Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


гомогамия  деп аталады.  Бір топтагы адамға үйлену  эндогамия



Pdf көрінісі
бет361/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

гомогамия 
деп аталады. 
Бір топтагы адамға үйлену 
эндогамия 
деп аталады. Бұл екі түсінік өза- 
ра ұқсас, өйткені өз тобыңыздан әлдекімнің сізге ұқсауы әбден мүмкін.
Керісінше, сізге ұқсамайтын, өзгеше адаммен отбасын құру гете­
рогамия, 
ал өз тобынан белек адаммен отбасын құру 
экзогамия 
(қара- 
пайым тілде аралас отбасы) деп аталады. Адамдар өзге топтың адамда- 
рымен тең дәрежеде қарым-қатынас құрған кезде гана езара байланыс 
туындауы мүмкін. Мұндай байланыс жоғары білімді адамдардың ара- 
сында пайда болуы ықтимал, өйткені жоғары білімді адамдар үйлену 
жөнінде либералды көзқараста болады (Qian & Lichter, 2007).
Сыртқы келбет оншалықты маңызды емес, ол тек алғашқы назар- 
ды өзіңе аудару үшін ғана керек (Sullivan, 2001). Бірінші кездесуден ке- 
йін сыртқы келбеттің маңызы жойылады.
Ортақ мүдде, ынта, үрей мен құндылықтар анықгалған кезде ал- 
ғашқы қызығушылық байыпты қарым-қатынасқа ұласады (Kalmijn 
1998, Seccombe & Warner, 2004).
Қарым-қатынас бекіген сайын қыз бен жігіт перзентке деген 
көзқарастары және үй шаруасын тең жүргізу жайлы ойларын бөлі- 
се бастайды. Егер жігіт үй шаруасын әйел адам толықтай жүргізу 
керек деп санаса, қыз бүл пікірге күле қараса, онда олардың некелесуі 
екіталай.
Шектеулі неке нарығы
Адамның отбасын құруы жергілікті жердегі «экономикалық 
тартымды» серіктестердің ұсыныстарына да байланысты. 1987 
жылы Уильям Джилиус/Юлий Уилсон этап көрсеткендей, афроа- 
мерикалық әйелдердің тұрмыс құруға ұмтылысы ақ нәсілді әйел- 
дерден төмен болуының себебі - афроамерикалықтардың арасын- 
да білімді, тұрақты жұмысы бар ерлердің жоқтығынан. Басқа да 
зерттеулер көрсеткендей, ер адам жақсы жерде және жоғары та- 
бысты жұмыс істемесе, әйел адамның оған тұрмысқа шығу неме­
се некесіз бірге тұру мүмкіндігі күрт төмендейді (Lichter et al., 
1992; Raley 1996, Teachman, Tedrow, & Crowder, 2000). Шындығында, 
некеге тұруға болатын еркектердің арасындағы айырмашылық 
жалпы неке мөлшерлемесіндегі нәсілдік айырмашылықтардың 
кем дегенде 40 пайызын құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет