Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет364/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

65 жас және одан жоғары
Кәрілік кезеңде де отбасылық рөлдер мацызды болып қала береді. 
Зайыбы, балалары, немерелері, ага-інілері мен әпке-сіңлілері болта­
ны үй ішінің амандығына оң эсер етеді. Неке - жогары табысты, ті- 
келей көмекті және қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды 
байланыс. Алайда ерлер өзінен жасы кіші әйелдерге үйленегіндік- 
тен және ерте қайтыс болагындықтан егде жастағы ерлер әйелдерге 
Караганда жиірек отбасын қүрады: 65 пен 74 жас аралыгындаты ер 
адамдардың 78 пайызы, ал сол жастагы әйелдердің тек S7 пайызы 
ғана отбасылы.
Зайыбы бар болса да, жоқ болса да қарттар балаларымен және 
немерелерімен қарым-қатынасты жоғары багалайды. Балалар ата- 
әжелерімен аптасына кем дегенде екі рет кездеседі (Du Toit, Bachtell 
& Haggerty, 2011). Ата-әжелер қажет жағдайда бала күтуші қызметін 
атқара алады, сонымен қатар эмоционалдық және қаржылай қолдау 
көрсетеді. Көпгеген ата-әжелер немерелерімен бірге болғанда өздерін 
бақытты сезінеді (Allen, Blieszner, & Roberto, 2000).
Әке-шешелері мүгедектікке ұшыраған немесе бас бостандығынан 
айырылтан тіптен мүлдем ата-анасыз қалып, қамқорлықсыз қалган 
балалар үшін ата-әженің қадірі артады. Осындай ата-әжелер мен не- 
мерелерден түратын, арадағы үрпақтан айырылған огбасылардың 
кедейлікке үшырау қаупі жотары болады (Newman & Massengill, 2006). 
Ал балаларды патронатты тәрбиелеуге жіберу бүдан да жаман, ол көп 
қиындық тудыратын жүйе болып саналады.

Адамдар қарттардың қатарына
I өткен кезде кутушінің немесе
қызының көмегіне зәру болады. Бүл
жағдай қыздарына ауыр тиеді, өйткені
олар ата-анасы мен балалары үідін
жауапкершілікті сезеді.
21
251


322
11-ТАРА У
Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас әр буын өкілдерінің жас 
мөлшеріне тікелей байланысты. Кәрі адамдар «жастардың» арасына 
түскенде (шамамен 65-тен 80-ге дейінгі жас аралығында) балаларына 
көп көмегін тигізеді (Hogan, Eggebeen, & Clogg, 1993). Олар ипотекалық 
несие алуға, немерелерінің оқуын төлеуге көмектесуі мүмкін неме- 
се жұмысынан айырылған ересек балаларына баспанасын уақытша 
үсына алады.
Алайда адамдар сексеннен асып, «өте кәрілер» қатарына енген 
соң бұрынғы өмір салтын әрі қарай сақтай алмайды. Олардың көбі ке- 
мелденген, өзіне сенімді адамдар болғанымен уақыт өте көмекке зәру 
болады. 85 жастан асқан адамдардың 50 пайызында есте сақтау және 
ойлау қабілетінің нашарлауы байқалады (Jacoby 2011; Gross, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет