ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
285
діріс саласы (Conrad, 2007). Мысалы, тек Виаграмен емделетін «ер-
лердің жыныстық дисфункциясын» ауру ретінде анықтауда фарма-
цевгикалық өндіріс саласы негізгі күш болды (Loe, 2004). Сонымен
қатар медикализацияга өз нарықтарын кеңейтуден үмітті дәрігер-
лер тарапынан да маскүнемдік немесе фибромиалгия секілді қилы
жағдайлардан құтылуды немесе зерттеу жүмыстарына қолдау көр-
сетуді көздеген түтынушылар тарапынан да қысым болуы мүмкін
(Barker 2005; Conrad, 2007).
Кейде дәрігерлер де медикализацияга қарсы шыгады, өйтке-
ні жағдайды түзеу үшін (мысалы, әйелін соққыға жығу) жауап-
ты болғысы келмейді. Түтынушылар да медикализацияны қол-
дамайды, өйткені белгілі бір күйді (мысалы, менопауза) өмірдің
қалыпты жағдайы деп санайды. Сақтандырушылар да өзінің пай-
дасына қарай м едикализацияны қолдауы немесе қарсы шыгуы
мүмкін. Мысалы, сақтандырушылар алгаш артық салмагы бар
емделушіге асқазанды шунттау секілді қымбат отаға төлем беру-
дің орнына артық салмақ ауру болып саналмайды деп өтініш ін
қабылдамаган.
Ендігі жерде ота ұзаққа созылагын шығындарды азайтатыны
дәлелденген кезде қамсыздандырушылардың көбі артық салмақты
ауру деп танып, оган хирургиялық көмек көрсетілгенін қолдайды
(Conrad, 2007). Қандай жағдай болмасын медикализация үшін тар-
тыста мол қаржысы, ықпалы және басқа билігі бар топ ұтады.
Достарыңызбен бөлісу: