Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет314/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

274
9-ТАРАУ
ныстық қатынасқа барған ересектердің (екі жыныс та) түрмеге қама- 
луы талап етіледі. Бұл тарауда біз АҚШ-тағы қазіргі жыныстық қаты- 
настар жайын қарастырамыз.
Ж ынысты қ қатынас сценарийлері
Киімге, тағамға және сатушымен сөйлесуге қатысты әлеуметтік нор- 
маларды қалай үйренетін болсақ, жыныстық қатынасқа қатысты 
нормаларды да солай үйренеміз. Әлеуметтанушылар жыныстық сце- 
нарийлер терминімен мәдениетке байланысты болжамды - кім, қай- 
да, қашан, неге, қалай және кіммен жыныстық қатынасқа түсе алады 
деген сияқты болжамдарды белгілейді. Өз субмәдениетіңізге қарай 
жыныстық сценарийлер жөнінде білетін боларсыз, онда жыныстық 
қатынас - тек ерлі-зайыптылардың арасында ұрпақ жалғастыру үшін 
түнде жабық есіктің артында жасалатын нәрсе. Дегенмен жыныстық 
қатынас кез-келген серіктестердің қалауынша кез-келген жерде, кез- 
келген уақытта рақат пен қуанышқа бөлену үшін жасалады деген сце­
нарий болатынын да оқыған шығарсыз.
Қазіргі заманғы мәдениет біркелкі болмағандықтан, әртүрлі жы- 
ныстық сценарийлердің арасында шиеленістер жиі болады. Біз көп- 
теген себептердің әсерімен - мысалы ата-аналар, достар, дінбасылар, 
бұқаралық ақпарат құралдары және тағы басқасының әсерімен жы- 
ныстық сценарийлер қалыптастырамыз. Уақыт өте келе біз қабылда- 
ған осындай сценарийлер өзгеріп отырады.
Некеге д ей ін гі ж ән е ж асөсп ір ім дік
ж ы ны сты қ қатынас
Жыныстық сценарийлер -
мәдениетке байланысты кім, 
қайда, қашан, неге, қалай және 
кіммен жыныстық қатынасқа түсе 
алады деген болжал.
Жеңіл кездесулер - үйлену, 
неке құру немесе романтикалық 
қарым-қатынас қүру жоспарынсыз 
бейберекет жыныстық қатынасқа 
бару.
Ең маңызды жыныстық сценарийлердің бірі жыныстық қатынас- 
тың (гетеросексуалдық) некеден тыс әсіресе жасөспірімдерге қатыс- 
ты болуына байланысты. Ондаған жылдар ішінде некеге дейінгі 
жыныстық қатынастар қалыпты деп қабылдана бастады. Мұны жа- 
сөспірімдер де қабылдады, бірақ олардың ата-аналары қабылдаған 
жоқ (Abma және т.б., 2004). 1950 жылдары жұптар некеге тұратынын 
жоспарлап, нақты сенімді болғанда ғана жыныстық қатынасқа туе­
се, қазіргі жасөспірімдер мен ересектер «жеңіл кездесулерді» әдетке 
айналдырған. Яғни үйлену, неке құру немесе романтикалық қарым- 
қатынас құру жоспарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынастармен ай- 
налысады. Бұл жайлы «Америкалық әралуандық: гендер және жеңіл 
кездесулер» тақырыпты тарауда талқыланған.
Сол сияқты ешқашан некеде тұрмай-ақ жыныстық қатынаста 
болғанын мойындаған жасөспірімдердің үлесі 1950 жылдардан 1980 
жылдардың соңына дейін қыздар арасында 40 пайыздан 50 пайызға 
және ұлдар арасында 60 пайызға дейін өскен (Abma et al 2004).
Одан бері жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас деңгейі 
төмендеді, шамамен 46 пайызға дейін түсті (Kaiser Family Foundation 
2011). Корее гкіштердің төмендеуіне не себеп болды?
АҚШ-тың жыныстық үстамдылықты үгіттейтін тәрбиелеу баг- 
дарламалары себеп болмағаны анық. Бүл бағдарламалар нәтижесін- 
де алғашқы жыныстық қатынастар бірнеше айға ғана тоқталатынын 
зерттеулер дәлелдеген (Dailard 2003). Оның үстіне, әуелде ұстамды 
болам деген жасөспірімдер кейіннен жыныстық қатынасқа белсене 
кірісіп, жыныстық жолмен берілетін ауру жұқтыру ықтималдыгы 
күрт артады (Bruckner & Bearman 2005, Tolman & McClelland, 2011).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет