Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Теңсіздікпен күрес: нәсіл ме әлде тап па?



Pdf көрінісі
бет287/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Теңсіздікпен күрес: нәсіл ме әлде тап па?
Осы және 7-бөлімде адамның бір жағынан, әлеуметтік таптағы орны, 
екінші жағынан, нәсілі мен үлты оның өміріне қалай эсер ететінін көр- 
сеттік. Егер адамның мәртебесі екеуінде де томен болса оған қосарланған 
жаза қаупі төнеді. Мысалы, кедей афроамерикалық, латынамерикалык 
және байырғы америкалық жасөспірімдер ақ нәсілді жасөспірімдермен 
салыстырғанда жиі жұмыссыз жүреді немесе өмірін түрмеде өткізеді.
Әлеуметтанушылар АҚШ-тағы теңсіздікке нәсілдік және таптық 
жіктеу ықпалының артуын қызу талқылауда. Зерттеушілер «афроаме- 
рикалықтардың мәселесі нәсілдік және таптық топтарға жіктелуге бай- 
ланысты ма» деген сұрақ қояды. Белгілі афроамерикалық әлеуметтану- 
шы Уильям Дж. Уильсон өзінің бірнеше кітабы мен мақаласында (1978,


НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
251
1987,1996, 2009) таптар арасындағы стратификация қоғамдағы маңызды 
факторлардың бірі деп қарайды. Оның айтуынша, еңбекақысы жоғары 
зауыттар мен фабрикалардың жабылуы, басқа жұмыс орындарының 
қала сыртына көшірілуі себебінен кедейлікке үйренісіп кеткен афроаме- 
рикалықтар, өз мүмкіндіктері шектелуін сезінген. Және дискриминация 
мен оларға қатысты бұрмаланған көзқарастарға қарсы тұра алмаған. Сол 
себепті барлық америкалық үшін жақсы, жаңа жұмыс орындарын ашуға 
бағытталған стратегияларды қолданып, оларды іске асыру афроамерика- 
лықтарға ең дүрыс көмек болар еді (7 тарауда айтылған «лайықты еңбек- 
ақы талап е гу қозғалыстары» және «білім алу мүмкіндіктерін ұлғайту»).
Көптеген әлеуметтанушылар мұнымен келіспейді. Олар АҚШ- 
тағы нәсілдік теңсіздік мәселесін тек таптық жіктеуге негізделген сая- 
сат арқылы ғана шешуге болатынына күмән білдіреді. Алайда афроаме- 
рикалықтардың әлеуметтік жағдайы орташа немесе жоғары деңгейге 
жетсе де дискриминация мен теріс көзқарас әлі кездеседі. Мысалы, 
орта таптағы афроамерикалықгар ақ нәсілділермен салыстырғанда, 
кедей өңірлерге жақын жерде өмір сүреді (Alba,Logan&Stults2000). Осы- 
лайша, көптеген әлеуметтанушылардың пайымдауынша, теңсіздік 
мәселесін оңтайлы шешу үшін болашақта нәсілдік, этностық және 
әлеуметтік таптар мәселелерін шешуге бағдар алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет