табыстың 3,4%-на ие, ал ең байлардың 20%-ы табыстың 50%-на 
ие, яғни 14 есе артық (7.3-сызба). Қазіргі экономикалық жағдайда бұл 
ең түйткілді мәселеге айналғаны енді ғана мәлім болды. 2011 жылы 
АҚШ-тағы ең үлкен компаниялардың басшыларына төленген орташа
Табыс - белгілі бір уақыт 
аралығында алынатын ақша 
көлемі.
Табыс теңсіздігі - белгілі бір 
ел ішіндегі табыс көлемінің 
айырмашылығы.


200
7-ТАРАУ
Б а й л ы қ - ж е к е т у л ғ а н е м е с е ү й
қ о ж а л ы ғ ы н ы ң и е л іг ін д е г і а қ ш а
м е н м а т е р и а л д ы қ и г і л ік т е р қ ұ н ы .
жылдық сома 10,8 млн доллар болған; ал табысы ең жоғары Виаком- 
ның басқарушысы Филипп Дауманның жылдық табысы 84,5 млн 
доллар (Joshi, 2011).
Табыс теңсіздігінің өсуі АҚШ-тың экономикалық қүрылымын- 
дағы өзгерістерге және АҚШ үкіметі саясатының өзгеруіне байла- 
нысты (Massey, 2007; Morris and Western,1999). 13-бөлімде тереңірек 
талқылағанымыздай, америкалықтардың 80%-ы қазіргі уақытта 
агқарушы қызмет корсету саласында немесе сауда орындарында 
жұмыс істейді. Бұл жұмыс орындарындағы еңбекақы Америка эко- 
номикасында үстемдік ететін өндіріс орындарына қарағанда әлде- 
қайда төмен. Экономиканың барлық секторында жұмыс берушілер 
тұрақты қызметкерлердің орнына төмен еңбекақыға келісетін 
уақытша немесе жартылай жұмыспен қамтылу негізінде істейтін 
жұмысшыларды алады. Жүмыс берушілердің енді бірі еңбекақы- 
ны аз төлеу үшін америкалық қызметкерлердің орнына шетелдік 
жұмысшыларды қабылдайды. Сонымен қатар үкімет кәсіподақта 
мүшелік етуді күрделендіріп, оның ықпалын төмендетті; ауқат- 
тыларға салықты қысқартты, кедейлерге арналған жеңілдіктер 
санын азайтты, осының салдарынан ең төменгі еңбекақы мөлшері 
одан әрі төмендегі кетті. Осы саясаттың нәтижесінде кедейлер мен 
жұмысшы табының табыс мөлшері азайып, ауқатты америкалык- 
тардың табыс мөлшері арта түсті (Massey, 2007).
Табыс теңсіздігі неғұрлым жоғары болса, АҚШ-тағы экономика- 
лык; теңсіздік мөлшері соғұрлым төмендей түседі. Теңсіздік мөлше- 
рін дәл анықтау үшін байлық мөлшерін қарастыруға тура келеді. 
Байлы қ - белгілі бір уақытқа жеке тұлға немесе үй қожалығы ие- 
ленген ақша мен материалдық игіліктер құны (қорлар, инвести- 
циялар, үйлер, жер, автокөліктер мен басқа мүліктерді қоса ал- 
ғанда). Ең ауқаттылардың 20%-ы болатын үй қожалықтары (табыс 
бойынша) - барлық байлықтың 80%-ына, ал 1% болатын ең ауқатты 
адамдар барлық байлықтың 35%-на ие (Rampell, 011). Соңғы 25 және 
одан көп жылдар аралығында АҚШ-та байлық теңсіздігі өзге дамы- 
ган елдермен салыстырғанда тез қарқынмен өсті.
Табыс теңсіздігі басқа халықтарға 
қарағанда АҚШ-та жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет